Рухани жаңғыру

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың халық алдындағы есептік кездесуі өтті

  • mic.gov.kz

    mic.gov.kz

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың халық алдындағы есептік кездесуі өтті. Жиынға Астана қаласының тұрғындары, сарапшылар қауымдастығының және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Кездесу барысында Дәурен Абаев ведомствоның бір жыл көлемінде атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады, - деп хабарлайды Алаш айнасы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Баяндамадан соң министр жиынға келген азаматтардың, видеоконференция арқылы еліміздің өзге де аймақтарының және министрліктің ресми сайтына келіп түскен сұрақтарға жауап берді.


Биыл министрлік кезең-кезеңімен көрермендерімізді цифрлық телерадио хабар таратуға қоса бастайды. 2018 жылдың аяғына дейін Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары толық цифрлық хабар таратуға көшеді. Ал өзге аймақтарды цифрлық хабар таратумен қамтамасыз ету 2020 жылдың аяғына дейін аяқталады деп жоспарланған.


Сондай-ақ «Ақпаратқа қолжетімділік» Заңын жүзеге асыру аясында «Ашық үкімет» жобасы жүзеге асырылуда. Осы арқылы кез келген азамат мемлекеттік органдардың бірінші жетекшілеріне блог-платформалар арқылы сұрақтарын қойып, «Ашық диалог» порталында интернет-конференцияларға қатыса алады. Бұл құрал халық пен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.


Өткен жылы қабылданған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарының бірі елдегі Интернет-инфрақұрылымын дамыту болып табылады.


Қазіргі уақытта еліміздегі 13 миллионнан астам адам жоғары жылдамдықтағы Интернетке қол жеткізді. Халық саны 10 мың адамнан тұратын елді мекендер 3G байланысымен қамтылған, 50 мыңнан астам тұрғыны бар мекендер 4G стандартымен қамтылған. Өткен жылы еліміздің барлық аудан орталықтары төртінші ұрпақтағы Интернет желісімен қамтылды.


Министрліктің бұдан кейінгі міндеті кеңжолақты Интернетті ауылдық елді мекендерге жеткізу болып табылады, ол үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасына сәйкес тиісті жұмыс жүзеге асырылуда.


Жоба аясында 2021 жылға дейін жоғары жылдамдықтағы Интернетпен жалпы саны 2 миллионнан астам тұрғыны бар 1249 ауылдық елді мекен қамтылатын болады.


Бағдарлама аясында іске қосылған жобалардың ішінде Дәурен Абаев «Электрондық еңбек биржасы» және электронды коммерцияны дамыту үшін құқықтық жағдай жасалғаны туралы айтты.


Халыққа электронды мемлекеттік қызмет көрсету саласында Ақпарат және байланыс министрлігі жүйелі жұмыс атқаруда.


Сонымен, бүгінгі күні «электрондық үкімет» порталы 235 қызметті алуға мүмкіндік береді, e-License.kz электрондық лицензиялау порталы - 399 автоматтандырылған қызмет түрін көрсетеді.


2017 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы 34 миллионнан астам қызмет көрсетілді, «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы 1 миллионға жуық лицензиялар мен рұқсаттар берілді. E-gov.kz порталы арқылы 2012 жылдан бастап 135 мыңнан астам компания ашылды.


Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы барлық мемлекеттік қызметтердің 83% -ын (621 қызмет) көрсетеді. Өткен жылы ол 38 миллион қызмет көрсетті, ағымдағы жылдың басынан бері 10 миллионнан астам қызмет көрсетілді.




Көрілген: 3443    Пікірлер: 0

жұма, 18.05.2018, 00:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31