Ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және қоршаған орта

Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының негізгі қозғаушы күшіне айналуына не кедергі?

  • Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының негізгі қозғаушы күшіне айналуына не кедергі?

    Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының негізгі қозғаушы күшіне айналуына не кедергі?

Мемлекеттің белсенді қолдауына қарамастан Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай мәселелер жетерлік. Бұл сала отандық экономиканың негізгі қозғаушы күші саналғанымен, оның ЖІӨ құрылымындағы үлесі аз, небәрі – 4,2%. Мұндай деректі «Парасат» жүйелік зерттеулер институты мамандары келтіріп отыр. Сондықтан да ҚР Үкіметінің алдында тұрған негізгі міндет – аграрлық өнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып, ауыл шаруашылығы саласына баса назар аударылып келеді. Дегенмен біраз жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігі Қазақстан экономикасындағы ең төменгі көрсеткіштен аса алмады. Бұған себеп, аграрлық саланың дамуына кері әсер ететін біраз жүйелік мәселелердің шешілмеуі.
Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі агроөнеркәсіп кешенін дамытуға кедергі келтіріп отырған бірқатар түйткілді мәселелерді атап көрсеткен еді. Мемелкет басшысының айтуынша, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған қазіргі мемлекеттік бағдарлама 10 жыл ішінде осы саланы әртараптандыруға мүмкіндік берді. Алайда бұл саладағы еңбек өнімділігі айтарлықтай аз және өнімді өңдеу деңгейі төмен. Сондай-ақ отандық агросекторда озық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану жұмысы жүйелі жолға қойылмаған. Президент алдағы уақытта осы және басқа да мәселелерді шешу үшін бірқатар нақты шаралар қабылдау қажеттігін алға тарқан еді.

Ауыл шаруашылығы саласының маңыздылығы сол, бұл сала ең алдымен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Аграрлық саланы Қазақстан экономкасының жетекші күшіне айналдыру мақсатында соңғы онжылдықтарда аграрлық өнеркәсіп кешенін дамытуға арналған бірнеше бағдарлама әзірленді, бұл саланы қаржыландыру тәсілдері де бірнеше мәрте өзгерді. Бірақ айтарлықтай нәтиже болмады. Бұған себеп, мемлекеттік қолдау құралдарының нәтижесіздігі, өндіріс көрсеткішінің төмендігі, сондай-ақ агроғылым мен агрокәсіп арасындағы алшақтық, ауыл шаруашылығы тауарларын сақтау жүйесінің жолға қойылмауы секілді мәселелер.

Ауыл шаруашылығы бұрыннан Ұлттық экономиканың маңызды саласы саналуының негізі бар. Өйткені еліміздің  аграрлық саланы дамытуға мүмкіндігі мен айтарлықтай артықшылықтары да жоқ емес. Мысалы, республикамыздың жер көлемінің кеңдігі, Қазақстанда егістік жерлердің көлемі жан басына шаққанда әлемде екінші орында; ең ірі бидай және ұн экспорттаушы елдердің қатарына кіреміз; Қытай, Орталық Азия, Еуразиялық Экономикалық Одақ, TМД елдері арасында азық-түлік өнімдеріне сұраныс күннен күнге өсіп келеді. Осындай артықшылығымызды пайдаланып, ауыл шаруашылығы саласын қазіргіден әлдеқайда өркендетуге шамамыз жетеді. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес,  Қазақстан жерлерінің 75 пайызы ауыл шаруашылығына жарамды, ауыл тұрғындарының 15 пайызы белсенді түрде ауыл шаруашылығымен айналысады. Соңғы 4 жылда ауыл шаруашылығының саудасы 2 есеге өскен, әлемнің 75 еліне шығарылады. Сандық көрсеткіштерге сүйенсек, соңғы 4 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау 2 есеге өскен, сауда-саттық бағыты әлемнің 75 елін қамтып отыр. Ендігі кезекте Мемлекет басшысы өзінің 2019 жылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттыру міндетін қойды. Мұндай межеге жету үшін қазақстандық сарапшы Найля Альмухамедованың айтуынша келесі бағыттар бойынша жұмысты күшейту қажет: 

– Жоғары инновациялық белсенділікті жоғарлату негізінде отандық өнім көлемін ұлғайту арқылы ауыл шаруашылық өнімділігін арттыру;
– Жақсы нәтижеге жету үшін ғылым мен кәсіпкерліктің бір-бірімен тығыз байланыста болуын қамтамасыз ететін арнайы жоспарын немесе картасын жасау;

– Ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту (инфрақұрылым, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылы, жеңілдіктер, т. б), аграрлық салаға білімді жастарды тарту;
– Қазіргі субсидиялау шарттарын мұқият қайта қарау, ауыл шаруашылығындағы тәуелкел мен мүмкіндіктерді саралау 

– Ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу ұйымдарының арасында интеграциялық процесті күшейту;  

 –  Ауыл шаруашылығы тауарларын сақтайтын қоймалар мен көтерме базарлардың санын көбейту, олардың құрылысына қажетті қаржыны жеңілетілген несие ретінде беру. 

Айнұр Нұрсабет

 

 




Көрілген: 531    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 14:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30