Гүлзира Айдарбекова құдағиына 3,5 миллионның тонын кигізді (видео)

14 наурыз 2022, 10:55

Продюсер жақында үшінші келінін түсірмек. Ол көпшілікті ұлы Заңғардың қалыңдығы Жібекпен таныстырды.

Қыздың үйіне құда түсіп барған Гүлзира Айдарбекова бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Үшінші келінінің құлағына сырға салуға барған танымал продюсер, оқырмандарына құдаларына әкелген базарлығын да көрсетті. Ол көпшіліктің көзінше құдағиына 3,5 миллионға қымбат қаракүзен тон кигізді.