Рухани жаңғыру

«Ең сұлу» кинокомедиясы прокатқа шықты

  • «Ең сұлу» кинокомедиясы прокатқа шықты

    «Ең сұлу» кинокомедиясы прокатқа шықты

Режиссер Қанағат Мұстафин түсірген «Ең сұлу» кинокомедиясы 10 мамырдан бастап прокатқа шығады. Аталған фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «Kanaidarproduction» компаниясы түсірген, - деп хабарлайды Алаш айнасы киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


– Бұл кинотуынды «16 қыз» фильмінің жалғасы емес. Жаңа фильм. Романтикалық комедия жанрында түсірілген «16 кыз» фильмінде басты екі кейіпкер ғана болса, жаңа фильмде тоғыз негізгі кейіпкер бар. Жанры жағынан криминалды комедияға жақын. Бұл «16 қыз» фильмінің кейіпкерлері қатысатын отбасылық көрсетілімге арналған фильм, - деді режиссер Қанағат Мұстафин.


Фильмнің желісі бойынша картинаның басты кейіпкері Самат отыздан асса да әлі күнге дейін отбасын құрмаған сүрбойдақ. Жан досын үйлендіруді көздеген Бауыржан Саматпен бірге қалыңдық іздеп қалаға аттанады. Осы жолда екі дос қызықты да шытырман оқиғаларды бастан өткізеді. Фильмдегі оқиға 80 млн. теңге тұратын Цин әулетінің XIV ғасырдағы құмыраның Ұлттық мұражайдан ұрлануымен қоса өрбиді.


«16 қыз» фильмінің басты кейіпкерлері – Аша Матай мен Берік Айтжановтан басқа жеті негізгі кейіпкерлер бар, оларды Ғани Құлжанов, Асан Мәжит, Фархат Әбдірайымов, Мұрат Бисембин және басқалар сомдайды. Айта кетелік, фильмде комедиялық актер ретінде алғаш киноға түскен әртістер де бар. Олар: актер Қуаныш Долдаев, блогер тележүргізуші Әсел Асқар, теле-радио жүргізуші, шоумен Қазыбек Қасым және әнші Кентал (Талғат Кенжеболатов).


Түсірілім жұмыстары Алматы және қалаға жақын маңдарда жүрген. Тонау сахналары үшін фильмнің қоюшы-суретшісі Нұрболат Құлмұхамбетов Цин әулеті құмырасының тоғыз көшірмесін жасаған.


 


 




Көрілген: 5417    Пікірлер: 0

жұма, 11.05.2018, 13:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30