Ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және қоршаған орта

Әлемге ядролық қаруды таратпау туралы жаңа шарттарды қамтамасыз ету қажет

  • Әлемге ядролық қаруды таратпау туралы жаңа шарттарды қамтамасыз ету қажет

    Әлемге ядролық қаруды таратпау туралы жаңа шарттарды қамтамасыз ету қажет

Мұндай пікірді Вудро Вильсон атындағы Халықаралық ғылыми орталықтағы Кеннан институтының директоры Мэттью Рожански Нұр-Сұлтандағы "Астана клубының" V отырысында айтты.
"Ядролық қаруды таратпау жүйесін кеңейту әлемдік ядролық державалармен жұмыс істеудің жаңа жағдайларына алып келеді. Нәтижесінде ядролық қаруды таратпау туралы жаңа шарттарды қамтамасыз ету қажет", - деді ол.
Көптеген елдер қарусыздану мәселесі шеңберінде қолданыстағы ережелер мен нормаларға сенбейді. Спикердің айтуынша, ядролық қарусыздану жөніндегі жаңа стратегияларды әзірлеу қажет.
11-12 қараша күндері "Назарбаев орталығында" саяси форум форматында беделді халықаралық пікірталас алаңы - "Астана клубының" бесінші отырысы өтуде. Іс-шараға әлемнің 50-ден астам топ саясаткерлері, Еуразия зияткерлері мен халықаралық қатынастар саласындағы үздік мамандар қатысуда.

Негізгі спикерлер қатарында Ауғанстан Президенті Хамид КАРЗАЙ, Словения Президенті Данило Тюрк, Нобель сыйлығының лауреаты (2005), МАГАТЭ Бас директоры (2013-2014) Мохаммед Эль-Барадеи, JP Morgan Chase Басқарма Төрағасы, International төрағасы Джейкоб ФРЕНКЕЛЬ, Ресей стратегиялық зерттеулер институтының директоры, РФ үкіметінің төрағасы (2004-2007), РФ Сыртқы барлау қызметінің директоры (2007-2016) Михаил Фрадков және т.б. бар.
Отырыстың күн тәртібінде – қауіпсіздіктің өзекті және Үлкен Еуразияның стратегиялық болашағы мәселелері. Бес сессия шеңберінде клуб қатысушылары Еуразия елдері мен халықтарының дамуындағы аса өткір проблемалық трендтерді, өңірлік ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерді, сондай-ақ болашақ контуры мен сценарийлерін талқылайды.
Тұжырымдамалық тұрғыда барлық пікірталастар басты мәселе – үлкен Еуразияда ынтымақтастықтың жаңа архитектурасын құру төңірегіне шоғырланған.
Іс-шара аясында "2020 жылы Еуразия үшін Топ - 10 тәуекел" рейтингінің кезекті шығарылымы – Әлемдік экономика және саясат институты Астана клубының қамқорлығымен шығарылатын әлемнің жетекші сарапшыларының стратегиялық форсайты таныстырылды.
Клубтың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры және қор жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты.
 




Көрілген: 2094    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.11.2019, 17:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31