Рухани жаңғыру

Астананың 20 жылдығына арналған «Музейлер түні» акциясы өтеді

  • Астананың 20 жылдығына арналған «Музейлер түні» акциясы өтеді

    Астананың 20 жылдығына арналған «Музейлер түні» акциясы өтеді

Бүгін, яғни 18 мамырда сағат 18:00-24:00 аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Халықаралық музей күні» мерекесіне және Астананың 20 жылдығына арналған «Музейлер түні» акциясы өтеді. Астаналықтар мен қала қонақтары кешкі сағат 18:00-ден бастап Ұлттық музейге тегін кіре алады, - деп хабарлайды Алаш айнасы  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Биылғы «Музейлер түні» акциясының бағдарламасында «Artpuzzle» – келушілер арасында командалық ойын; «Өзіңді суретші сезін...» – суретшілердің қатысуымен өтетін перфоманс; «Қазақстан заманауи өнерінің тарихындағы тұлғалар» – танымдық лекциялар циклы; Реставрациялық жұмыстар бойынша мастер-кластар; «Музей жұмбағы», «Тарих сыры», «Музей түнінің білгірі» сынды ойындар мен викториналар; «Шеңбер», «Бәйге», «Асық ату» т.б қазақтың ұлттық ойындары; Бетперделер мен костюмдер дефилесі; «Сенің бейнең...» – портрет салу бойынша мастер-класс және «Домбыра думан» (Домбыра пати) сынды шаралар бар, - деп жазылған баспасөз хабарламасында.


Сонымен қатар келушілерді Ұлттық музейдің барлық залдары бойынша тақырыптық және шолу экскурсиялары, түрлі мәдени-танымдық шаралар күтеді. Музей қорындағы деректі фильмдер, видео лекциялар мен перфоманстар да музей қонақтарының назарына ұсынылады.


 


 


 




Көрілген: 3431    Пікірлер: 0

жұма, 18.05.2018, 00:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31