"Ирина Кайратовна" тобының мүшелері мен Shiza лақап атымен белгілі әнші Асхат Жолшиевтің сахнадағы әрекеті көптің ашуын туғызды.
Әншілердің концерті 25 мамыр күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті, деп хабарлайды Экспресс К.
Shiza лақап атымен танымал Асхат Жолшиевтің мемлекеттік туды лақтырып жібермек болған сәті әлеуметтік желіге тарап кетті. Алайда, бұл әрекетінен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын түсінген Shiza райынан қайтты. Кейін әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында көпшіліктен кешірім сұрап, неге олай істегенін айтты.
"Ирина Кайратовна" тобының тыңдармандары әншілерден көңілі қалғанын айтты. Көрермендерге бос бөтелке лақтырып, сахна мәдниетін сақтамаған музыканттар ішімдік ішіп алып ән айтқан көрінеді. Келушілер ән кешін ұйымдастырғандардың да жұмысын да сынап тастады.
"Тойынғандар", "Көп мақтап едіңдер...", "Төбеңе көтеріп жүрудің орнына бұттың айналасында ұстап, масқаралауды кім қалай түсіндіріп бере алады?!", "Семіздікті қой көтереді", "Сахнадан мән кетті", "Көңілім қалды", — деп жазды желідегілер.