Қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту – ұрпаққа парыз!

Қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту – ұрпаққа парыз!

Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын. Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық.

 

Нұрсұлтан Назарбаев

 

Тілін жоғалтқан ұлт тарихынан, мәдениетінін айырылады. Тіл –ұлттың тұғыры, ұлттың теңдесі жоқ қазынасы, ұлттың жаны. Яғни, тілінен айырылған ұлт тарихынан, мәдениетінен, тұғырынан, теңдесі жоқ қазынасынан, жанынан айырылды деген сөз. Тіл - ұлттың өткені, бүгіні, болашағы.

 

Қазақ әліпбиінің тамыры тереңде жатыр. Сондақтан да тіл мәселесі сөз болғанда тарихты айналып өтуге болмайды. Тарихқа үңілер болсақ, қазақ әліпбиінің бірнеше рет өзгергенін көреміз. Оған түрлі саяси себептер ықпал етті. Адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі - VI-VII ғасырларда пайда болған көне түркілердің руникалық жазуы. Түркілердің руникалық жазуы Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылды. Түркі тілі V-XV ғасырларда Еуразия құрлығының басым бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды. Алтын Орданың ресми құжаттары түркі тілінде жазылды.

 

714 жылы Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне басып кірді. Осы кезеңнен бастап қазақ жеріне ислам діні келді. Ислам дінімен бірге қазақ даласына араб тілі мен араб әліпбиі де енді. Ислам дінін қабылдаған соң араб тілі мен араб әліпбиі үстемдік құрып, көне түркілердің руникалық жазулары біртіндеп қолданыстан шыға бастады. Араб әліпбиі Қазақстан аумағында Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл қолданыста болды.
Тек 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы шығарғанға дейін араб әліпбиі қолданыста болып келді. Латын әліпбиінің негізінде жасалған «Біртұтас түркі алфавиті» 1940 жылға дейін пайдаланылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Осылайша, қазақ тілі әліпбиі кириллицаға көшті.

 

Коммунистік партияның жаппай индустрияландыру, тың игеру секілді түрлі сайқал саясаты қазақтарды өз туған жерінде аз ұлтқа айналдырып, қазақ тілінің қолданыс аясын, өрісін тарылтты. Орыстандыру саясаты Кеңес үкіметі құлағанға дейін жалғасты.

 

Кеңес үкіметі ыдыраған соң Нұрсұлтан Назарбаев бастаған отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар қазақ тілініне мемлекеттік тіл мәртебесін беру ісін қолған алды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі "Тіл туралы заң" қабылдап, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру оңай болған жоқ. Өйткені, ол кезде Қазақстандағы халықтың 39,7 пайызын қазақтар, ал 37,8 пайызын орыстар, қалған 22,5 пайызын орыс тілді өзге ұлт өкілдері құрады. Оған қоса, 39,7 пайыз қазақтың жартысы, Үкімет басындағылар мен Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі депутаттарының басым көпшілігі орыс тілділер еді. Әрине, орыс тілді қауым қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беруге қарсы болды. Олар орыс тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беруді ұсынды. Алайда, Нұрсұлтан Назарбаевтың табандылығының арқасында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды.

 

1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. 1995 жылы қабылданған Конституцияда да қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ресми тіл болып бекітілді.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алғалы 30 жыл болса да, орыс тілі әлі де өз мінберінен түсе қойған жоқ. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі мектептерде бір жарым миллионнан аса бала қазақ тілінде білім алса, солардың 2,1 пайызы ғана өзге ұлт өкілдері. Ал орыс тілді мектептерде оқитын қазақ балаларының үлесі 30 пайыздан асып жығылады екен.

 

Егеменіктің алғашқы жалдарынан-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне көшу туралы бастама көтерді. Өйткені латын әліпбиі қазақ тілін қазіргі қолданылып жүрген жат әріптер мен жат дыбыстардан арылтып, табиғи таза қалпына келтіріп, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Алайда, егемендіктің алғашқы жыдарындағы қиындықтар латын әліпбиіне көшу мәселесін біршама кейінге шегерді. Дегенмен, жұмыс біржолға тоқтап қалған жоқ. Тиісті ұйымдар мен мамандар мәселені зерделеп, зерттеу жұмыстарын белгілі бір деңгейде жүргізіп жатты.
Ол туралы Елбасы Н.Назарбаев 2006 жылғы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында былай деген болатын: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек».

 

Латын әліпбиіне көшу міселесі Елбасы назарынан бір сәтке де тыс қалған емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын атап өтті.

 

Десе де латын әліпбиіне көшуді қолдамайтындар да табылды. Олардың айтар аргументтері де бар. Бірі қаржылық жағын қаузаса, енді бірі әлеуметтік жағына өз алаңдаушылықтарын жеткізді. Қаржылық жағын қаузағандар әдебиетіміз бен мәдениетімізге, тарихымыз бен салт-дәстүрімізге, рухани құндылықтарымызға қатысты мыңдаған кітаптар мен ғылыми еңбектерді латын әліпбиіне аударуға қомақты қаржы қажет, олай болмаған жағдайда латын әліпбиіне көшкен жас буын кириллицада басылған рухани құндылықтарымыздан қол үзіп қалады дегенді алға тартты. Ал, әлеуметтік жағын алаңдаушылар «латын әліпбиіне көшу қазақты екіге бөледі. Өйткені, бүгінгі таңда отандастарымыздың жартысы қызақ тілінде оқи алмайды, жаза алмайды. Бұл үлкен мәселе тудыруы мүмкін» деген күдіктерін жеткізді. Латын әліпбиіне көшу төңірегіндегі дау біразға дейін жалғасты. Тек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың нақты ұстанымдары мен ұйғарымдарынан соң қоғамдағы дауға нүкте қойылды.

 

2017 жылғы 26 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды.

 

2018 жылы 19 ақпанында Елбасының №637 Жарлығымен латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі бекітілді.

 

Елбасы айтқандай, Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Өз тілімізді сақтау, құрметтеу отаншылдық рухты оятады. Қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту – ұрпаққа парыз!

 

Қалдар Кумекбаев
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста