Бүгін Димаш Құдайбергеннің туған күні

24 мамыр 2022, 10:22

24 мамырда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туған күнін атап өтуде. Ол 28 жасқа толды. Әнші Instagram парақшасында оқырмандарымен суретімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші ал, сәлем, менің өмірімнің 28-ші жылы, деп фотосының астына жазды.
 
Қолданушылар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерін құттықтап, оның өз саласының үздігі екенін атап өтеді.

Өнер иесінің әпкесі де тілектері бар құттықтау жариялады.

Димаш Құдайберген 24 мамырда Ақтөбеде дүниеге келген.