Елбасы идеялары

Жерімізді - ел байлығына айналдырар күн жақын!

  • Жерімізді - ел байлығына айналдырар күн жақын!

    Жерімізді - ел байлығына айналдырар күн жақын!

Қазақ халқы үшін ежелден жер мәселесінің маңызы зор! Ата бабаларымыз «білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» сан ғасырлар бойы қорғап қалған жерімізді, алдағы уақытта да күтіп, ел игілігі үшін пайдаланып, тоздырмай пайдаланып ұрпаққа қалдыру, талапқа сай игеру басты парыз. Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдар ішінде жер қатынастары құқығын бекітуге, жер мәселелерін тиімді шешу бағытында біршама жұмыстар атқарылып, құқықтық құжаттары белгіленіп, жермен неғұрлым дұрыс қарым қатынас орнату бағытында көптеген жұмыстар атқарылды. Жер көлемі жөнінен тоғызыншы орын алатын елімізде жерге қатысты мәселені дер кезінде шешіп отырудың маңызы зор. Өйткені жердің көлемімен ғана емес, оны дұрыс игерумен де мақтануымыз керек.
Жер мәселесін сөз етіп отырып, жалпы аумағын да ашып айта кетсек, ауызекі тілде тоғызыншы орында деп сипаттап жүрген жеріміздің жалпы көлемі 272 490, 2 мың гектар жерді құрайды екен. «Кең байтақ, дархан даламыздың» ішінде үлкен маңызға ие болып табылатын жерлер – бұл ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер болып табылады. Ал ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің көлемі бүгінгі күні –962786,3 мың гектарды құрайды екен. Яғни агроелге айналуға мүмкіндігіміз зор. Сондықтан «жерімізді басты байлығымыз» деп айтуға болады.


Жер мәселесі ел мәселесі
Осы орайда айта кетер жайт, еліміз Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде жер қатынастарын өзгертуді көршіміз Ресейдің жер реформасының тәжірибесіне сүйене отырып жасады. Нәтижесінде жердің айналасында қордаланған көптеген мәселелер тиімді шешімін тапты. Әйтсе де уақыт өте жер мәселелеріне дұрыс көзқарас қалыптастырып, жердің құқығын қорғаймыз, жер қатынастары мәселесін азайтамыз десек жер қатынасына қатысты заңнаманы жетілдіру, уақыт сұранысына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отыру қажеттілігі сезілді. Сондықтан осы уақыт ішінде араға уақыт салып «Жер Кодексі» толықтырылып отырды. Ірі қалалардың төңірегіндегі заңсыз басып алынған жер учаскелерінің көбеюі, заңсыз құрылыстардың бой көтеруі, жекеменшікке беріліп, қараусыз, күтімсіз жатқан жерлер мәселесі, жер қатынастары саласының жемқорлыққа батқан сала ретінде көрінуі, кезінде ұзақ уақытқа жалға беріліп, кейін қараусыз қалған жерлердің де көбеюі жер заңнамасын жетілдіру қажеттігін сездірткендей еді. Сондықтан еліміздегі құзырлы орындар уақыт сұранысынан туындаған мұндай мәселені қанағаттандыру үшін заңнаманы жетілдіруге көшті.

 

Жердің құқығы өзекті
Бүгінгідей өркениет заманында жерге қатысты дауды шектеудің, жерге қатысты мәселелердің алдын алудың бірден бір жолы заңды қатайтып, осы төңіректегі мәселелерді құқық шеңберінде шешуді жетілдіру екені айтпаса да түсінікті. Осы орайда заңдарымыз жетілдіріліп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы осы ретте жердің құқықтық тұрғыдан қорғалуына ғана емес, саладағы қордаланған мәселелердің өз деңгейінде шешілуіне де түрткі болды. Жалпы еліміз Тәуелсіздік алған сәттен бастап, Елбасымыздың бастамасымен шекарамыз белгіленіп, жер мәселелерін тиімді шешуді көздеді. Соның дәлелі 1995 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер туралы» Жарлығы шықса, 2001 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Заңы қабылданды. Іле шала 2003 жылы 20 маусымда Қазақстан Республикасының «Жер кодексі» қабылданды. Кейін сұранысқа сай заңнамамыз толықтырылып, 140-тан астам нормативтік актілер қабылданды. Яғни бұл өзгерістердің барлығы сол кезеңде жердің құқықтық мәртебесінің анықталуына ықпал етті. Алайда тағы да сол уақыт пен заман сұранысына орай бүгінгі күні олардың жартысы өз күшін жоғалтты.

 

Жаңа заңның игілігі
Осы орайда айта кетер жайт, жеріміздің құқығына қатысты енгізілген соңғы өзгерістер көптің көкейінен шықты. Атап айтқанда соңғы өзгеріс жеріміз бен шетелдіктердің жерге қатысты құқығын айқындап берді. Яғни ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелерін шетелдіктерге жалға беру мәселесі бойынша бірқатар нақты шектеулер енгізілді. Шыны керек бұл халқымыздың көңілін күпті еткен мәселелердің бірі болатын. Тіпті жер мәселесіне алаңдаған көпшілік осы мәселеге орай ашық қарсылықтарын да көрсетті. Алайда осы заң жобасына енгізілген өзгерістерден соң жер тағдырына бей жай қарай алмайтын халық біршама басылғандай болды. Өйткені бұған дейінгі қолданыстағы заңнамаға сай шетелдіктерге жерді жалға беру мәселесін аудандық немесе ауылдық мәслихаттар өзара ақылдасып отырып-ақ шеше беретін еді. Осыған алаңдаған халық «жердің ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетуі мүмкін тағдырына алаңдаған болатын. Мұндай жерге қатысты атүсті шешім талай адамның наразылығын туғызған болатын.
Ал енді жерімізге ешқандай шетелдік иелік ете алмайды. Осы секілді өзгерістер жерге қатысты туындап отырған барлық мәселенің тиімді шешілуіне ықпал етті. Сондай-ақ осыған дейін талай жер қолдан қолға өтіп, заңсыз құрылыстың жүргізілуіне мұрындық болғаны рас. Ендігі жерде бұл мәселе е қатаң қадағаланады. Ал мемлекеттен тегін жер алып, оны бірден сату, тегін берілген жерді саудаға салатындар үшін жер учаскелерін игеру талаптарын енгізді. Яғни ендігі жерде осындай туындайтын мәселелердің барлығының жолын кесу заңға сай жоспарланған. Кез келген азамат мемлекеттен өзіне тиесілі 10 соттық жерді алып, оны бірден сата алмайды. Ал сатқысы келетін болса, оған тек үй салып барып қана, үй-жайымен бірге сата алады. Заңсыз жер айналымының жолын кесетін мұндай жетістіктер жаңа заңнамамызда жетерлік. Тағы бір айта кетер жайт, бос, қараусыз жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлеріне салынатын салықты 20 есеге арттыру арқылы алдағы уақытта жердің құнары жақсарып, бос жатқан жерлерді игеру арқылы еліміздің ауылшаруашылығы саласын дамыту да қолға алынатынына сенім мол.

 

Жер – басты байлығымыз
Ұлт көшбасшысы – Н.Ə. Назарбаев осыдан бірнеше жыл бұрын өз Жолдауында, жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай келе "Жер табиғи байлықтармен жəне жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған факторлардың бірі" ретінде бағалаған болатын. Елбасының сөзінің жаны бар. Жерді адам дұрыс қолдана білсе, онда оның құнарлығы жоғалудың орнына, керісінше арта түседі. Жер оны пайдаланбағаннан, қараусыз қалдырғаннан азып-тозып, құнарлылығын жоғалтатынын түсінуіміз керек. Жер бетінің көлемі белгілі мөлшермен шектелген, сондықтан да оның көлемін адамдардың қажеттілігіне байланысты ұлғайтуға келмейтінін баршамыз жақсы білеміз. Сондықтан бар жеріміздің қадіріне жету, жер қатынастары мәселелерін тиімді шешу басты мақсатымыз болуы керек. Сондай-ақ жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығымызға айналдыру жайлы да Елбасы тарапынан баса айтылған мәселе болатын. Жерге қатысты бүгінгі күні жасалып жатқан өзгерістер жердің игілігін көруді айқындай түсері анық. Жерді пайдалану мен оны құқықтық тұрғыдан қорғау ісі жыл сайын жетілдіріліп, қоғам сұранысына сай боларына сенім мол!

 

Маман пікірі
Мырзабек БЕКБЕРДІ, заңгер:
- Осы жылдар ішінде еліміздегі жерге қатысты мәселелер біршама шешілді. Тіпті жер қатынастары саласына қатысты мәселердің алдын алу үшін уақыт сұранысына сай, жердің құқығын заңдық тұрғыдан бекітіп жатырмыз. Мұның барлығы жерге қатысты мәселелердің оң шешілуіне ықпал етті. Жер қатынастарына қатысты мәселелерді шешудің бір жолы оны құқықтық тұрғыдан қорғау болса, екіншіден, оны тиімді пайдалану, игеру болмақ. Демек ендігі жерде жерді игеруге тырысуымыз керек. Пайдаланылмаған жер азып-тозып, өзінің құнарын жоғалта береді. Сондықтан алдағы уақытта ауылшаруашылығын дамытып, агро мемлекетке айнала алсақ, бұл ел экономикасын алға сүйрейтін негізгі нысан болмақ! Сондықтан бүгінгі күні салада атқарылып жатқан жұмыстар алдағы уақыттағы жерді тиімді игерудің алғашқы баспалдақтары деп ойлаймын!

Қуаныш Ермекова
 




Көрілген: 725    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.03.2020, 19:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31