Ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және қоршаған орта

Қазақ даласының экологиялық ерекшеліктері

  • Қазақ даласының экологиялық ерекшеліктері

    Қазақ даласының экологиялық ерекшеліктері

«Саптама етіктен керзі етікке көшкенде
жалаң аяқ жүрген баладай болып қаламын»

Атамның сөзі.

 


Қазақ даласының географиялық координаталары 51°17′42″ бойлықтар мен 77°44′59″ ендіктердің арасында, теңіз деңгейінен 130 метр биіктікте орналасқан. Дала туралы сөз қозғағанда оның табиғи шекараларының ерекшеліктерін айтпай кетуге болмайды. Қазақ даласы табиғи оқшауланған жер болып таблылады. Батысы мен Солтүстік Батысы және Солтүстігі орман алқаптарымен қоршалған. Шығысында және Тарбағатай тауларымен көмкеріледі. Ал Оңтүстік Шығыс өлкелерінде Алатау және Қаратаулармен қоршалған. Оңтүстігі құм аралас дала болса, ал Аралдан Каспийге дейін құм аралас тақыр жерлер. Оңтүстік Батысында Каспий теңізі. Міне осындай «табиғи шекаралармен» қоршалған алқап «Қазақ даласы».

 


Енді осы шекараларға қысқаша тоқтала кетейік. Орманды алқап қылқан жапырақты ағаштардан тұрады. Олар қысы - жазы жапырақтарын үздіксіз жаңартып отырады. Ескірген жапырақтар уға айналып ағаш төңірегінде шөп шықпай таза қара топыраққа айналады. Яғни орман жыл бойы тазарып, жаңарып отырады. Ал таулы жерлерге келсек, олардың басы мәңгі қар болса, орта кезеңі қалқан жапырақты ағаштардан тұратын орман алқабы.

 


Ол жерде де тазару, жаңару жыл он екі ай бойында үздіксіз жүріп тұрады. Тау басындағы мұздықтар еріп суға айналып және қар жауғанда толықтырылады. Тек Қаратау бөктерлері ғана жаңбыр суымен жаңарып, тазарып тұрады. Оңтүстікте орналасқандықтан құмды жазықтар қысқы суық пен жазғы аптап ыстықтарда түрленеді. Ал құмды тақырлар азынаған ыстықта желдің арқасында бір тазарып қалады. Каспий теңізі - ол бір рахат дүние. Бірақ біз оның рахатын осы күнге дейін көре алмай отырмыз! Міне осындай Ауа және Жер шекараларымен қоршалған Дала климаты ерекше.

 


Қазақ даласының жері жұмсақ. Оның дәлелі жауған жаңбыр және қар еріп жерге сіңіп жер асты теңіздерін құрайды. Мысалы Европада жаңбыр және қар сулары жерге сіңбей дария өзен болып ағып жатады. Себебі олардың жерлері тасты, су сіңбейді. Дәл солай Сібір жерлері де тасты және батпақты жерлер болып келеді. Су сіңбейді Осыған байланысты су мәселесі Қазақстанда бірінші кезекте тұр. Әзірге бұл проблема білінбей тұр. Өндіріс пен өнеркәсіп дамыған сайын су мәселесі өткір бола береді. Бірақ соған қарамастан қазақ даласының құмды алқаптары жалаңаш емес. Көктем шыға құлпырады. Құмды жерлерде түйежапырақ, жуа, сарғалдақ қаптап өседі. Оның себебі температураның күндіз және түнде күрт өзгеруімен байланысты. Мәсалы, күндіз темпетарура 42 градус болса, түнде, таң алдында температура 12 градусқа дейін төмендейді. Айырмасы 30 градус. Күн шыққанда ауа лезде жылып, конденсат процесі жүреді, яғни шық тұрады. Шықтың суы мөлдір таза болады, құрамында минералдар болмайды. Судың құрылысы кристалды болады. Мұндай су топырақтағы минералды ерітіп өсімдіктерге күш қуат береді. Израильде тамшылап суғару технологиясы шықты да, қуаң даланы көкке айналдырып жіберді. Кейде шәйдан гөрі су ішкен артық деп жатады. Әрине, бірақ қандай су. Сіз суды мұздатқышқа қойып қатырып, содан кейін ерітіп ішсеңіз, осындай судың пайдасы өте зор. Мұны бізге табиғаттың өзі меңзеп отыр. Қазақ даласының құмы дәл осы «технологияны» қолданады. Құм туралы сөз болғанда құмда өсетін сексеуіл туралы айтпай кетуге болмайды. Сексеуіл қалқан жапырақты. Оның негізгі қасиеті жылу өткізбеуінде. Сексеуілдің жылу өткізу коэффициенті 0,9 - ең үлкен сан. Мұндай жылу өткізу коэффициент тіпті Африкада өсетін ағаштарда да кездеспейді. Жылу өткізбеу қасиетіне байланысты, сексеуілдің бойына жиналған ылғал ұзақ сақталып, тамырлары үнемі нәрлі болып тұрады. Табиғаттағы жаңарту, тазару туралы айтқанда қазақ даласында жылына екі рет жаңару болады. Соның бірі біз білетін 22 наурыз. Бұл - қысқы жаңарудың аяғы және гүлденудуің басы. Қыста қалың қар түсіп, аяз болып, керек емес нәрселердің бәрі аязда үсіп, қырылып, шіруге айналады. Көктемге дейін қалдықтар толық шіріп жойылып, топыраққа айналып, жерге құнар береді. Қазақтар қар мен аяздың неше түрлі аттарын білген. Бұл тегін емес. Өкінішке орай біз мал шаруашылығымен жаппай айналыспағандықтан олардың аттарын білмейміз. Қар мен аяздың түрлеріне байланысты көктемге дайындық жүргізіледі.

 


Қазақ даласының барлық жері қыста суық болмаған. Географиялық білімі зор ежелгі тұрғын халық қай жерде қыста жылы болатынын білген. Соған қарай көшу процесін ұйымдастырған. Олар малды қорада ұстамаған. Мал жайылымда немесе үйірімен төбе басында тыныққан. Төбе басы ылғалды болмағандықтан мал өкпе ауыруымен ауырмаған. Төбе басындағы малды бақылап отыратын итті Төбет (төбедегі ит) деп атаған.

 


Енді даланың екінші тазаруы, ол жазғы жаңару. Көктемде егіс алқаптары дайындалады. Табиғат өсуге кіріседі, яғни жабайы өсімдік тағамдары пайда болады. Олардың бәрі алғашында шикі, яғни удай ащы болады. Тек жазғы аптап ыстықтан кейін пісе бастайды. Бұл тазарудың, жаңарудың басы ғана еді. Бұл процесс қыркүекке дейін аяқталады. Малды ұрықтандыру басталады. Өсімдік жемістері пісіп жетілгенде, дәл осы сәтте малды ұрықтандыру басталады. Бұл кездейсоқтық па? Жоқ! Бұнда біз білмейтін бір тылсым құпия бар. Дәл осы кезең болашақта пайда болатын төлдердің сапасына оң әсер етеді. Дүниеге сапалы мал өнімдері келеді. 22 қыркүйектен, яғни күн мен түннің күзгі теңесуінен бастап, қоңыр күз басталады. Көктемгі көңіл күй аяқталып, терең философиялық ой толғамдары басталады. Қоңыр күз, күзгі қара суық, қақаған қысқы аяз, осының бәрі адамның жігерін қайрап, қайраттандыра түседі. Балалар бүрсең қағады. Себебі балалар үшін бұл бір ұзақ, шегі жоқ сияқты кезең еді. Олардың психологиясы әлі бұндайға дайын емес. Бірақ үлкендердің бойындағы жігерді көріп олар да шыдауға тырысады. Осылай Адам қалыптасады. Олар кейін тек қана табиғаттың ыстық суығына ғана емес, өмірдің де «ыстық –суығына» төзімді келеді. Бұл Адам мен Табиғаттың өз ара байланысының бір көрінісі ғана.

 


Енді қысқы және жазғы жаңартулардың басы қай кезден басталады деген сұраққа келсек, ол әрине желтоқсанның жиырма екісінен (қысқы жаңарудың басы) маусымның жиырма екісінде (жазғы жаңарудың басы) басталады. Бұл даталарға біз ерекше көңіл аударамыз. Жиырма екінші қыркүйектен жиырма екінші желтоқсанға дейін горизонттағы күн шығысының жүру аралықтарын көрсетеді. Егер жиырма екінші қыркүйекте күн бір төбеге шықса, онда күннің шығысы осы екі төбелердің арасында жүріп тұрады. Дәл сол сияқты жиырма екінші наурызда күн бір төбеде батса, ал жиырма екінші маусымда күн екінші төбеде батса, онда күннің батысы осы екі төбенің арасында жүріп тұрады. Осы аралықтағы күннің ауа райына және жұлдыздардың орналасуына байланысты болашақтағы күн райын болжауға болады. Қазақ даласы негізінен жазық болғандықтан, бұл болжамдарды жасауға мүмкіндік зор және жер тегіс болғандықтан болжамның дәлдігі де жоғарырақ. Ал ауа райын дәл болжау мал және ауыл шаруашылығының дамуына үлкен септігін тигізеді.


Ләззат Сейтқазықызы Спанқұлова,
Экономика ғылымдарының докторы,
Алматы технологиялық университетінің
профессоры

 

АЛАШ АЙНАСЫ

 




Көрілген: 452    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.02.2020, 15:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30