Рухани жаңғыру

Астананың төрінде өтіп жатқан «Voice of Astana» байқауының бірінші күні аяқталды

  • Астананың төрінде өтіп жатқан «Voice of Astana» байқауының бірінші күні аяқталды

    Астананың төрінде өтіп жатқан «Voice of Astana» байқауының бірінші күні аяқталды

Кеше Елорданың 20 жылдық мерекесіне орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астанада І Халықаралық «Voice of Astana» байқауының жартылай финалы және Батырхан Шүкеновты еске алу кеші өтті, - деп хабарлайды Алаш айнасы

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жиында сөз алып осы фестиваль арқылы жақын және алыс шет елдердің үздік орындаушылары мен мәдениет қайраткерлері арасындағы шығармашылық ынтымақтастықтың жаңа формаларын дамыту қажет екеніне тоқталды. «Бүгін біздің Астанамыз - бейбітшілік пен толеранттылықтың символы, Елордамыз еуразиялық мәдениет орталығының атағына сенімді түрде жетті», - деді министр.

Конкурстың алғашқы күні барлық қатысушылар Астана туралы әндерді айтты. Ал баспасөз хабарламасының мәліметіне қарағанда шараның екінші күні әр қатысушы өзінің репертуарындағы әндерін орындамақ. 


Айтулы концертте қазақстандық өнер саңлақтары Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Карина Абдуллина, Мейірамбек Бесбаев, Жұбаныш Жексенұлы, Айқын Төлепберген сияқты эстрада жұлдыздарымен қатар Валерий Меладзе, Леонид Агутин, Владимир Пресняков, Алексей Чумаков, Юлияна Караулова, Элина Чага сияқты ресейлік әншілер де ән айтады. Соңымен қатар бұл кешке америкалық әнші Anastacia да қатысады.

Фестиваль алдындағы баспасөз конференциясында композитор Ринат Гайсин «Батырxан ағамыздың әндерін еліміздің эстрада әншілері мен ресейлік әншілер айтады. Бұл әндерді жаңа аранжировкада, жаңа форматта тыңдай аласыздар. Байғали ағамыздың концертіне Валерий Меладзе, А-студио тобы және тағы басқалар қатысады» деп атап өтті.

«Voice of Astana» ұйымдастырушылары биылғы 25 мамырға дейін күллі әлемнің әртүрлі эстрада жұлдыздарының өтініштерін қабылдаған болатын. Өтінімдерді қабылдау барысында жиырмадан астам шет елдің бес жүзденден астам әншісі мен музыкалық топтары конкурсқа қатысуға ниет білдірген. Шараға қатысушылардың жасы – 18-ден 35 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Конкурстың келесі кезеңіне Ресей, Әзірбайжан, Грузия, Ұлыбритания, Италия, Болгария, Эстония, Қырғызстан, Қытай, Индия, Түркия, Татарстан, Израиль, Армения, Өзбекстан және Қазақстан сияқты әртүрлі елдердің қатысушылары іріктелмек.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Байғали Серкебаев «Өміріне музыканы серкі еткен талантты жастармен танысу маған әрқашан да қуаныш сыйлайды. Музыка аспанында жарқыраған әрбір жаңа есімді әрдайым назарымнан тыс қалдырмай бақылап отырамын. Біз «Жұлдыздар фабрикасында» Jigits тобын жасадық. Бұл жолы да көптеген жаңа есімдермен танысатындығымызға сенемін» деді концерт алдында өткен баспасөз конференциясында.

Бүгін шараның соңы Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған концертпен аяқталды. Ал екінші күні 16 маусымда финалға шыққан әншілер өз репертуарларындағы әндерді орындап, фестиваль соңында көрермендер Байғали Серкебаевтың шығармашылық кешін тамашалай алады.


Нұрлы Еділов


 




 


 




Көрілген: 5441    Пікірлер: 0

сенбі, 16.06.2018, 01:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30