Елбасы идеялары

Ержан Жеңісбекұлы:"Облысымызда жер кадастрының материалды-техникалық базасы 30-ға жуық заманауи тұрғыдағы геодезиялық құралдармен жабдықталған"

  • Ержан Жеңісбекұлы:

    Ержан Жеңісбекұлы:"Облысымызда жер кадастрының материалды-техникалық базасы 30-ға жуық заманауи тұрғыдағы геодезиялық құралдармен жабдықталған"

Соңғы жылдары елімізде жерге, жер қатынастары саласына қатысты көптеген игілікті шаралар атқарылды. Бұл Тәуелсіздік алған уақыттан бері жерге қатысты заңнамаларды күшейтіп, саладағы мәселелерді барынша тиімді, халықтың қалауына орай шешуге тырысып жатқанымыздың белгісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та халыққа арнаған алғашқы Жолдауында «2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты мораторий аяқталады. Нақтылап айтсақ, ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беруге салынған тыйым туралы сөз болып отыр. Біз бұл мәселеге қатысты соңғы шешім қабылдауымыз қажет. Шетелдіктерге келер болсақ, оларға жер сатылмайды» дей келіп, жер мәселесіне бей-жай қарамауды ескерткен болатын. Бүгінде мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жер мәселелері республика бойынша тиімді шешілуде. Осы орайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Жеңісбеков Ержан Жеңісбекұлымен жер қатынастары саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы сұхбат құрып, жаңадан облыс атанған өңірдегі жер мәселесімен жақынырақ танысуды жөн көрген едік.

- Жер кадастр басқармасы қандай жұмыстармен айналысады және қандай қызмет түрлерін орындайды?

- Елбасының «100 нақты қадам» ұлттық бағдарламасы аясында құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Түркістан облысы бойынша филиалының жер кадастры саласында атқарылатын жұмыстар: мемлекеттік жер кадастры ҚР жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскесінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы мәліметтердің жүйесі болып табылады. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша 534770 жеке тұлғалардын, 50859 заңды тұлғалардың жер учаскелері Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйелер базасына тіркелген. Кадастрлық жұмыстар: мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету және коммерциялық қызметтер көрсету болып бөлінеді. Мемлекеттік қызмет көрсету түрлеріне: жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын жасау; жер-кадастрлық жоспарын жасау; жер учаскесінің кадастрлық бағалау құнын анықтау; Жобаланатын жер учаскесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық базасымен сәйкестігін тексеріп келісу; және Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін беру түрлері жатады.

Коммерциялық қызмет түрлеріне: Жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын әзірлеу; жерге орналастыру жобасын жерге көшіру, жер учаскесінің басына барып нақты шекараларын белгілеу, жерді түгендеуді жүргізу т.б. жерге орналастыру жұмыстары кіреді.
- Елді мекен шекараларын белгілеу немесе орнату қаншалықты маңызды жұмыс?
- Өте дұрыс сұрақ, Жер шаруашылық орналастыру жұмыстарын жүргізу елді мекен шектерін бас жоспарға сәйкес кеңейту ұлғайту кезінде шекараларын белгілеумен өлшенеді. Түркістан облысы бойынша 842 елді мекендер бар, бүгінгі таңда аталған елді мекендердің 347 елді мекеніне жер-шаруашылық орналастыру жұмыстары орындалып шекаралары белгіленді. Осы орайда айта кету керек жергілікті атқарушы органдар бұл жұмыс түрін біздің мекеме арқылы істегендері дұрыс болады, өйткені жаңа жоғарыда айтып өткенімдей мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттар жүйесінің базасын жүргізуші бірден-бір мекеме болғандықтан барлық мәліметтер өзімізде болғандықтан аталған жұмыс түрін дұрыс әрі сапалы орындауға үлкен мүмкіндіктер бар, одан бөлек материалды техникалық базамыз соңғы үлгідегі геодезиялық құралдармен жабдықталған. Елді мекендер әкімшілік аумақ шекараларының дұрыс белгіленуі ауыл округі әкімдерінің жер саласы бойынша дұрыс жұмыс жүргізуіне мүмкіндіктер туғызады.
- Біздің елімізде жер учаскесін қалай алуға болады?
- Біздің елімізде ҚР азаматы жер кодексінің 50 бабымен бекітілген жер беру нормаларына сәйкес тұрғын үй салу үшін 0,1 га (10 соттық) жер тегін алуға құқылы. Жер беру тәртібі жер кодексінің 43 бабына сай жүргізіледі. Жер учскесін беру туралы жергілікті атқарушы органға өтініш беру; Сұралып отырған жер учаскесінің мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау; жер учаскесін алдын-ала таңдау; тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссиясының жер учаскесін беру туралы қортындысын дайындау; Жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту; жергілікті атқарушы органның шешім қабылдау; сату-сатып алу немесе уақытша жер пайдалану шартын жасасу; жергілікті жерде жер учаскесінің шекарасын белгілеу; Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру.
Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін (үлестен басқа) жергілікті атқарушы орган ұйымдастыратын конкурс немесе аукциондар арқылы алуға болады.
- Жер учаскелерінің шекарасын орнату не үшін керек?
- Жер учаскелерінің шекарасын орнату біріншіден жер дауы туындамауы үшін керек, екіншіден мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне есепке алу, үшіншіден салық төлемдерін тағайындау үшін, жалпы жер пайдаланушы өз жер усачкесінің шекаралары шегінде жерді заңға сәйкес пайдалануы үшін керек.
- Жер учаскесінің шекарасы белгіленгенін немесе белгіленбегенін қалай білуге болады?
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер учаскелерінің шекараларының бұрылыс нүктелерінде меже белгілері орнатылған белгіленген үлгідегі қорғандар жасалады. Ал елді мекендер шегінде шекаралардың бұрылыс нүктелеріне меже белгілері орнатылады және жер иеленушіге сақтауға тапсырылады. Сонымен қатар әрбір жер учаскесіне жер учаскесінің иесі туралы және жерге орналастыру жұмыстары туралы барлық мәліметтер қамтылған жер кадастрлық іс қалыптастырылады, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық және атрибутикалық базасына енгізіледі, сөйтіп мекеменің мұрағатында сақталады.
- Жер учаскесіне құжат алу үшін қандай көлемде қаражат төленеді?
- Жерге орналастыру жұмыстарын орындау үшін төленетін төлем ақы мөлшері жер учаскесінің көлеміне, периметріне, орналасу конфигурациясының күрделілігіне және т.б. параметрлеріне сәйкес анықталады. Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығымен бекітілген баға Прейскуранты негізінде есептелген сметалармен айқындалады.
- Жер учаскелерінің бір-біріне қабаттасып орналасуы болады ма, ондай мәселелер қалай шешіледі?

- Әрине мұндай мәселелер аз емес. Мұндай жағдайларда бірінші кезекте даулы жер басына шығып, далалық өлшеу жұмыстарын қайта жүргізіп, толыққанды талдау жұмыстарын жүргізу арқылы дау мәселелерін шешуге әрекет жасау керек. Болмаған келіспеген жағдайда жер кодексінің 167 бабына сәйкес жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәрібімен қаралатындығын ескертіп, сот тәртібімен шешуді ұсынамыз. Бұл мәселе жөнінде айта кетуіміз керек, мұндай келеңсіз жағдайлар негізінен өткен ғасырдың 90 жылдарында және 2000 жылдың бас кездерінде орындалған жер учаскелері бойынша кездеседі. Өйткені сол кездегі өтпелі кезеңде жерге орналастыру жұмыстарымен айналысатын біздің мекемеде материалды-техникалық база өте төмен жағдайда болды және білікті мамандар тапшылығы да әсер етті. Сондықтан қазіргі таңда барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар өз құзіреттері шегінде жер учаскелерін түгелдей реттеп, қайта орналастыру жұмыстарын жүргізетін болса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының жер кадастрының материалды-техникалық базасы 30-ға жуық заманауи тұрғыдағы геодезиялық құралдармен жабдықталғанын және 160 білікті мамандармен қамтылғанын айтуымыз керек.
- Сұхбатыңызға рахмет!
Сұхбаттасқан Қуаныш Ермекова




Көрілген: 540    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 18:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31