«100 жаңа оқулық» жоғары білім жүйесін реформалаудағы маңызды жоба

«100 жаңа оқулық» жоғары білім жүйесін реформалаудағы маңызды жоба

Ғылыми таным – заманауи ұлттың
бәсекеге қабілетті болуының басты шарты.
Жаңа оқулықтар білімнің нағыз энциклопедиясы болып саналады.
Бүгінде оқу әдісі ғана емес, сондай-ақ оның мазмұны да маңызды.
Осыған орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бес жылға арналған
жалпыұлттық білім беру ісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


Нұрсұлтан Назарбаев


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында тұтас қоғамның және әрбір қазақстан азаматының санасын жаңғыртудың басты алты бағытын атап көрсетті. Солардың бір - «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Аталмыш жобаның басты мақсаты - гуманитарлық білімнің мазмұны мен сапасын арттырып, әлемдік деңгейге көтеру.

 

«Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы науқандық шара емес. Білім мен біліктілікті әлемдік деңгейде ұстап тұру үшін ұдайы ізденіс, заманға сай тоқтаусыз жаңару қажет. «100 оқулық» жобасы осы мақсатқа жетудегі басты бастама.

 

Кеңес үкіметі тұсында гуманитарлық ғылымдардың коммунистік партияның саясаты мен идеологиясына қызмет еткені ешкімге құпия емес. Коммунистік партия Батыстың жағымсыз дүниелерін іріктеп алып, соны ғана көрсетіп, жастарды еуропа мәдениетінен, әдебиетінен бойды аулақ ұстауға үгіттеп отырды. Кеңес үкіметі жастары үшін АҚШ-тың, Англияның, Францияның үздік оқу орындарында білім алу қол жетпес арман болды. Ал, ол, қазақ баласының түсіне де кірмейтін. Тіпті, қазақ балалары үшін қазақ тіліндегі оқулықтың өзі арман еді. Ол жоғарғы оқу орындарында оқыған қазақ балаларының жоғары деңгейде білім алуына, білікті маман болуына кері әсерін тигізгені сөзсіз.

 

Кеңес үкіметі құлады. Коммунистік саясат құрыдымға кетті. Алайда, социалистік саясаттың салқыны әлі күнге сезіліп тұр. Еліміз тәуелсіздік алып, егемендіктің жылы лебі есті дегенмен, жылуы әлі жеткіліксіз болып отырғаны жасырын емес. Иә, егемендік алғаннан кейін қазақстандық жоғарғы орындарында қазақ тілінде оқытылатын сабақтардың үлесі артты. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында қазақ тілінде оқытылып жатқан сабақтардың үлесі 70 пайызға жеткен. Алайда, сабақ қазақ тілінде жүргізілгенмен қазақ тіліндегі оқулықтар жоқтың қасы. Яғни, қазақ балалары қажетті материалдарды өзге тілдегі, көп жағдайда орыс тіліндегі оқулықтардан өздері аударып оқуға мәжбүр. Яғни қазақ баласы қажетті біліммен сусындау үшін алтын уақытын екі есе артық сарыптап отыр. Бұл мәселе қазақ тілді ақпарат құралдары беттерінде талай көтерілді.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ қазақ жастарының білімін, біліктілігін арттыруға аса көңіл бөлді. Жастарға әлемнің үздік оқу орындарында білім алуға жағдай жасады. 1993 жылы 5 қарашада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Шет елдерде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясын белгілеу туралы» № 1394 Қаулысы шықты. Бұл елде «жабайы капитализм» жайлап, жұмыссыздық белең алып, экономика құлдырап тұрған кезеңмен тұспа-тұс келді.

 

Соған қарамастан, Қазақстан Кеңес үкіметі шекпенінен шыққан елдер арасында алғаш болып жастардың мемлекет есебінен шетелде білім алуына жол ашты. «Болашақ» бағдарламасы аясында 1994 жылы алғашқы 187 талантты жас шетелге білім алуға аттанды. Бағдарлама қабылданған алғашқы жылдары «Болашақ» стипендиясын негізінен экономикалық және гуманитарлық факультеттердің түлектері иемденді. «Болашақ» стипендиясына ұсынылғандар қатарында инженерлік және техникалық факультет түлектері аз болды. Бұл шет тілдерінің аз көлемде оқытылуымен байланысты еді. Әрине бұл елімізде инженерлік және техникалық білім алған жастардың шет елде біліктілігін шыңдауына кедергі келтірді. Ал инженерлік және техникалық білімі бар білікті маман елдің инновациялық дамуы үшін ауадай қажет еді. Осыны ескерген Елбасы жаңа Жарлыққа шығарды. Жарлыққа сай, 2000 жылдан бастап, «Болашақ» стипендиясын тағайындау кезінде үміткерлерге қойылатын, шет тілінің біреуін еркін меңгеру туралы талап алып тасталынды.

Осылайша, инженерлік және техникалық мамандықты тәмәмдаған жастардың шет елде білім алуына мүмкіндік туды.
«Болашақ» стипендиясы иегерлері алғашқы жылдары АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция елдерінде білімін шыңдаса, бүгінгі таңда әлемнің 30-дан астам елінде біліктілігін арттыруда. Осы күнге дейін қазақстандық оқу орындарының 13 мыңнан аса түлегі шетелде білімін шыңдап, заман талабына сай білікті маман атанды.

 

Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ жастарын қолдауды Қазақстан Республикасы Президенті болғаннан кейін ғана қолға алған жоқ. Әркез жастардың жағдайымен етене таныс болып жүретін Елбасы Кеңес үкіметі тұсында түрлі деңгейдегі партиялық қызметте болған кездерінде қазақ жастарын қолдап жүрді. Ол өзінің отансүйгіштігін, ұлтжандылығын коммунистік партияның қылышынан қан тамып тұрған түста да көрсете білді. Әрине, ол кезде коммунистік партияның саясатына ашықтан-ашық қарсы шығу мүмкін емес еді. Әйтсе де, Елбасы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарып жүрген кезде қазақ жастарына қолдау көрсетті. Қазақ жастарының комбинатқа жұмысқа орналастыруына, білікті жастардың қызметтік дәрежесінің өсуіне қолғабыс жасады. Елбасының отансүйгіштігі, ұлтшылдығы, қазақ жастарына көрсеткен қолдауы жайлы замандастары БАҚ беттерінде жарияланған сұхбаттарында талай айтып жүр.

 

«Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылатын кітаптарға ғана емес, ғалымдар мен аудармашыларға да қойылған талап жоғары болды.

 

100 жаңа оқулыққа қойылған талап:

 

• әлемнің ең озық 100 университетінің оқу бағдарламасында болуы;

• кемінде үш басылымда жарық көруі және соңғы 3 жылда басылып шығуы;

• мазмұнының бейтарап сипатта болуы;

• заманға сай, түрлі интерактивті қосымшаларының болуы.

 

Жобаны жүзеге асыру мақсатында «Ұлттық аударма бюросы» құрылды. «Ұлттық аударма бюросы» мамандары жоғарғы оқу орындары тарапынан ұсынылған 800-ден аса оқулық арасынан талапқа сай, ең қажетті деген 100 кітап таңдап алды. 2017-18 жылдары таңдаулы 100 оқулықтың 47-сі қазақ тіліне аударылып, еліміздегі 132 университеттің игілігіне берілді. Оқулықтар, негізінен, ағылшын, француз және орыс тілдерінен аударылда. 2018-2019 оқу жылынан бастап, жаңа оқулықтар университеттердің оқу бағдарламасына енгізілді. 2020 жылы таңдаулы 100 кітап толықтай адарылып, басып шығарылады және жоғарғы оқу орындарына берілетін болады.

 

Мамандардың айтуынша, «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы гуманитарлық білімнің көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, дамудың жаңа белесіне көтереді. Сондай-ақ, аударма ісінің дамуы мен ғылыми аударма мектебінің қалыптасуына айрықша ықпал етеді.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ««Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы отандық жоғары оқу орындарын дүниежүзінің ең озық тәжірибелерімен сусындата отырып, оны әлемдегі маңдайалды университеттер деңгейіне шығаруға жол ашады» - деген болатын.

 

«Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қазақстандық жоғары білім беру жүйесін заман талаптарына сай реформалаудағы маңызды қадам болып табылады. Мамандардың пайымдауынша, аталмыш жоба 100 оқулықпен шектеліп қалмауы тиіс. Өйткені, білім жүйесі заман талабына сай әркез реформаланып отыруы қажет.

 

Қалдар Кумекбаев
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста