Кім төбелеспей жатыр. Ақша төлеп шыққан Төреғали таяқ жеген жігітпен кездесті

05 қазан 2022, 16:23

Көлсай көлі маңында гидті соққыға жыққан белгілі әнші Төреғали Төреәлі таяқ жеген жігітпен кездесті, - деп хабарлайды  Alashainasy.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

 

Халықтың көз алдында өскен адам болғандықтан әр әрекетіміз көпшіліктің назарында болып тұр ғой. Әйтпесе, қай ер азамат шекіспей жатыр?


Кімнің аузынан эмоцияға берілген артық сөз шықпай жатыр? Қай қуыста кім төбелеспей жатыр? — дейді Төреғали Төреәлі.

 

Ол осы ретте "Ер шекіспей, бекіспейді" деп Бекарыс бауырымызбен мәмілеге келдік деп жазған.

 

Қарапайым адамға да, өнер адамына да ортақ республикамыздың заңымен құзырлы органдардың тексерісінен өтіп, ресми бітімге келдік. Сүрінгенде сүйеу болған, түңілгенде тіреу болған алаш жұртына көп рахмет! — дейді әнші.