Ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және қоршаған орта

Еліміздегі төтенше жағдай шаруаларға қолбайлау болып отырған жоқ

  • Еліміздегі төтенше жағдай шаруаларға қолбайлау болып отырған жоқ

    Еліміздегі төтенше жағдай шаруаларға қолбайлау болып отырған жоқ

Бүгінде күллі әлем күрделі кезеңді бастан өткеруде. Коронавирус пандемиясының зардабы бүкіл әлемге тиіп жатыр. Көптеген мемлекеттер тығырықтан шығу үшін сыртқа шығаратын азық-түлік көлемін азайтты. Бұл індеттің біздің елімізді де айналып өтпегенін, барлық салаға салқынын тигізіп жатқанын көзіміз көріп отыр. Сондықтан Қазақстан да бидай мен ұн экспортына толықтай тыйым салмаса да, біраз шектеу қойған болатын. Күшейтілген карантин кезінде бидайды өзгені айтпағанда, өзімізге жеткізе аламыз ба деген қауіп болғаны жасырын емес. Енді міне, көктемгі егіс науқаны да келді. Осындай қиын-қыстау кезеңде диқандарда егістік жұмыстарын қалай бастаймыз, дер кезінде егін себілмесе, астықсыз қаламыз-ау деген қорқыныш та болды. Алайда, мемлекет бұл мәселені дереу шешуге кірісіп кетті.

Карантин кезінде егін егу науқанын жүргізіп жатқан ауыл шаруашылығы ұйымдары, компаниялар жұмысының тоқтап қалу қаупі болды. Өйткені олардың көбі елдегі төтенше жағдайға байланысты жұмысшыларын үйіне таратып жіберген еді. Ал егін уақытында егілмесе, өнімнің болмайтыны белгілі ғой. Егін егу жұмыстары уақытында басталмаса, бидаймен өзіміздің ішкі нарықты қамтамасыз ете алмай қалуымыз мүмкін Сондықтан ауыл шаруашылығы саласында жұмыс тоқтамау үшін аз уақыттың ішінде жерге дән себілу үшін мемлекет диқандарға жағдай жасауды қолға алды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған мәлімдемесінде көктемдегі егіс жұмыстарын уақытылы жүргізу маңызды екенін айтып, осы мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 70 млрд теңге бөлінетінін жеткізген еді. Мұнымен қоса «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қосымша 100 млрд теңге қарастыруды тапсырды. «Үкіметке ауыл шаруашылығы өнімін шығаратындар үшін дизель отынының бағасын литріне 165 теңгеге немесе нарықтық құнынан 15%-ға төмендету туралы тапсырма беремін. Ол үшін жеңілдетілген бағамен шамамен 390 мың тонна дизель отыны бөлінеді», – деді Президент.
Еліміздің оңтүстік өңірінде күн ерте жылитындықтан, диқандар бидайын егіп қойды. Ал солтүстіктегілер енді кірісе бастады, Орталық Қазақстандағылар мамырда бастауға дайындалып отыр. Бидайдың негізгі, яғни басым бөлігін Солтүстік өңір береді.

Ақмола облысының диқандары биыл 5 млн гектар алқапқа егін егеді. Оның 91 пацызы дәнді дақылдардың үлесінде. Бұл туралы ауыл шаруашылық туралы министрлігінің өкілдері хабарлады.
Жалпы ел бойынша егін науқанына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Өңір диқандары биыл егін алқабының 77 пайызы, яғни 3,7 млн гектарына жаздық бидай егуді жоспарлап отыр. Бұл былтырғымен салыстырғанда 150 мың гектарға артық. Қазір ауыл шаруашылық технкаларының еркін жүріп-тұруына рұқсат қағаздар беріліп жатыр. Төтенше жағдай диқандардың жұмысына кесірін тигізбейді. Оларға қажет тұқым, минералдық тыңайтқыш және жанар жағар май уақтылы жеткізіледі. Ал егіс алқабында жұмыс істейтін техника бақылау өткізу бекеттерінен кедергісіз өтеді. Ол үшін жергілікті атқарушы билік рұқсат қағаздарын береді.
Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінде еліміздің бірқатар өңірі көктемгі егіс науқанын бастап кетті. Мәселен, Түркістан облысының диқандары биыл 825 мың гектар жерге егін егуді жоспарлап отыр. Бүгінге дейін 200 мың гектарға жуық жер игерілді. Биыл егіс алқаптарын әртараптандыру жоспарына сәйкес өңірде картоп, көкөніс және бақша дақылдарын өсіруге басымдық берілген. Ал Жамбыл облысының диқандары биыл 710 мың гектар алқапты игермек. Оның тең жартысы бидай және өзге де дәнді дақылдардың үлесінде. Сондай-ақ мұнда қант қызылшасы мен картоп, бақша өнімдері және мал азығының дақылдары егіледі.
Бұгінде Түркістан облысында көктемгі егіс науқаны қыза түсті. Еліміздегі төтенше жағдайға қарамастан диқандар егіс алқаптарында сақтық шараларын ұстанып, еңбек етуде. Мәселен Сайрам ауданы Арыс ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Қосимбек Тәжиев пен Сирожиддин Эгембердиев екеуі бірігіп, тамшылатып суғару əдісімен 21 гектар жерге пияз ұрығын сепсе, 3 гектар жерге пияз көшетін отырғызды. Бұл мақсатқа олар 13 млн теңге жұмсапты.

«Еліміздегі төтенше жағдай шаруаларға қолбайлау болып отырған жоқ. Ең бастысы- сақтық шараларын барынша ұстанып, егін егіп жатырмыз. Мұндай шақта қарап отыруға болмайды. Қазір нағыз егін егу науқаны. Мемлекеттен қажетті қолдауларды атап айтсақ, арзандатылған жанар-жағармайды алып отырмыз», –дейді Қосимбек Тәжиев.

Біздің елімізде жылына 20-18 млн тонна бидай өндіріледі. Оның шамамен 12 млн тоннасы ішкі нарықты қамтамасыз етсе, артылғаны өзге елдерге экспортқа шығарылатын. Мамандар жер бетін қауіпті індет жайлаған кезде экспортты айтпағанда, егістіктен өзімізге жететін 12 млн тонна бидайды ала аламыз ба деп алаңдап отырғаны рас. Қазір Президент те, Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері де көктемгі егіс жұмыстарының еш кедергісіз жүргізілетінін, алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтып, халықтың көңілін орнына түсірді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі төтенше жағдайға байланысты енгізілген тәртіп бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін таситын жүк көліктері блокпосттардан кедергісіз өтетінін мәлімдеді. Көктемгі егіс, жиын-терім жұмыстары кезінде ешқандай кедергі болмайтыны айтылды.
Техникалардың облыстық, респбликалық маңызы бар жолдарда жүріп-тұруына да кедергі жоқ. Бұл мәселе Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы және тағы басқа әкімдіктермен шешілді.
Көктемгі дала жұмыстарын істеу үшін, оның ішінде алқаптардан жиналған өнімдерді жаппай өткізу кезінде барлық бағытта импорт, экспорт кедергісіз жүзеге асады.
Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруалардың төтенше жағдай кезінде жиналған өнімді сақтау және сату барысында қиындық болмайтынын айтты.
Министрлік облыс әкімдіктерімен кеңес өткізіп, фермерлерге көмек ретінде облыстарды өзара азық-түлік қоры туралы ақпаратпен алмасып, тапшылық байқалған аймақтарға өнімнің мол қоры бар өңірлерден тауар алмасуға шақырды. Нәтижесінде республиканың барлық өңірінің жергілікті атқарушы органдары жақын арада Қазақстанның оңтүстігінен 50 мың тонна ерте шығатын орамжапырақты сатып алуға дайын екендіктерін хабарлады. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі өнімді экспорттау үшін қажетті фитосанитариялық сертификаттарды жедел түрде беруде. Енді фермерлер қалған 250 мың тонна өнімді Ресей Федерациясына еш кедергісіз сата алады.
Шымкент және Түркістан облыстары бойынша 14 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 4 мың тоннаға жуық орамжапырақты экспорттауға 204 фитосанитариялық сертификат алды.
«Тез бұзылатын өнімдерді кедергісіз тасымалдау үшін фермерлердің автокөліктеріне «#BizBirgemiz Түркістан облысының азық-түлік өнімдері» деген жазбамен логотип жабыстырылады. Мұндай жапсырмалар фитосанитариялық және карантиндік сертификаттармен бірге берілетін болады», – деді министрлік өкілі.
Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жер салығын жылдың соңына дейін төлемейді. Сондай-ақ, биологиялық активтерінің импорты жылдың соңына дейін қосылған құн салығынан босатылды. Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі осы жылдың 30 наурызынан 1 қазанына дейін 12%-тен 8%-ке дейін төмендетілді.
Атамұрат Шәменов, экономика ғылымының докторы: 
– Еліміздегі карантинге байланысты, көктемгі егіс жұмысына кедергілер болғаны жасырын емес, соған байланысты фермерлердің жан айқайы естілді, тез арада бұл проблема шешілді. Бәрекелді. Бірі шешілді, енді оның аржағында қосарланып тұрған проблемалар тағы бар, олар ірі шаруашылықтар-серіктестіктер, кооперативтер, агрофирмалар, олар қалай шығады есістікке, қандай құжатпен?
Тағы бір мәселе бұл омарташылар. Егіс еккенмен, бау-бақша гулдегенмен егер олар арамен тозаңданбаса өнім бермейді.
Республикада 16 мың омарташылар қозғала алмай отыр. Олардың жазбаған жері жоқ, мұны түсінетін адам жоқ. Өйткені білімдері таяз сияқты. Енді еске салайын осыдан 80 жыл бұрын Альберт Эйнштейн: егер жер бетіндегі аралар түгел жойылса, төрт жыл ішінде адамзаттың да өмірі тоқталады деген екен. Әлемде короновирустан адамдар түгел қырылып жатқан жоқ, ал аралар жойылса бүкіл адам қырылады. Сондықтан құрметті шенеуніктер, адамды жұқпалы індеттен арашалаймыз деп жүріп, жер бетіндегі адамзаттың қырылуына жол салып жатқандарыңызды ескерткім келеді. Ауыл шаруашылығының министрі Сапархан Омаровты сыртқа ел ырзығын шығармаймын, әрбір қазақстандықтың дастарханын толтырамын деген министр деп біз қолдаймыз. Министр Сапархан мырзаға ендігі айтайын дегенім, ара шаруашылығын өркендетіп отырған мыңдаған омарташыларға араша тусу, олардың егіс маңына, бал жинайтын жерлерге баруларына жол ашу. Облыс, қала, аудан әкімдеріне хат жазып, жол посттарында жасыл коридормен «Бал-ара» керуіендерінің ветеринарлық паспортпен кедергісіз қаладан далаға, бір облыстан екінші облысқа жүрулеріне жағдай жасау. Ара деген құранда бар асыл жәндік екен, сауабы тиер!

Айнұр Нұрсабет




Көрілген: 327    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.04.2020, 08:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31