Рухани жаңғыру

Жерлесіміз Қытайда өткен кинофестивальде үздік актер атанды

  • Жерлесіміз Қытайда өткен кинофестивальде үздік актер атанды

    Жерлесіміз Қытайда өткен кинофестивальде үздік актер атанды

Отандық кино өнері тағы да олжалы болды. Нақтырақ айтсақ, «Біздің қаланың ханзадасы» фильмінде басты рөлді сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеубек Аралбай Қытайдың Циндао қаласында маусымның 13-і мен 17-і аралығында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдері кинофестивалінде «Үздік ер адам рөлі» жүлдесімен марапатталды, - деп хабарлайды Алаш айнасы киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


«Біздің қаланың ханзадасы» көркем фильмі Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Адигул продакшн» кинокомпаниясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірілген. Фильмде жалғыздықтың күйін кешіп жүрген балалар үйінің 6 жасар тәрбиеленушісі мен қарттар үйінің ардагері арасындағы достығы туралы баяндалады.


Фильмнің жалпы мазмұны жайында айтар болсақ, бұл Бибол есімді ерекше бала мен музыкант Қасымхан есімді қария туралы әсерлі оқиға. Ал, негізгі желісі - бала мен қарттың кездейсоқ кездесуі туралы өрбиді. Бұл фильмдегі драматизм бір-біріне мүлде бөтен бас кейіпкерлердің соңында етене жақын болып кетулері. Фильмнен – адамның адамгершілік қасиеттерінің арқасында ғана шын бақытқа жететінін көруге болады.


«Адамдар арасындағы бөлтірік», «Қызғыш құс», «Махаббат бекеті» сияқты туындыларымен белгілі болған Қазақстанның халық артисі Талғат Теменов фильмнің режиссері әрі сценариінің авторы. Басты рөлдерді Ануар Толеугажы мен «Жаужүрек Мың Бала», «Жоюшы», «Тығырықтан жол тапқан» фильмдері арқылы көпшілікке таныс Төлеубек Аралбай сомдады. Сонымен қатар, фильмге Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыка және драма театрының актерлері түскен.


Туындының түсіру жұмыстары Астанада және Ақмола облысының Бурабай ауылында жүргізілген. Ал, фильмнің тұсаукесері 2017 жылы 1 маусымда, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласында өтіп, содан кейін қазан айында еліміздің кинотеатрларынан көрсетілді. Сонымен қатар, аталмыш кинотуынды қыркүйек айында Ресейде өткен ІІ Халықаралық «Еуразиялық көпір» кинофестивалінің негізгі бағдарламасы шеңберінде көрсетілген еді.


Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдері кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына 23 кинолента қатысты, олардың арасында екі отандық картина көрсетілді. Жалпы кинофестиваль көрермендерінің назарына 60 картина ұсынған еді.


Айта кетсек, ШЫҰ аясындағы кинофестивальді ҚХР мемлекеттік кинематография басқармасы мен Шаньдун провинциясының әкімшілігі ұйымдастырған.




Көрілген: 3533    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.06.2018, 09:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31