Рухани жаңғыру

Әкемтеатр еліміздің батыс өңіріне гастрольдік сапарын Ақтөбеден бастады

  • Әкемтеатр еліміздің батыс өңіріне гастрольдік сапарын Ақтөбеден бастады

    Әкемтеатр еліміздің батыс өңіріне гастрольдік сапарын Ақтөбеден бастады

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры еліміздің батыс өңірінде гастрольдік сапармен жүр. Театр гастрольдік сапарын Ақтөбе қаласынан бастады. 1 мамыр мен 5 мамыр аралығында театр труппасы Ақтөбе қаласында аялдап, Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында алты қойылымды сахналады.

Сапар барысында КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов пен театрдың директоры Асхат Маемиров журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді.

Театрдың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов өңірдегі көрермендерге мән-мағынасы терең, тәрбиелік маңызы зор шығармаларды ұсынбақ екенін айтты.

– Бұл өңір тарихта ұлы адамдар шыққан қасиетті жер ретінде қалатыны белгілі. Сол себепті біз тұлғаларға тағзым ету мақсатында да келіп отырмыз. Ақтөбе қаласы өсіп, дамып, жақсы жағына қарай өзгеріпті. Мысалы «Жұбановтар әлемі» орталығын айтар болсақ, тәлім алатын тұстары көп. Әрине бұл, бір жағынан, басшылыққа да байланысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тәжірибесі мол, жақсы басшы. Өзіме ұнайды, — деді даңқты актер Асанәлі Әшімов.

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған өнер сапары барысында театр әртістер «Актерді өлтірген кім?», «Ақтастағы Ахико», «Бейбарыс сұлтан», «Таңсұлу» және «Сыған серенадасы» қойылымдарын сахналады.

Театр ұжымы Ақтөбе қаласында ғана болмай аудан орталықтарында да спектакль қойды. Облыс орталығынан 40 шақырымдай қашықтықта орналасқан Шәмші Қалдаяқов атындағы ауылға барды. Бұл ауыл 2007 жылдан бастап ұлы композитор атынмен аталады. Бұған дейін, осы елден шыққан Пацаев деген ұшқыштың атында болған. Ауыл сахнасында Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты поэтикалық драмасын сахналады.

– Біз бүгін керемет, басқа театрлар әлі бастан кеше қоймаған, ғажайып сәтті басымыздан өткеріп тұрмыз. Өйткені, Қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов театры Шәмшінің рухы, Шәмшінің атын алған, сол Шәмші атамыздың ата-бабасының қаны тамған, кіндігі кесілген жерге келді. Қазақтың тарихы тереңде жатыр. Шәмші атамыздың, бізде осы елде тума-туысқандары тұрады. Мына жерде ел аралаған адамдар біледі, Жағалбайлы руынан «Берікқұл аулие» дейтін атамыз, Жағалбайлы «Сәркі» дейтін батыр жатыр. Осының бәрінің шыққан тегіне қарап отырсақ, Шәмші атамыздың тегін емес екендігін ұғынуға болады. Бірақ енді тарих осылай Шәмшіні бүкіл қазаққа қылу үшін даңқын, атағын биікке көтерді. Сондықтан Қазақ өнерінің қара шаңырағы, Әуезов театрының осы жерге келуінің өзі үлкен көрегенділік. Басқа өнер әлемінде қызмет етіп жүрген күллі өнерпаздарға көрсеткен үлкен өнегесі, тәрбиесі деп ойлаймын, - деді Т.Ахтанов театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Орал Байсеңгір.

Еліміздегі ең ірі театрдың қоржынында елуден ден астам туынды бар. Кәсіби білікті тоқсан екі актер жұмыс істейді. Театр Ақтөбеден кейін Орал қаласына баруды жоспарлап отыр.

– Ақтөбе, Орал, келесі жолы Маңғыстау, Атырау, Арқалық қаласына барамыз. Сонымен қатар Астананың 20 жылдығына арналған «Алатаудан Сарыарқаға сәлем» деген арнайы гастрольдік сапарымыз болады. Біздің театр қазір өзінің көркемдік деңгейі мықты қойылымдарымен мақтана алады. Оның сыртында биыл біздің театрымыз «Қорқыт» қойылымымен Францияда өтетін дүниежүзілік «Авенью» театр фестиваліне барамақпыз, - деді М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Асхат Маемиров.


Қазақстан Респуликасының мәдениет cаласын дамыту тұжырымдамасына сәйкес, жалпы қазақстандықтардың мәдениетке қатысты саналы қатынасын өзгерту көзделгені белгілі. Мәдениет рухани өсімнің, қоғамның идеологиялық дамуының өзегі ретінде қаралып отыр. Сондықтан осындай гастрольдік сапардың өңір мәдениетін дамытуға қосар үлесі зор.


Таңат Жайлау




Көрілген: 5662    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.05.2018, 22:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31