Елбасы идеялары

Жаңа пилоттық жоба жерге қатысты мәселелерді шешеріне сенім мол

  • Жаңа пилоттық жоба жерге қатысты мәселелерді шешеріне сенім мол

    Жаңа пилоттық жоба жерге қатысты мәселелерді шешеріне сенім мол

Жеріміздің көлемі жөнінен әлем бойынша тоғызыншы орындамыз. Жеріміздің көлеміне сай оған қатысты мәселелер де жетерлік. Жер учаскелеріне қатысты заңсыздықтар, оны тиімді игере алмаудың салдарынан жерлеріміздің құнарынан айрылуы, кейбір маңызды жерлердің заңсыз сатылуы, жерге қатысты көзқарасымызды өзгертіп қана қоймай, жерге деген қатынасымызды түзетпесек көптеген қателіктерге ұрынатынымызды байқатып отыр. Осы орайда еліміздің кейбір қалаларында жер учаскелері онлайн жүйесінде беріле бастағаны қуантуда. Бұл жерге қатысты құжаттардың дер кезінде жүзеге асып, саладағы құжат айналымын оңайлатуына, ведомстволар арасындағы жерге қатысты шешімдердің уақытылы орындалып отыруына септігін тигізеді деген үміт мол.
Жер учаскелерінің онлайн жүйесінде берілу пилоттық жобасы әзірге Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтөбе қалаларында ғана іске асуда. Ал басқа аймақтарда жүйені әлі де болса жетілдіре түсу қажеттілігі сезілуде. Бірақ мамандар алдағы уақытта пилоттық жоба өзінің тиімділігін дәлелдеп барлық аймақта жүзеге асарына сеніп отыр. Өйткені құжат айналымын тездетіп, ақпараттық жүйелерді интеграциялау нәтижесінде осы саладағы қызметтердің сексен пайызы электронды түрде көрсетілетіндіктен ашықтық, жариялылылық жолға қойылып, мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 3 есе қысқаратындықтан пилоттық жоба алдағы уақытта басқа да облыстарда өзінің тиімділігін дәлелдейді деген үміт зор. Ведомстволар арасындағы байланысты нығайтып, жер қатынастарына қызметті қолжетімді ету кезеңінде Ауыл шаруашылығы министрлігі нормативтік құқықтық актілерге уақытылы өзгеріс енгізіп отыруы қажет. Ал жергілікті әкімдіктер геопарталдарын біріңғай мемлекеттік кадастр жүйесімен біріктіруі керек. Осы бір жүйе жолға қойылса басқа да облыстарда жер учаскелері онлайн жүйе арқылы үлестіріле бастайды.
Күні кеше ҚР премьер-министрі Асқар Мамин де мемлекеттік қызметті 90 пайыз автоматтандыру басты мақсат болып отырғанын, құжат айналымын жақсартуға қол жеткізетін басқа да қызмет түрлерін онлайн жүйеге көшіру жұмыстарына көңіл бөлініп жатқанын жеткізген еді. "Жер мәселесі бойынша көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру жөнінде үкіметтер геопорталдарында өңірлік мәліметтердің бәрін ынталандыруды аяқтап жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрымен интеграциялау қажет. Мемлекеттен немесе жер учаскесінің басқа иесінен ақылы немесе ақысыз негізде жер учаскесін алуға болады. Жер учаскесін басқа адамнан сатып алғанда жер иесінің міндетті құжаттарына назар аудару қажет" деп жаңа жүйеге қатысты оң көзқарасын да жеткізді. Демек жаңа пилоттық жобаның болашағы зор екеніне сенім мол.
Осы орайда айта кетер жайт, мемлекет басшысы елімізде жер ресурстарын, жерді тиімсіз пайдаланып отырғанымызға қатысты бірнеше рет тілге тиек еткен болатын. Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болған талай азаматтың жерді игермей, босқа ұстап отырғаны, пайдаланылмаған жердің азып тозып бара жатқаны, «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистердің» жердің құнарлылығын жоюына себепші болып отырғаны биік мінберлерде де көтерілген еді. Тіпті кейбір мамандар жерді қайтарып алу туралы да бастама көтерген еді. Және бұл бастама қолдау тауып қазір көптеген жерлер мемлекетке қайтарылуда. Жерге қатысты мұндай маңызды мәселені шешпей, Отандық агро өнеркәсіп кешенін дамытпақ түгілі, жердің тозып, іске аспай қалу қаупі зор болып отыр. Осы орайда мамандар да жерімізді тиімді пайдаланудың пайдасы зор екенін айтады.

Болатхан Махатов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор:
«Жеріміздің көлемі үлкен» деп мақтанып отыра бермей, оның мәселесін дұрыс шешуге, тиімді игеруге, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтаруға, барлық жердің электронды құжаты болуын талап етіп, тұрақты түрде барлық жердің есебін алып отыруымыз керек. Онсыз жердің обалына қалып, бос жатқан жерлер, шекараның арғы бетіндегі елдің «көз құртына» айналып кетеді. Жердің де обал сауабы бар. Игерілмей жатқан жерді алып, басқа игеретін азаматтарға таратып беруіміз керек. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс. Пайдаланылмай жатқан жер учаскелерінің иелеріне айыппұл салып, мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс. Бір ғана облысты мысалға алу арқылы қаншама жердің қадағаланусыз қалғанын байқаймыз. Мәселен Қостанай облысында өткен жылы 504 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері мақсатты пайдаланылмаған. Олардың басым бөлігі шаруа қожалықтары мен серіктестіктер. Олар ұзақ уақытқа жалға алады да, еш пайдалана алмай, өз шаруашылығын жүргізе алмай, жері бос жатып қалады. Қазір қолда бар деректерге сүйенсек, Қостанай облысында 80 мың гектар жердің иесі ескерту мен айыппұлдан соң, өз жерлерін игере бастаған. Егістік жерлерге егін егіп, мал жайылымдық жерлерде мал шаруашылығымен айналысуда. Ал бос жатқан жерлердің 320 мың гектары мемлекетке кері қайтарылып отыр. Әлі де болса осы аймақта 222 мың гектар жердің игерілмей жатқанын қадағалаушы органдар анықтап беріп отыр. Демек алдағы уақыттарда ол жерлердің де мәселесі оң шешіледі. Негізі біздің еліміздің агрокешенді мемлекетке айналуына мүмкіндігі мол. Осы жерлерді дұрыс пайдалана алсақ, талай елге сапалы астық пен ет тасымалдап-ақ экономикамызға оң әсер ете алар едік. Қазір жерлердің қадағаланып, онлайн жүйе арқылы ғана таратыла бастауы бізді қуантып отыр. Демек мұндай бақылау алдағы уақытта жерге қатысты мәселелердің де алдын алуға ықпал етеді.


Қуаныш Ермекова
 




Көрілген: 1489    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.02.2020, 10:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31