Елбасы идеялары

Жерге жаңаша көзқараспен қарауымыз қажет!

  • Жерге жаңаша көзқараспен қарауымыз қажет!

    Жерге жаңаша көзқараспен қарауымыз қажет!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жылы халыққа арнаған Жолдауында жер мәселесіне арнайы тоқталып, «Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар. Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуі тиіс. Осыған орай Үкіметке тиісті тапсырма берілді. Бұл – маңызды міндет» деген болатын.
Сондықтан қазір жер мәселесіне жете көңіл бөлініп, еліміз жерге қатысты мәселелерді тиімді шешіп, пайдаланылмай игерусіз жатқан жерлерді мемлекет игілігіне қайтаруға, ал бос жатқан жерлерді тиімді игеруге тырысып жатыр. Шын мәнінде бұл жер мәселесіне үлкен бетбұрыс екені айтпаса да түсінікті.
Жерге деген мұндай жаңаша көзқарастың, басқаша қатынастың қалыптасуы жердің жағдайын жақсартып қана қоймай, ауылшаруашылығы саласын дамытуға, экономикамыздың көтерілуіне, жұмыс күшінің көбейіп, халықтың әл-ауқатының артуына да өзінің оң септігін тигізеді. Яғни жер біздің басты байлығымыз екенін түсініп, тиімді пайдалануға көңіл бөлуіміз қажет. Бұл туралы да Президентіміз «Жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі өте өзекті болып отыр. Жерге салынатын тікелей салықтар деңгейінің төмендігі жағдайды күрделендіре түсті. Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр» деп атап өткен болатын. Нәтижесінде биыл сең қозғалып, талай жермен талапқа сай жұмыстар жүргізіліп жатқанына куә болып отырмыз.
Айта кетер жайт қазіргі таңда жалпы жердің үштен бір бөлігі эрозияға ұшырап, жарамсыз болып барады екен. Жердің тозуына топырақ құнарының төмендеуі, жерді дұрыс игермеу секілді себептер жатады екен. Яғни жерімізге қатысты көзқарас бұрынғы қалпында қала берсе жеріміздің жарамсыз күйге түсу қаупі зор болатын. Мамандардың айтуынша, жалпы жердің 33 пайызы пайдалануға жарамсыз көрінеді. Сондықтан бұл мәселе бүкіл әлемдік проблемаға айналып отыр. Тіпті кейбір шет мемлекеттер жердің құнарлылығын ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлшегі ретінде қарастыруда. Ал Ресей ғалымдары «Топырақ туралы заң» қабылдау қажеттігі туралы ұсыныс та айтқан болатын. Сондықтан алдағы уақытта жер мәселесін тиімді шешетін осындай шаралар біздің елімізде де жасалса нұр үстіне нұр болар еді.

Өйткені еліміздің жерінің жағдайы мәз емес. Елімізде құрғап, шөлейттеніп бара жатқан жерлердің көлемі жыл өткен сайын өсіп барады. Мәселен қазір еліміздегі жер көлемінің 180 млн гектардан астам аумағы тозғаны белгілі болып отыр. Сондықтан қолға алынған шаралар жердің жағдайын қалыпқа келтіреріне сенім мол.
Жанұзақ Әкім, экономист:
Жер ресурстарын тиімді пайдаланып, бос жатқан жерлерді дер кезінде мемлекет құзырына қайтарып, іскер тұлғаларға беру жұмыстарының дер кезінде қолға алынғанына қуанамын. Республика бойынша шамамен 1,5 млн гектардай жер игерусіз жатыр екен. Ал игерусіз жатқан жерді қалай анықтаймыз? Игерілмей жатқан жерлер құнарлылығының төмендеуіне, егістік алқаптың айналымнан шығып қалуына қарай жерді тиімсіз пайдалану ретінде бағаланып, басқа шаралар қабылданады. Сондай-ақ жер телімдерін заңсыз немесе мақсатсыз пайдаланып жатқандарды анықтап шаралар жүргізу жерге қатысты жауапкершілікті күшейтеді. 2015 жылы бекітілген жерді тиімді пайдаланудың қағидалары бар. Сол қағидаларға сүйене отырып шешім шығарылады. Жер кодексінің 92 бабына сәйкес жерді пайдаланудың тәртіптері мен мерзімдері бар. Жергілікті жердегі атқарушы билік өкілдері қолдарындағы құқықтық құжаттарға сүйене отырып, жер берілуі тиіс адамдардың санатына қарай жерді бөліп отырады. Қазір жерді тиімсіз пайдаланғандардың қара тізімі жасалып, Жер кодесінің 96 бабына сәйкес арнайы плаформада ілінетіні туралы да хабарланған болатын. Қазір онда бұрын пайдалануға беріліп, кейін сот шешімімен қайтарылған жер учаскелері мен олардың иелерінің тізімі көрсетілген.
Қуаныш Ермекова

 




Көрілген: 1449    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 17:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31