Рухани жаңғыру

Қазақ хандығының екінші маусымындағы соңғы және негізгі эпизодтар Түркістанда түсірілмек

  • Қазақ хандығының екінші маусымындағы соңғы және негізгі эпизодтар Түркістанда түсірілмек

    Қазақ хандығының екінші маусымындағы соңғы және негізгі эпизодтар Түркістанда түсірілмек

Көктемде Алматы облысында басталған «Қазақ хандығы. Алтын тақ» сериялының екінші маусымы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында жалғасуда. Облыс әкімі түсірілім басталар алдында шығармашылық ұжымды қабылдап, барынша қолдау көрсететінін білдірген еді.

Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының желісі бойынша түсіріліп жатқан тарихи жоба идеясының авторы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Туындының алғашқы бөлімін көрермен қауым өте жақсы қабылдаған еді. Міне енді екінші маусымы Алматы облысында басталып, Оңтүстіктегі Түлкібас ауданының Елтай ауылы аумағындағы Иір су деген жайлауда түсірілу үстінде. Бұл жерде Керей мен Жәнібек хандардың мекені жайында яғни төрелер ауылының көріністері таспалануда. Қазақ хандығы мен Шайбандар арасындағы қиян-кескі шайқас та осы жерде жүреді.

Туындының редакторы Ерлан Төлеутай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «ОҚО, Түлкібас ауданының Ақсу Жабағылы қорығының батыс беткейі жағында "Қазақ Елі" тарихи сериалының екінші маусымының түсірілімдері жалғасуда. Биылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан түсірілім тобының қыз жігіттерінің жан аямай еңбек еткенінің арқасында түсірілім жұмыстары бір сәтке болсын тоқтаған жоқ. Əзірше кестеден қалмай, жоспарланған түсірілімдерді күнбе күн түсіріп үлгерудеміз. Түсірілім тобының көңіл күйлері жақсы» - деп жазды.

Сонымен қатар редактор жазбасында фильмнің көпшілікпен байланыстырылған ең қиын, күрделі түсірілімдері түсірліп болғаны, күнде 12, кей күндері 14 сағаттан тынбай жұмыс істелініп жатқандығы да айтылған.

Қоюшы-режиссері Рүстем Әбдірашов өз сөзінде жұмыстарына барынша қолдау көрсетіп, түсірілім алаңын қажетті дүниелермен қамтамасыз етіп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне алғыс айта отырып соңғы және негізгі эпизодтарды Түркістанға барып түсіретінін де айтты.

Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 5160    Пікірлер: 0

сенбі, 16.06.2018, 12:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30