«100 жаңа есім» – Елбасының ерекше бастамасы

«100 жаңа есім» – Елбасының ерекше бастамасы

Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөз­дің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуел­сіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнері­мен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш. Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек.

 

Нұрсұлтан Назарбаев

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың сәуір айындағы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына назар аударуды ұсынды. 1. Ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту. 2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиалық алаңын қалыптастыру. 3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.

 

Бұл жоба белгілі бір азаматтардың абыройын асқақтатып, беделін арттыру үшін жұмыс істемейді. Жобаның мақсаты - замандастарымыздың тағдыры, еңбек жолы арқылы Қазақстанның бүгінгі келбетін көрсету, оларды жастарға үлгі ету, насихаттау. Өйткені үгіт-насихат мемлекеттік саясаттың маңызды бір бөлігі. Ал, идеологияның болмауы немесе дұрыс жүргізілмеуі ел дамуына кері әсерін тигізеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұған көз жеткіздік. Бір ғана мысал; білім саласында бағыт бағдардың болмауы қоғамда бірқатар проблема туындатты. Жастарымыз, жапатармағай, заңгер, қаржыгер болуға талпынды. Салдарынан жастар арасында жұмыссыздық көбейді. Сонымен қоса, заман үрдісіне сай мамандық иелерінің тапшылығы орын алды. Бұл мәселені шешу мақсатында, Елбасының бастамасымен, Үкімет бірқатар бағдарлама қабылдап, жүзеге асырды.

 

Идеология жайлы сөз қозғағанда Кеңес үкіметінің идеологиясына тоқталмай кетуге болмас. Кеңес үкімметі тұсында үгіт-насихат жұмыстарының қаншалықты мықты болғанын аға буын жақсы біледі. Пионер, комсомол ұйымдары арқылы жастарды жетегіне жүргізіп, партия ұйымдары арқылы барша халықты бір идеологияға ұйытып, әр азаматты сол идеологияға қызмет жасатты. Алайда, коммунистік партияның үгіт-насихаты белгілі бір ұлттың мүддесіне жұмыс істеді. Сол арқылы өзге ұлттардың өсіп-өркендеуіне жол бермеді. Нақты мысал келтірер болсақ, Қазақстанда малшы мамандығы дәріптелді. Дүкенде болмайтын импорттық заттар ең алдымен, автодүкендер арқылы шопандарға жеткізілді. Кез келгеннің қолы жетпейтін парсы кілемдері малшыларға сыйға берілді. Шопандар, тіпті «мен» дегеннің қолы жетпейтін «ГАЗ-24» Волга автомашинасын да сыйға алды. Арнайы бағдарлама жасалып, малшы жастар бригадалары құрылды. Мектеп бітірген ауыл жастары малшылар бригадасына жіберілді. Бағдарламаға сәйкес, жоғарғы оқу орынына түсу үшін жастарға малшылар бригадасында жұмыс істеу міндеттелді. Бұл қазақ жастарының жоғарғы білім алуына кедергі келтірді. Ол кезде қазақтардың басым көпшілігі ауылда тұрғанын ескерсек, бұл қазақ халқына жасалған қиянат екені түсінікті.

 

Кеңес үкіметі тұсында білім мен ғылым саласында да жетістікке жеткен қазақ азаматтары аз болған жоқ. Алайда, олардың жетістіктерін дәріптеу былай тұрсын, ол жайлы ешкім, еш жерде жақ ашпады. Қазақ ғалымдарының жетістігі тасада қалып отырды. Бұл - Коммунистік партияның саясаты болатын. Ал, оған қарсы шығу мүмкін емес еді. Өйткені, ол кезде партияның саясатына қарсы шығу – Отанға қарсы шығу деп танылды.

 

Кеңес үкіметі кезінде әртүрлі комсомол-партия қызметтерін атқарған Нұрсұлтан Назарбаев бұл проблемадан хабардар болды. Сондықтан да Елбасы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына ұлтына, нәсіліне, нанымына қарамастан, кез келген қазақстан азаматы қатыса алатынын айрықша атап өтті. Сондай-ақ «100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Халықтары ассамблеясына жүктелді. Бұл өзге ұлт пен ұлыс өкілдерінің жобадан тыс қалып қоймауын қамтамасыз ететіні сөзсіз. Өйткені, Қазақстан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүретін, ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел.

 

Ұлт көшбасшыс Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған аталмыш жоба еліміздің түкпір-түкпірінде жастарға үлгі етуге тұрарлық, қоғамның әр саласында аянбай еңбек етіп жүрген мыңдаған замандастарымыздың бар екенін көрсетті. Алғашқы жылы «Қазақстандық 100 жаңа есім» жобасының ресми порталына 2098 электронды өтінім келіп түсті. Ал жобаның екінші кезеңіне қатысуға 2 388 азамат өтінім берген. Үшінші кезеңде өтінім бергендер саны екі мыңға жуқтағын.

 

Жоба талаптары да әр кезеңінде өзгеріп отырды. Алғашқы кезеңде жобаға 18 жасқа, яғни кәмелеттік жасқа толған, ел дамуыне елеулі үлес қосып жүрген кез келген Қазақстан азаматтары қатысты. Оған қоса бірінші кезеңде үміткерді екінші бір адам ұсынуы міндетті болды. Ал кейіңгі кезеңде жеңімпаздарды іріктейтін қазылар алқасы құрылды. Сонан соң үміткерлердің жас мөлшеріне шектеу қойылды. Яғни, жобаға қатысушы азаматтың жасы 39-дан аспауы тиіс деп ұйғарылды. Сондай-ақ, үміткерлерге жобаға қатысу үшін өзін-өзі ұсыну мүмкіндігі берілді. Бұл біріншіден, үміткерлердің мүмкіндігін арттырса, екіншіден, жастардың жетістігін көрсете отырып, өскелең ұрпақты ынталандыру еді.
Сонымен қоса, талап бойынша, бұрыннан танымал болған тұлғалар жобаға қатыстырылған жоқ. Жобада тек жаңа есімдер таныстырылды.

 

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының басты ерекшелі - үміткерлерді «қазан құлағын үстаған қазаншылар» емес, қарапайым халықтың таңдауы болды. Ал, бұл сыбайластыққа жол бермейді. Егер де, жобаға қатысушыларды таңдау құқығы билік құлағын ұстағандарға берілсе, туған-туыстық, тамыр-таныстықтың болмауына ешкім кепіл бола алмайды. Өкінішке қарай, біздің қоғамда туған-туыстық, тамыр-таныстық, «бармақ басты-көз қызты» деген түсінік жойылмай тұрғаны жасырын емес.

 

Бұл жобаның тағы бір ерекшелігі жастар арасында қалыптасқан «белгілі бір мәртебелі мамандық иелері ғана табысты, солар ғана жақсы тұрмыс кешеді» деген түсінікті жояды. Өйткені, жоба жеңімпаздары тізіміне көз салсаңыз, түрлі саланың мамандары екеніне көз жеткізесіз. Яғни, бұл кез келген мамандық иесі танымал бола алатынын, мол табысқа жете алатынын көрсетіп отыр. Ол үшін өз мамандығыңды жан-тәніңмен сүйіп, ерінбей еңбек ету қажет.

 

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы тәуелсіз Қазақстан тарихының бір көрінісі деуге болады. Өйткені, жоба жеңімпаздарының еңбек жолы, тағдыры тәуелсіз Қазақстан тарихымен тікелей байланысты. Олар тәуелсіз Қазақстанның әр өңірінде, әр кезеңде, әр салада еңбек етті. Олардың еңбек жолдары да, тағдырлары да әр қилы. Егемендіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарды да олар тәуелсіз Қазақстанмен бірге бастан кешірді. Демек, жоба жеңімпаздарының жетістігі – тәуелсіз Қазақстанның жетістігі.

 

Қорыта айтқанда, «100 жаңа есім» – бұл тәуелсіз Қазақстан тарихын 100 есімге сыйғызған Елбасының ерекше бастамасы. Бүгін біз «100 жаңа есім» жобасы арқылы заманауи, мобильді, бәсекеге қабілетті Қазақстанның жаңа толқыны қалыптасқанына көз жеткіздік. «100 жаңа есім» жобасы – бұл өскелең ұрпақты жеңіске, табысқа жетуге жетелейтін 100 алгоритм.

 

Бүгінгі таңда өткен жаужүрек батыр бабаларымызды, орақ тілді билеріміз бен жырауларымызды дәріптеп қана қоймай, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның еңбек майданында ел дамуына ерен үлес қосып жүрген тұлғаларды насихаттаудың маңызы зор.

 

Қалдар Кумекбаев

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста