Рухани жаңғыру

Халықаралық кинофестивальде қазақстандық фильмнің тұсауы кесіледі

  • Халықаралық кинофестивальде қазақстандық фильмнің тұсауы кесіледі

    Халықаралық кинофестивальде қазақстандық фильмнің тұсауы кесіледі

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қарасты «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігінде түсірілген «Хат» фильмі Германияда өтетін 64-халықаралық «Оберхаузен» қысқаметражды фильмдер кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына іріктеліп алынған, - деп хабарлайды Алаш айнасы сайты «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жас режиссер Әділ Мұсатаев түсірген дебюттік картина анасына хат жазуды армандап жүрген балалар үйінің тәрбиеленушісі туралы баяндайды.


- Фильмдегі оқиға шынайы өмірден алынған. Бұл оқиға Өскемен қаласындағы балалар үйінде болған екен. Осы оқиғаны танысымнан ести сала, дайын драматургияның бар екенін аңғарып, оны кино тіліне салып көрмек болдым. Осындай белді кинофестивальде фильмнің тұсауы кесілетініне өте қуаныштымын, - дейді режиссер Әділ Мұсатаев.

«Оберхаузен» кинофестивалінің ресми сайтының мәліметі бойынша, биыл фестивальдің негізгі халықаралық байқауына 33 елден 53 қысқаметражды фильмдер көрсетіледі. Олардың арасында АҚШ, Қытай, Мысыр, Аргентина, Бразилия, Үндістан, Франция, Жапония, Ресей, Қазақстан, Финляндия және тағы да басқа елдерден фильмдер бар. Жалпы осы байқауға 6000-ға жуық фильмдер тапсырыс түскен.

Алпыс жылдық тарихы бар «Оберхаузен» халықаралық қысқаметражды фильмдер кинофестивалі қысқа метрлі фильмдерге арналған ең ірі байқаулардың бірі (1954 жылдан бері өткізіліп келеді). Әлемде өтіп жатқан қысқа метражды фильмдерге арналған бұл байқау күллі әлемнен келген киногерлерге кино төңірегінде әңгіме құрып, оны талқылауға, жаңа трендтер мен есімдерді ашуға кең мүмкіндік беретін бірден бір фестиваль. Дәл осы фестиваль арқылы Мартин Скорсезе, Джордж Лукас, Роман Полански сынды басқа да кино майталмандардың жұлдызы жанған.


 




Көрілген: 5178    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.05.2018, 17:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31