«ALTAI» телеарнасы алпыс жылдық мерейтойын атап өтті

«ALTAI» телеарнасы алпыс жылдық мерейтойын атап өтті

Жуырда «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының облыстық филиалы – «ALTAI» телеарнасы өзінің алпыс жылдық мерейтойын атап өтті. Іс-шарада сала ардагерлері мен еңбеккерлері құрмет грамоталарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталды.

1958 жылы Қазақ телевидениесі сол кездегі Қазақ кеңестік социалистік республикасының бас қаласы – Алматы шаһарынан алғаш хабар тарата бастады. Ал аталған жылдың 15 наурызында өскемендік телеорталық тұңғыш бағдарламасын шығарды. Яғни, Өскемен телестудиясы – еліміздегі тұңғыш аймақтық арна. Осы сәттен еліміздегі телевизиялық хабар тарату тарихы бастау алады. Сол себепті 60 жыл – тек біздің өңіріміз үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл отандық журналистика саласы үшін де айтулы асу, биік бір белес.

Алпыс жылдық тарихы ішінде арна жан-жақты дамып, заман ағысынан қалмады, қазіргі кезде уақыт талабына сай өнім шығаруда. Соңғы жылдары «Қазақстан-Өскемен» аталып келген телеарна 2017 жылғы ребрендингтен соң, «ALTAI» атауына ие болды.

Мұнымен қоса, мерейтой аясында облыстық телестудиясының жаңадан құрылған мұржайы да таныстырылды. Мұнда телеарнаның қалыптасу тарихынан сыр шертетін құнды әрі бірегей жәдігерлер жиналған. Мұражайға келушілер операторлар осыдан елу жыл бұрын қолданған алғашқы бейнекамераларды, алғашқы студия қызметкерлері бейнеленген сирек фотосуреттерді көре алады.

Мерекенің салтанатты бөлігі барысында журналистиканың дамуына үлкен үлес қосқан телеарна ардагерлері мен қызметкерлері облыс әкімі Даниал Ахметовтің грамоталарымен, Ақпарат және коммуникация министрлігінің, «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының «Қазақ телевидениесіне – 60 жыл» мерейтойлық медальдарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

– 60 жыл – бұл тек біздің өңіріміз үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл отандық журналистика үшін де маңызды дата. 2018 жыл бүкіл қазақстандық телевидение үшін мерейтойлы жыл болып отыр. Өскеменде сонау 1958 жылы облыстық телестудия ең алғашқы болып пайда болды және әрдайым мазмұн сапасымен, бағдарламаларының саналуандығымен, қызметкерлерінің жоғары шығармашылық деңгейімен тек үздіктер қатарынан табылып отырды. 1959 жылдан-ақ кино өндірісі жолға қойылды, ал 60-шы жылдардың басында режиссер Павел Бортниктің, операторлар Анатолий Лаптев пен Владимир Москалюктің алғашқы фильмдері жарық көрді. Айталық, «На медведя» фильмі Монте-Карло қаласында өткен халықаралық фестивальда бас жүлдені жеңіп алды.
Өңірлік телевизияның өсіп-өркендеуіне Юрий Окшин, Саид Фазылов, Заря Ақылбаева, Клара Кәкенова, Фарида Мұхамеджанова, Раиса Рақышева, Валерий Реснянский, Салиха Қайсақызы, Валентина Райхель, Вера Лазарева және өзге де көптеген ардагерлер мол үлес қосты. «ALTAI» облыстық телевидениесі камераларының объективіне аймақтың және тұтас еліміздің маңызды оқиғалары, айтулы даталары және ауқымды іс-шаралары түскен. Осының бәрі де ұжымдағы үйлесімді жұмыстың, кәсіби шеберліктің және шығармашылық әлеуеттің арқасында мүмкін болып отыр, – деді телестудия ұжымын қуаныштарымен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

«ALTAI» телеарнасында жаңа маусымда тың жобалардың пайда болғаны облыс жұртшылығын қуантып отыр. Әсіресе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Рухты Алтай», «Қазына», «Латын ғасыры», «Алтай есімдері», «Киелі Алтай» сынды жобаларды атауға болады. Арна контенті объективтілік, жеделдік және өзектілік сынды қағидаттарға негізделген.

Сонымен бірге, телестудия ұжымы отандық журналистика саласының майталман мамандарынан құттықтау лебіздер қабылдады.

Шараға арнайы келген «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, ардагер журналист Нұртілеу Иманғалиұлы шынтуайтындаӨскемен телестудиясы хабарларын Қазақ телевидениесінен сәл ертерек тарата бастағанын айтып, «Қазақ телевидениесінің кіндігі – Шығыста» деп атады.

– Теледидар – барлық үйде тұрған «қара жәшік», адамдар әркез сол жәшіктен жағымды жаңалықтарды және ақиқатты күтеді. Біздің облыстық телевидение әркез тек шынайы деректерді таратады. Бұл – ұжымның мәртебесі. Жас мамандар аға буыннан барлық тәжірибені бойларына сіңіре отырып, жылдам өсу үстінде. Эфир оң қарқынмен дамып, деңгейі өсе түсуде. Осы жайт мені ерекше қуантады, – деді өңірдегі тележурналистика ардагері Юрий Окшин.

Ержан Әбіш

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста