Ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және қоршаған орта

Алматы қаласынның экологиялық ахуалын жақсарту басты назарда

  • Алматы қаласынның экологиялық ахуалын жақсарту басты назарда

    Алматы қаласынның экологиялық ахуалын жақсарту басты назарда

Алматы қаласынның экологиялық проблемалары жетерлік. Екі миллионға жуық тұғыны бар еліміздің ең ірі қаласы саналатын Алматынның экологиясына сыни пікірлер жиі айтылатын жасырын емес. Тұрғындарынан бөлек тіршілік қамымен қалаға келіп кетушілердің өзі қаншама. Табиғаты әсем қаланның ауасы лас деген сөз желдей есіп екінің бірінің аузында жүр. Ақ басты Алатаудың баурайында орналасқан жасыл желекті көркем шаһардың қайнаған тіршілігі мен өндірісі бар. Оған қаптаған автокөліктен бөлінетін құрамында көміртек оксидтері сияқты зиянды заттары бар түтінді қосыңыз. Ашық дереккөздердегі мәліметтерге жүгінсек, ауаға автокөліктен бөлінетін газдардың құрамында жиырма бес пайызға жуық қорғасын бар екені белгілі болыпты. Олар ауда ұзақ уақыт сақталады екен. Осындай лас ауамен күнделікті дем алу адам ағзасына және өсімдіктер мен жан-жануарларға өте зиянды екен. Зиянды заттарға толы ауамен демалғаннан жыл сайын миллиондаған адамнның көз жұматына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таратқан мәліметтерде анық айтылған.
Әсем шаһардың басты мәселесіне айналған осындай түйткілді шешу үшін жылдар бойы көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Айталық, 2020 жылдың 19 ақпанында "Алматы қаласы бойынша экология департаментінің 2019 жылғы қызметінің қорытындылары және Алматы қаласының экологиясына қатысты проблемалық мәселелер туралы" есеп беру кездесуі өтеді деп жоспарланып отыр. Жиын осы мекеменің мәжіліс залында сағат 10:00-де басталмақ.
Ал өткен сенбі күні экология мәселесін талқылаған Тұрақты даму комитетінің кеңейтілген отырысы өткен. Басқосуғада экобелсенділер мен қала әкімдігінің арасында өзара ашық диалог болды.
Қаладағы іскерлік кеңесінің жанында экологиялық мәселелермен айналысатын тұрақты даму комитеті жұмыс істейтінің ерекше атап өткен жөн болар. Тағы бір айта кетерлігі комитеттің төрағасы мен мүшелері түгелдей кәсіпкерлер мен меценаттар. Бұл Air Vision тәуелсіз экологиялық қоры ауаның ластану деңгейін мониторингілеп, шаһардағы экологиялық жағдайды жақсарта түсу мақсатында ұсыныстар әзірлеу үшін құрылғаны баса назар аудартады. Кәсіпкерлердің айтуына қарағанда Алматы қаласында ауа сапасын бақылайтын сапалы жүйе болмаған. Қаланың экологиясының мәселесі барлық тұрғындарды аландатып отыр. Сондықтан кәсіпкерлердің басты мақсаты осы қиындықтарды шешуге көмек көрсету болмақ.

Келелі жиынға Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Қожағапанов пен әкімнің орынбасарлары Е.Бабақұмаров, М.Әзірбаев, сарапшылар қауымдастығының өкілдері мен экобелсенділер, олардың ішінде А.Төлесова, А. Ерекенов, С. Мартемьянов, А. Жандосова, С. Ташимова, А. Наурызбаевтар, сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Алматыдағы ЖЭО басшылығы және техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушілер келді.
Басқосуда қаланың экологиялық жағдайы, түйткілдері сарапқа салынды. Сарапшылар мен белсенділер қоршаған ортаға зиянын тиігізіп жатқан негізгі жағдайлар мен нысандарды атап көрсетіп, мәселе көтерді. Экологияны жақсарту үшін әртүрлі әдістер қарастырылды.
Жиында «Жылу электр орталығы 2-ні» газға ауыстыру мәселелері талқыға салынды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен ЖЭО-2-ні газға ауыстыру барысын жеделдету үшін барлық шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
Ал, Ерлан Қожағапанов ауаның ластануын азайтудың жолдары қарастырылып кешенді жұмыс атқарылуы керектігіне тоқталды.
Қала әкімінің бірінші орынбасары қала ауасына бөілінетін зиянды заттарды азайту мақсатында газбен жүретін автобустар ғана сатылып алынғанын және тұрғындардың әлеуметтік тұрғыда осал топтарына көмек ретінде тегін газ қосуға мүмкіндік тудырғанын атап өтті. Бұл игі істер әкімдік тарапынан атқарылған екен. Осы жұмыстың арқасында үш жүзден астам отбасыны газбен қамтыған. Және де газ үйлеріне газ тартқызушылар үшін қызмет ақысын бөліп төлеу жағы мен екінші деңгейлі банктерден пайызсыз несие алуды ұйымдастыру қарастырылған екен.
Қала экологиясын жақсарта түсу үшін бұдан былайда түрлі шаралар атқарылмақ. Бұл үшін қаланның бес жылдық жоспарында атқарылатын жұмыстар көрсетілген. Атап айтсақ «Алматы-2025» бес жылдық жоспарында және қаланың сегіз ауданы бойынша жоспарда бар. Жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қаланың экологиялық мәселелері жөнінде айта келіп, жиналғандарды аталған жоспарды іске асыруға белсенді атсалысуға шақырды. Орынбасардық айтуына қарағанда енді қаланның экологиясына бұрынғыдан да ерекше көңіл бөлінбек.
Сондай-ақ жиында салынып жатқан құрылыстың қала экологиясына әсері жөнінде де сөз қозғалды.
Міне осындай игі қадамдар нәтижелі болса сүйікті қаламыздың экологиялық ахуалы жақсара түсетіні сөзсіз. Сонымен қатар әрбір қала тұрғыны, өз тарапынан қоршаған ортаға зиян келтірмеудің жолдарын үнемі ойланып жүрсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Әсем қала Алматынның қадірі мен қасиетті, тұрғындарға жайлылығы бұрынғыдан да арта түсер еді. Өзінің туған қаласынның көркейе түсуіне атсалысқысы келген әрбір адам жасалып жатқан игі істерге өз үнін қосу азаматтық парыз.

Нұрлы Еділов




Көрілген: 233    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.02.2020, 15:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30