Рухани жаңғыру

Ақтөбеде Астананың 20 жылдығына арналған елордалық шығармашылық ұжымның гастролдік сапары өтіп жатыр

  • Ақтөбеде Астананың 20 жылдығына арналған елордалық шығармашылық ұжымның гастролдік сапары өтіп жатыр

    Ақтөбеде Астананың 20 жылдығына арналған елордалық шығармашылық ұжымның гастролдік сапары өтіп жатыр

Ақтөбеде Астананың 20 жылдығына арналған елордалық шығармашылық ұжымның гастролдік сапары өтіп жатыр. Үш күн ішінде ақтөбеліктер әншілердің өнерін, үздік қойылымдар мен экспозицияны тамашалады, деп хабарлайды Алаш айнасы Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.


Аймақтағы елорда күндерін «Астанадан ақ тілек» мерекелік концертімен ашты. «Өнер орталығы» концерт залында ақтөбеліктер үшін «Сарыарқа» халық әндері ансамблі, «Шалқыма» халық биі, эстрадалық би, классикалық, эстрада және халық вокалының солистері өнер көрсетті.


Шығармашылық кештің шырайын еліміздің ең сұранысқа ие әзілкеші Тұрсынбек Қабатов аша түспек. Онымен бірге сахнада отандық эстрада жұлдыздары да мерекенің жандандыра түседі. Сахнада Бейбіт Қорған, Клара Төленбаева, Ринат Малцагов, Қайрат Баекенов және «Формат» тобы, Арт-Домбыра жобасы өздерінің хит әндерін шырқайды. 


Келесі күні ақтөбеліктер оларды Open air форматында өтетін кеште тағы көре алады. Көл-көсір шаттық пен жарқын әзілдер, нон-стоп музыкасы өз қонақтарын күтеді. Онда көрермендер кешкісін еліміздің бас қаласының 20 жылдығына арналған концертте танымал артистерді тікелей сахнадан тамашалайды. Ашық аспан астында «Фонограммасы аз – әуені көп» атты ұранмен өтетін концертте жүргізуші тек мерекелік атмосфераны ғана емес, жас астананың қалыптасу жолдарын да еске салып тұрады. Дискотека форматында өтетін концерт 13 мамыр сағат 20:00-ден 23:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Орталық саябағында өтеді. 


12-13 мамыр күндері Т. Аханов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры «Жұт» драмасы мен «Қызыл орамалды шынарым» қойылымын ұсынды. Башқұрт Республикасының қоғам қайраткері, режиссер А. Абушахмановтың «Жұт» спектаклін драматург О. Жанайдарова астана театры үшін лайықтап қойды. 


Гастролде тағы бір Ш. Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» атты шығарманың желісі бойынша театрдің көркемдік жетекшісі Талғат Теменовтің спектаклі ұсынылды.


Мәдени бағдарламаны бас қаладан келген қонақтар Астана қаласының Қазақ оркестрі мемлекеттік академиялық филармониясының «Елордадан елге сәлем» атты концерті толықтыра түспек. Аталмыш концерт 13 мамыр күні сағат 17.00-де «Өнер орталығының» концерт залында болды. Оркестрмен бірге сахнада «Шалқыма» би ансамблі, эстрада, халық және классикалық вокалдың солистері өнер көрсетті. 




Көрілген: 4983    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.05.2018, 11:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30