Рухани жаңғыру

«Алтын адам» әлем музейлерін шарламақ

  • «Алтын адам» әлем музейлерін шарламақ

    «Алтын адам» әлем музейлерін шарламақ

Қазақстан мен Әзербайжанның арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыс дамып келеді. Осы сөзіміздің дәлелі ретінде Әзербайжанның ұлттық тарихи музейінде «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясындағы «Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты көрменің ашылғанын айтуға болады. Көрменің басты мақсаты шетелдіктерге ұлы даланың көне замандағы мәдениетін насихаттау. Көрме Әзербайжан елінде бір жарым ай болады деп жоспарланған.


1969 жылы Алматы қаласынан шығысындағы Есік қорғанынан археолог-ғалым, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі Кемал Ақышев бастаған экспедиция тапқан «Алтын адам» осы көрменің ең негізгі экспонаты болмақ.


Қазақстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев көрменің ашылу салтанатында сөз сөйледі. Өз сөзінде елші көрменің екі ел арасындағы туысқандық қарым-қатынасты одан ары жақындастырып, мәдени, рухани байланыстардың нығайуына ықпал ететінін де баса айтты.


Елшінің айтуына қарағанда «Алтын адам» экспонаты былтырдан бастап әлемнің бірқатар музейлерін аралаған екен. Бұның алдында көрме Ресейде, Белорусияда болған. Бұл көрме бұдан әрі де біраз елдерді шарламақ. Олардың қатарында Париж, Америка, Жапония сияқты елдер бар.


Бейбіт Исабаев сөз соңында осы көрмені өткізуде жасаған көмегі үшін Мәдениет министрлігі мен Әзербайжанның ұлттық музейіне және сол елдің ғылым академиясының басшылығына алғыс айтып, разылығын білдірді.


Көрмеде көрермен назарына ұсынылған Алтын адамның киімі төрт мыңнан астам алтын әшекеймен зерленген екен. Олардың ішінде барыс, бұлан, таутеке, арқар, жылқы және түрлі құс бейнелерін беретін әшекейлер бар. Көне замандағы мәдениет, өнер, мифология сияқты көптеген салалардан мол дерек беретін «Алтын адам» сол кездегі сақтар өркениетінің дәлелі іспетті. Қазіргі таңда «Алтын адам» еліміздің символы ретінде танылып кетті.


Сонымен қатар Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Севда Мамедалиева көрмеге қатысып сөз сөйледі. Ол өз сөзінде екі халықты осындай ортақ мәдениеті біріктіре түсетініне тоқтала келіп, көрмені ұйымдастыруға атсалысқандарға, елімізге ыстық ықыласын жолдап, алғыс айтты. Баку қаласында Қазақстанның тарихи құнды жәдігерін көру ерекше әсер еткенін де атап өтті.


Шара барысында баспасөз конференциясы өтіп, халықаралық көрме жобасының мән-манызы жайында және болашақтағы аралайтын елдері, бетке алған бағыт-бағдары жөнінде айтылды.


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 5230    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.05.2018, 10:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30