Ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және қоршаған орта

Елімізде суға қатысты көзқарасты өзгерту керек

  • Елімізде суға қатысты көзқарасты өзгерту керек

    Елімізде суға қатысты көзқарасты өзгерту керек

Тегін нәрсені «су тегін» деп суреттейтін халқымыз, су ресурстарына қатысты шешілмеген көптеген мәселелерге де қырын қарап, судың сұрауы жоқтай пайдаланғанын қоя алмай келеді. Негізі елімізде су ресурстарын тиімді пайдаланып, инфрақұрылымдарды жаңартудың арқасында оған деген тапшылықты төмендету көзделген арнайы бағдарлама жұмыс істейді. Сондай-ақ Еуропалық экономикалық комиссияның трансшекаралық су ресурстары бойынша жасалған арнайы конвенциясы да бізге қатысты бір құжат екенін ескеруіміз керек. Аталмыш құжатта суды басқару мен көлемін бақылау бойынша Орта Азия мемлекеттері үшін нақты шешімдер көрсетілген. Ол халықаралық құжат негізінде біздің еліміздің де көршілермен су ресурстарын басқаруда орын алған мәселелерін шешіп алуына мүмкіндігі бар.
Яғни еліміздегі сулар да, трансшекаралық сулардың да мәселесі толығымен бақылауда деуге толық негіз бар. Қазіргі таңда елімізде 8 өзен бассейні бар. Олардың ішінде Ертіс, Балқаш-Алакөл, Арал-Сырдария, Жайық-Каспий бассейндері ең ірілері болып саналады. Ол су ресурстарының 90 пайызын құрайды. Атап айта кетер жайт, Қазақстан су ресурстарының 44 пайызын трансшекаралық өзендерден алатын көрінеді. Жалпы дәл қазір елімізде су тапшылығы бар деп айта алмаймыз. Алайда «суды үнемдеп, бақылаумен пайдаланбасақ су бағасы мұнаймен теңесетін күн жақын» деген болжамды мамандар жиі айтады. Демек суды тиімді пайдаланудың арнайы бағдарламасын жасау артықтық етпейді. Еліміздің жыл сайынғы жер үсті су ресурстары шамамен 100 текше км құрайтын көрінеді. Оның 44%-дан астамы елден тыс жерде қалыптасса, су тұтынудың 67%-ы ауыл шаруашылығына, 30%-ы – өнеркәсіпке, қалғаны – шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалады екен. 2040 жылға қарай Қазақстанның су тұтыну көлемі 56%-ға өседі деп күтілуде. Осы көрсеткіштің өсетінін ескере отырып елімізде таза су мен техникалық сулардың пайдалану мақсаттарын бөліп, қар мен жауын шашын суларын сүзгіден өткізіп пайдалану секілді нақты қадамдарға баруымыз керек. 
Қазақстанның 2020-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару бағдарламасы бойынша қосымша жер үсті су ресурстарын ұлғайту есебінен 2030 жылға қарай 100 текше км деңгейінде су теңгерімін сақтауға бағытталған: 5-7 текше км-ге жаңа су қоймаларын салу, 5 текше км дейін су үнемдеу, 15 текше км дейін жер асты суларын пайдалану көзделіп отыр. Сондай-ақ 26 жаңа гидротехникалық құрылыстар салу, 182 республикалық, 300 коммуналдық гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту жоспарлануда. Яғни суға қатысты еліміздің жоспарлары қалыптасуда. Тек солардың өз күшінде орындалуына ықпал етуіміз керек.
Суға қатысты үнемділік те маңызды. Алайда елімізде суды жоғалту көлемі 40 пайызды құрап тұр екен. АҚШ-та суды жоғалту деңгейі 11 пайызды, Ресейде 21 пайызды, Ұлыбританияда 23 пайызды көрсеткенін ескерсек, суды тиімді пайдалануға көңіл бөтені кез жеткен секілді.

Жақыпбай Достайұлы, су мәселелерін зерттеу маманы, география ғылымының докторы, профессор:

- Елімізде суды үнемді пайдалану бағытындағы бағдарламалар жасалып жатқанымен, нақты әрекетке көше қойғанымыз жоқ. Соның дәлелі еліміздегі қаптаған көлік жуу орталықтары таза сумен көлік жууда. Сол әрекеті үшін олар сәл жоғары тарифпен төлем жасайды. Бар болғаны сол. Бірақ ол төлем ысырап болған суды орнына келтіре алмайды ғой?! Сондықтан тіпті жекелеген үйлерде таза су мен техниклаық суды ажыратып қолданатын кез жетті. Қазақстанның 2020-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару бағдарламасы 10 негізгі бағытты қамтиды, олар: халықаралық ынтымақтастық, құқықтық базаны жаңарту, институционалдық реформалау, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және реконструкциялау, су нарығын құру жөніндегі халықаралық озық тәжірибені зерделеу, су шаруашылығын цифрландыру, «Smart Water» жобасын енгізу, су ресурстарын экологиялық оңтайлы пайдалану, су саласының мамандарын заманауи дағдылармен даярлау және маңызды ұлттық су жобаларын іске асыру. Маңызды мәселелер қамтылған аталмыш құжат өз күшінде жұмыс істесін деп тілейік.

Қуаныш Ермекова

 

 




Көрілген: 247    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2020, 01:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30