Рухани жаңғыру

Астана мерейтойы қарсаңында «Турандот» операсының жаңа қойылымының тұсауы кесіледі

  • Астана мерейтойы қарсаңында «Турандот» операсының жаңа қойылымының тұсауы кесіледі

    Астана мерейтойы қарсаңында «Турандот» операсының жаңа қойылымының тұсауы кесіледі

Еліміздің бас қаласы Астананың 20 жылдығының құрметіне түрлі шаралар атқарылуды. Елорда тұрғындарына түрлі мәдени шаралармен қатар концерттер, қойылымдар ұсынуда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары орасан зор. Елорда тойы – ел тойы. Ұлт мәртебесі. Осынау айтулы мереке қарсанында әлемнің үздік жауһарлары да Астанадағы театр сахналарында қойылып жатыр. Атап айтсақ 22 және 23 маусым күндері Дж.Пуччинидің «Турандот» операсының жаңа қойылымының тұсаукесері өтеді.

Қойылымда қым-қиғаш оқиғаға толы ынтықтық, махаббат, қиял ғажайып дүниесі сахналанып. көрермен қауым отандық және әлемдік сахна жұлдыздарының керемет ойынын тамашалайды. Бұл қойылымдағы тағы бір ерекшелік театрда бұрын қолданылмаған, жаңа заманауи технологиялардың көмегімен жасалған декорациялар пайдаланылып, қытай үлгісіндегі өрнектермен көмкерілген костюмдермен қатар тағы басқа да ғайжайып дүниелер көрермен көңілін жаулап алатыны айтылуда. «Турандот» операсының негізгі желісінде жетінші ғасырдағы махаббат оқиғасы қозғалады.

Бұл операдағы кейіпкерлерді сомдайтын өнер жұлдыздары қазір қызу дайындық үстінде. Әрбір ұсақ түйегіне дейін мән беріліп, өз кейіпкерлерінің жан әлемін толық ашу үшін барын салған өнерпаздар қойылымның көрермен талғамынан шығарына сенімді. Халықаралық топтардың бірлескен одағы әлемге әйгілі дирижер Алан Бөрібаев пен атақты режиссер Давиде Ливермордың жетекшілігімен жасалып жатыр.

«Астана Опера» симфониялық оркестрі хор шебер дыбысталуы үшін Алан Бөрібаевтың жетекшілігінде бірнеше ай бойы дайындалды. Өйткені операда аса маңызды рөлге ие хорға артылар жүк ерекше. Сондықтан, «Астана Операның» бас хормейстері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов елордалық театр хор әртістерінің шеберлігін арттырумен қатар Қытай ұлттық опера театры әртістерінің де өнерін шыңдай түсті.

Әлемдік ғажайып туындыда Жұпар Ғабдуллина – Турандотты сомдамақ. Дүниежүзіне әйгілі опера әншісі Мартина Серафин де Турандот партиясына дайындалуда. Ал қойылымдағы Калафқа жауапсыз ғашық күң Лиу партиясын қазақтың біртуар бұлбұл қызы Майра Мұхамедқызы мен күрделі бейнені әлемнің айтулы сахналарында орындап жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай сомдайды. Сценографтардың идеяларын тәжірибелі басшы Виктор Караренің жетекшілігімен көркемдік-өндірістік кешен шеберлері жасауда.

Міне осындай отандық және шетелдік айтулы өнерпаздардың қатысуымен атқарылып жатқан орасан зор жұмыс, жоғары деңгейде өтері сөзсіз. Елорда тұрғындары осынау ғажайып туындыдан ерекше әсер алары анық. Ендеше өнерпаздарға тек сәттілік тілейік.


Нұрлы Еділов

 


 




Көрілген: 4704    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.06.2018, 11:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31