Жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алуы тиіс

Жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алуы тиіс

«Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз.
Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар
мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ.
Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін,
Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін,
Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың
киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып,
ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді.
Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің
мызғымас негізін құрайды».

 

Нұрсұлтан Назарбаев
 

 

 

Қазақ баласына бабадан ұлан-ғайыр жер ғана емес, бабалар өмірінен сыр шертетін бай мұра да қалған. Ал бабалар мұрасын сақтау, оны бүгінгі заманмен астастыру ұрпаққа аманат.

 

Ұлы дала төсінде қазақ тарихынан сыр шертетін киелі орындар - қорғандар, кесенелер, елді мекендер, діни сәулет ғимараттары, ғибадатханалар, қорымдар баршылық. Алайда, Кеңес Үкіметі тұсында қазақ жеріндегі қасиетімен танылған кесенелер, елді мекендер, діни сәулет ғимараттары, ғибадатханаларға тиісті дәрежеде көңіл бөлінген жоқ. Оның бір себебі атеистік көзқарас болса, екінші себебі отаршылдық солақай саясат еді.

 

Ұлы бабалар тарихынан сыр шертетін киелі жерлерге қажетті дәрежеде көңіл бөлу Қазақстан Егеменді ел атанған тұста ғана мүмкін болды. Алайда Тәуелсіздік алған алғашқы жылдар Қазақстан үшін ауыр кезең болғаны әмбеге аян. Зауыттар мен фабрикалардың жұмысы тоқтады. Ауыл шаруашылығы тұралады. Мал басы күр азайды. Жұмыссыздық белең алды. Ел экономикасы құлдырады. Әрине мұндай кезеңде киелі жерлерді қалпына келтіру туралы сөз қозғаудың өзі артық болар еді.

 

Десе де, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегі, көреген саясатының арқасында Тәуелсіз Қазақстан қысқа мерзім ішінде аяққа тұрды. Ел экономикасы қарыштап өсті, халықтың әлеуметтік жағдай тұрақталды.

 

Тарихы жоқ ел – ел болмайды. Тарихын білмеген елдің болашағы бұлыңғыр. Сондықтан тарихты түгендеу ұрпақтың ата-бабалар алдындағы міндеті ғана емес, тұғырлы ел болудың басты шарттарының бірі. Мұны ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жақсы түсінді.

 

Сондықтан да болар, Елбасы 2017 жылғы сәуірде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жасау туралы бастама көтерді. Оның басты мақсаты – халық санасына киелі жерлер ұғымын сіңіру.

 

Елбасы мақаласынан соң «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жасауға тарихшылар, этнографтар, археологтар, филологтар мен шығыстанушылар жұмыла кірісті. Мамандар жасаған киелі мекендер тізіміне тас дәуірінен бастау алып, егеменді ел болғанға дейінгі тарихты қамтитын қасиетті нысандар енді.

 

Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына арналған республикалық форум ұйымдастырды. ҚР Ұлттық музейі жанынан «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығы құрылды. Орталықтың мақсаты - Қазақстанның киелі жерлер географиясы жобасын тиімді жүзеге асыру еді. Өлкетануды дамыту орталығы алға қойған мақсатты жүйелі түрде іске асырып келеді.

 

Қазақстанның киелі жерлер географиясы жобасын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылы республикалық этномәдени экспедициялар ұйымдстырылды. Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары», «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» атты кітаптар мен «Қасиетті Қазақстан» атты энциклопедия жарық көрді.
2021 жылға дейін бес томдық энциклопедия шығару жоспарланған. Сонымен қатар әр өңірдің жеке энциклопедиясын жасау да көзделіп отыр.

 

Жалпы, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында бүгінге дейін атқарылған жұмыс аз емес. Ұлттық маңызы бар объектілер бойынша «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» көп функционалды виртуалды картасы, өңірлік маңызы бар объектілер бойынша «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» интерактивтік картасы жасалып, жұртшылыққа таныстырылды.
Сондай-ақ, Қазақстанның жалпы ұлттық қасиетті объектілері туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мобильді форматтағы бейнероликтер түсіріліп, халық назарына ұсынылды.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» - деген болатын.

 

Дана халқымыз «ұлыңды ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген. Яғни, «киелі» деген ұғымды тарихи құндылықтар тұрғысынан ғана түсіндіріп қоймай, қазіргі заман талабына сай тұжырымдап, жас ұрпаұтың санасына сіңіру қажет. Ал мұның отанын, ұлтын сүйетін ұрпақ тәрбиелеудегі рөлі аса зор.

 

Қалдар Кумекбаев

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста