Рухани жаңғыру

Жетінші арнамен – туған елге саяхат (фото)

  • Жетінші арнамен – туған елге саяхат (фото)

    Жетінші арнамен – туған елге саяхат (фото)

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» тармағына сәйкес, «Жетінші арна» эфирінен «Туған елім» атты жаңа жоба жұртшылық назарына жол тартты. Аталмыш жоба телекөрермендерге Еуропаның бірнеше елі еркін сыйып кететін қазақ даласының тарихи жерлерін таныстырады.


Ежелгі грек ойшылы Сенека «Отаныңды басқадан мықты болғандықтан емес, өзіңдікі болғаны үшін сүйесің» деген екен. Ал, Қазақстан халқына туған жерге, елге пайда тигізіп, оның дамуына үлес қосудың жаңа үлгісін ұсынған, яғни, бірер жыл бұрын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске қосқан Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бір сөзінде «Біздің бұл дүниеде жалғыз Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан» деп баса айтқан еді.



Ұшқан құстың қанаты талатын кең-байтақ қазақ даласы өзіміздікі болғанымен, тұмса табиғаты, қазба байлығы, тіпті, түкпір-түкпіріндегі қаймана халықтың ұстанып отырған түрлі әдет-ғұрып, салт-санасымен толықтай таныспын деп ешкім айта алмаса керек. Міне, осыны ескерген «Жетінші арна» ұжымы «Туған елім» бағдарламасы арқылы көгілдір экран алдында отырған көпшілікке ұлан-ғайыр жерімізді, тарихи өлкелерді таныстырмақ. Телекөрермендерді әр өңірдің тыныс-тіршілігімен актер, компазитор Қадырғали Көбентай мен жас актер Медет Рахымбергенов таныстырып, саяхат барысында сол жерде туып-өскен танымал тұлғалармен тілдесіп, қызықты оқиғаларды бастан кешеді.



Жаңа бағдарламаның мақсаты – ақындар мен батырлардың, ойшыл, даналар мен ақжаулықты аналардың ізі қалған қазақ жазирасындағы әр өңірдің тарихымен, ондағы тұрғындардың ұстанып отқан салт-дәстүрімен, әлеуметтік жағдайымен танысып, бүгінгі бейнесін көрсету. Бұдан бөлек, жаңа жоба сол өлкелерде туған ұлы тұлғаларды да насихаттауды ұмыт қалдырмады. Қазақ тілінде түсірілген бағдарламаны осы сенбі сайын «Жетінші арнадан» тамашалаңыз. Сонымен қатар, «Жетінші арнаның» YouTube желісіндегі арнасы арқылы қайталап көруге мүмкіндік бар.




Жобаның келесі саны Жамбыл және Түркістан облыстарына арналды. Екі облыстың да ел тарихынан ерекше орын алатыны сөзсіз. Ендеше, бірінің 2 мың жылдық тарихы бар Әулиеата және биыл ғана өз алдына жеке облыс болған Түркістан өңірлеріне «Жетінші арнамен» бірге саяхаттап, қызықты оқиғаларға, ғибратқа толы әңгімелердің куәсі болыңыз! Ал, бағдарламаның өткен екі санын YouTube желісінен қайталап көріңіз




Көрілген: 883    Пікірлер: 0

жұма, 26.10.2018, 10:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31