Ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және қоршаған орта

Елімізде ет өндірісі жақсы жолға қойылып келеді

  • Елімізде ет өндірісі жақсы жолға қойылып келеді

    Елімізде ет өндірісі жақсы жолға қойылып келеді

Аптасына бір-екі рет ет асып жемесек, «аузымыз су татып кетті» деп өзге тамақты мойындамайтынымыз рас. Сондықтан да тоңазытқышымызда ет таусыла бастаса, мазамыз қашады. Етті елден ерекше тұтынатынымыздан болар, еліміздегі ет өндірісі ішкі нарықты қажеттіліктің 98 пайызын өтейтін деңгейге жетіп қалды. Яғни, кейінгі жылдары еліміздегі ет өндірі айтарлықтай артқан.

Елімізде өндірілетін ет өзімізге жетіп тұрса, ішкі нарықты қамти алса, бұл жақсы, егер өзімізден артылып, сырт елдердің сұранасын қанағаттандырса, одан да жақсы. Сондықтан да қазіргі таңда елімізде мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Былтырлығы жылы осы мақсатта «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында мал шаруашылығын демеуге қажет 100 млрд теңге қаржы бөлініп, игеріле бастады.
Ет өнеркәсібі Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің басым бағытының бірі саналады. Осы орайда 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ті дамыту бағдарламасында ет өндірісіне баса назар аударылған. Бұл саланы дамытуға жыл сайын мемлекеттен 116 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде: асыл тұқымды мал басын көбейтуге – 60 млрд теңге, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге – 56 млрд теңге қарастырылған.
Мемлекет тарапынан мал шаруашылығына басымдық беріп отырғандығынан болар, ет өнімдері өндірісінің артып келе жатқаны байқалады. Energyprom.kz келтірген деректерге сәйкес, 2020 жылдың қаңтар айында ғана 21,2 млрд теңгенің өнімі қайта өңделген. Ал 2019 жылдың қаңтар айынан бастап жыл соңына дейін Қазақстанда жалпы құны 269 млрд теңгенің ет өнімдері өндірілген. Нақты өсім 8,1 пайызды құрайды. 

Көрсеткіш жоғарылағанымен бұл салада әлі де шикізат тапшылығы сезіледі дейді мамандар. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына бойынша, қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың өндірістік қуаты тек 30-40% пайдаланылады екен. Министрлік шикізат тапшылығына ет экспорты себеп деп пайымдайды.
Осы уақытқа дейін қазақтың ірі қарасы мен ұсақ малы шетелге тірі күйінде сатылуын ет экспорты деп санайтын едік. Енді міне, бұл бағытты да мемлекет реттеуді қолға алды. Нәтижесінде жыл басынан бері сыртқы нарыққа мал шығаруға тыйым салынды. Малымыз өзімізде қалғандықтан, ет өндірісіне қажетті шикізат та көбейеді деген сөз. Демек, жақын болашақта ет және ет өнімдерімен айналысатын кәсіпорындар жұмысы жанданбақ.
Мал шаруашылығын дамытудың маңыздылығына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше мән беріп отыр. Ол өз сөзінде: «Бұл – біздің дәстүрлі ата кәсібіміз. Бұл кәсіппен қалай айналысу керек екенін білеміз. Ең бастысы, жұмысты қазіргі заман талабына сай дұрыс жүргізу керек. Түрлі бағыттағы ет кластерлерін дамыту қажет. Атап айтқанда, қой шаруашылығын, сүт өндіруді және құс шаруашылығын өркендетуге тиіспіз. Халықаралық болжам бойынша Азия елдері мен Қытайда табыстың артуына және халық санының көбеюіне байланысты қой еті мен құс етіне деген сұраныс артады. Осындай үрдісті тиімді пайдалануымыз керек. Сүт өнімі мен құс етін өндіруді екі есе арттырсақ, бүгін біз импорттап отырған қосымша 500 миллион доллардың өнімін алуға болады», – деді Президент.

Премьер-Министр Асқар Мамин де Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жұмыстарды жалғастыру бағытында Ауыл шаруашылығы министрлігін жіті қадағалап отырады. Жыл басынан бері Үкімет басшысы Ірі қара мал басын көбейту және сиыр етінің өндірісін арттыру бойынша қабылданған шаралар мен өңірлердің етті мал шаруашылығын дамыту бойынша министрлікке нақты тапсырмалар берген болатын.
Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров келтірген мәліметтерге сәйкес, өткен жылы мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі республика бойынша шамамен 2,4 млрд теңгеге жуықтаған, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық. Ірі қара мал басының саны – 4 пайызға, атап айтқанда жылқы – 6,8 пайызға, құс – 2 пайызға, қой – 2,7 пайызға, түйе –3,5 пайызға, шошқа –  2,9 пайызға көбейген. 

Министрдің айтуынша, өткен жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау мен саланың өнімділігін күшейтуге 115,7 млрд теңге қаржы бөлінген. Нәтижесінде 840 отбасылық ферма 82,2 мың ірі қара мал басын сатып алу үшін несие алды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, өткен жылы Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында алға шыққан. Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлағандай, 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Қазақстан өз көлемін 3,8 пайызға дейін ұлғайтқан. Ресейде бұл көрсеткіш 1,2 пайызға өскен және Қырғызстанда – 1,7 пайызға, Беларусьте — 0,2 пайызға жоғарылағаны байқалады. Ал Арменияда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі керісінше 6,5 пайызға  төмендеген. Қазақстан өнеркәсібінің өсуі сүт, мал және құс өндірісінің ұлғаюына байланысты болды. Мысалы, 2019 жылдың І жарты жылдығында Қазақстан 870 мың тонна мал мен құс етін өндірген, бұл көрсеткіш 2018 қаңтар-маусым айларындағы көрсеткішпен салыстырғанда 5 пайызға артық.


Қазіргі таңда еліміз бойынша Түркістан облысы ет экспорттаудан республикада көш бастап отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов келтірген деректер бойынша қазіргі таңда өңірде 70 мыңға жуық шаруа және фермерлік қожалық жұмыс істейді. Оның айтуынша, облыстың ауыл шаруашылығы саласына 41,6 млрд теңге қолдау қаржы бөлу қарастырылған, оның 28,3 млрд теңгесі субсидия, 27,5 мыңы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдауға жұмсалды. Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында Түркістан облысында 213,5 млн АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,6 есеге артты. Оның ішінде 1 млн 200 мың тонна өсімдік шаруашылығы және 32,8 мың тонна мал шаруашылығы өнімдері экспортталды. Ең бастысы, 19 мың тонна ет экспортқа шығарылып, ет өндірісіненТүркістан облысы республика бойынша алға шықты. 

Түркістан облысының кәсіпкерлері жұмыс істеймін, жеке кәсіпкерлікпен айналысамын деген адамға біздің елде мүмкіндік мол деп санайды. «Ұлан Отырар» ЖШС директоры, кәсіпкер Ерден Бақытбай Үкімет тарапынан қолға алынып жатқан жұмыстарды жоғары бағалаймын дейді. Ол осыдан 6 жыл бұрын «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиеге алған 12 миллион теңге
қаржысына 37 бас мал алып, бүгінде мал басын 200-ге жеткізгенін айтады. Кәсәпкер жылына 15 тонна етті көршілес Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғыстан елдеріне экспорттайды.

Керек дерек
Республикада 7  млн-нан астам сиыр бар, оның ішінде сүтті Іірі қара малы – 4,7 млн бас, етті бағыттағы ірі қара малы – 2,3 млн бас. Жыл сайынғы ішкі мал басының өсімі шамамен 5 пайызды құрайды. Қазақстанда бір жолғы бордақылаудың 279 мың бас мал орнына арналған 113 бордақылау алаңы бар. Биыл 52 мың бас малға арналған 24 бордақылау алаңының құрылысы қаржыландырылды. Бордақылау алаңдарын айналым қаражаттарымен қамтамасыз ету мақсатында «Агроэкспорт» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құны құрылымындағы үлесі 70 пайыз құрайтын жемшөп өндірісіне ерекше көңіл бөлінеді. Жемшөп дақылдарының алқабын биылғы 3,3 млн гектардан 2021 жылға қарай 4 млн гектарға дейін жеткізу көзделген.

 

 

Алаш айнасы




Көрілген: 214    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.02.2020, 11:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30