"Қызым әкеңді өлтірген жоқ". Мақпал Жүнісова желіде оқырманын орнына қойды

21 қараша 2022, 14:36

Халық артисі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде қызы Мерейге тіл тигізген әйелге жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К. 

Кеше әнші дауыс беруге сайлау учаскесіне Мереймен бірге барған еді. Сол кезде Халық артисі қызының бюллетеньді жәшікке салып жатқан сәтін видеоға түсіріп, оны Instagram-дағы парақшасына жүктеді.


Қызының суретін жеке парақшасына салғаны сол еді, оқырмандардың бірі Мерейге тіл тигізді. Жалғыз қызын ешкімге жамандатқысы келмейтін Мақпал аузына келгенін жазып кеткен әйелмен ұрсысып қалды.
Неге күлесің? Нашар адамсың. Менің қызым әкеңді өлтірген жоқ. Аузыңа ие бол, — деді Мақпал Жүнісова.


Мақпалдың "аузыңа ие бол" деген сөзінен кейін оқырман өз пікірін өшіріп тастаған. Соған қарағанда, ұяты оянған болуы керек.