Ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және қоршаған орта

Бар қамқорлық – қарттарға

  • Бар қамқорлық – қарттарға

    Бар қамқорлық – қарттарға

Ақ сақалды ата, ақ жаулықты ана көрсек қазақы кең пейілмен жақсылық жасағымыз, қолымыздан келген көмекті ұсынып, қуантқымыз келіп тұратыны рас. Нарықтың қатал заңына бой ұсынбай, қазақы болмыс, қасиетімізді сақтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу де бүгінгі күні үлкен олжа. Өйткені отбасылық құндылық әлсіреген заманда ізгі қасиеттерді сөзбен емес, іспен көрсету ғана ұтымды әрі сенімді болып барады.

«Жақсы адам қартайса, көкірегі толы хат болар, Жаман адам қартайса, бықсып жанған от болар» - деген екен дана қазақ. Әуел баста адамзатқа қартаю деген құбылыс тек алыс ауылдың қонағындай боп тұрады. Ақырзаман белгісі уақыттың берекетінің жоғалуы дейді ғалымдар. Соған дәл қазір анық көзіміз жетіп отыр. Осындай қысқа өмірде жақыныңнан алыстамай, қуаныш пен қайғыда ғана емес, керек кезінде де қасынан табылу кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Қай бала ата-анасын үлде мен бүлдеге орап, дүниенің рахатына бөлегенді армандамайды дейсіз. Алайда, қолдың қысқалығы, уақыттың болмауы кейде жақындарымыздың жанында үнемі болып, қолдау көрсетуге мұрша бермейтінін несіне жасырайық. Осы орайда зейнеткерлер мен қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған «Ардагерлерді ардақтайық» әлеуметтік жобасының қарттарға да, ата-анасы үшін алаңдаған балаларға да көмегі көп. Осы жоба аясында еліміздің көптеген қалаларында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтары ашыла бастады. Орталық мақсаты зейнет жасындағы қарттарымызға жағдай жасап, қолдау көрсету болып табылады. «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының базасында кез келген уақытта қарттарымыз бас қосып, пікір алмасып, заңгер, психолог, дәрігерлерден өздерін мазалаған сұрақтарға жауап ала алады. Орталықта ақсақалдар клубы, компьютерлік сынып, дене шынықтыру бөлмелері бар. Бүгінде Алматы қаласының Жетісу ауданында зейнет жасындағы 21 мыңнан астам қария тұрады. Олардың 1100-і тыл, 17-сі Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Енді ауданның қазыналы қарттары бос уақыттарын тиімді өтікізіп қана қоймай, қоғамға тигізер пайдасын ақылдасатын орын ашылғанына қуанып отыр. Себебі, орталықта компьютерлермен жабдықталған және семинар мен тренингтер өткізетін кабинеттер де қарастырылған. Фитобар, массаж бөлмесі, фитнес залы да тұрақты жұмыс істеуде.
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Барды бағалап, үлкеннің ақылын тыңдағаннан ешкім ұтылмайды. Қарты бар үйдің таусылмайтын берекесі бар, үлкендер - отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ешқашан ұмытылмауы керек. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбіт өмір кешуі осы ардақты да аяулы қарттардың арқасы. Сондықтан жер-жерде зейнет жасындағы қарттарға арнайы орталықтардың ашылып, жағдай жасалуы орынды қадам. Жақсы іс жалғасын тауып, қазыналы қарттарымызға бағытталған қамқорлық азаймасын.
Руслан Мәлікұлы 




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.12.2019, 09:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30