Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың Түркістанда жаққан шамы өшкен жоқ

28 шілде 2020, 15:19

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Ұлы есімдер, түркі әлемінің генезисі, ежелгі өнер мен технологиялар музейі, дала фольклоры, кино мен телевизия өнері туралы айтылған «Тарихи сананы жаңғырту» бөлігінде атап көрсеткен ұлттық санаға қатысты және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту мəселесіне басым көңіл бөлінеді.

Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласының орны халқымыз үшін әу бастан бөлек. Екі ғасыр бойы Қазақ хандығының астанасы болған шежірелі шаһарда тағдырлы шешімдер қабылданды, бәтуалы басқосулар мен келелі кеңестер өтті. Әр қазақтың жүрегінің төрінде қасиетті Түркістан қаласына деген мақтаныш сезімі тұрады. Еліміздің рухани астанасы, ежелден мұсылман атаулы тәу етіп барып, зиярат қылатын құтты орын, түркілердің төл мекені, өзінің көне тарихымен танымал, қазақтар үшін сондай рухани алып, бүкіл қазақ халқы мойындайтын піріміз, тарихи қала, діни туризм орталығы. Ұлы ойшыл-ағартушы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың Түркістанда жаққан шамы өшкен жоқ. Керісінше, уақыт өткен сайын Ясауи іліміне деген қызығушылық артып отыр
Заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды, білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерін дәріптеп, жастарымызға және шетелдік азаматтарға кеңінен таныстырып, жоғарғы сынып оқушыларын, студенттерді арнайы экспедиция құрып тарихи каланы таныстырсақ артық болмас.

  • «Түркістан тек бізге ғана емес, күллі түркі жұртшылығына бағалы әрі қымбат. Енді біз Түркістанды облыс орталығы ғана емес, түбі бір түркі елдерінің мәдени және рухани орталығына айналдыратын боламыз! Бұл шешімнің тарихи себептері мен жауапкершілігінің маңызды екендігін әрбір азамат жан-жүрегімен түсінуі қажет», – дейді Елбасы.


Еліміздің түркі тілдес халықтардың рухани орталығы, Қазақ хандығының саяси астанасы болған Түркістан қаласын, XV ғасырда Қ.А. Яссауиге арнап тұрғызылған кесенесін аралап, ғажайып «Тайқазанды», Ахмет Яссауи мүрдесіне қойылған құлыптасты, жерленген бөлмені, Абылай хан ескерткішін көріп, тарихымен танысып. Одан соң жер асты мешітіне барып, Ахмет Яссауи қылуетке түскен жерді көздерімен көріп, Шығыс моншасын, Рабия Сұлтан Бегімнің кесенесін тамашалап, ерекше әсер алуға болады.
Ежелгі қазақ хандығының астанасы болған Түркістанның елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихын осы қала арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді жастарға, шетелдік қонақтарға дәріптеу, оларды ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеуде саяхаттың берері мол екені анық.
Сонымен қатар Түркістанның ежелгі заманда да, қазір де үлкен саяси орталық екені, бұл қаланың сол ғасырлар бойы елдің басын біріктіріп, рухани негізді сақтап қалуға сіңірген еңбегі ұлан-теңіз екені, қаланың жалпы мұсылман әлемінде «Екінші мекке» атануы тегінен тегін емес екені, осындай бой көтерген зәулім кесене – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның «Қызыл кітабына» енгізілгені, қасиетті қала кезінде шашыраған халқымыздың басын біріктіріп, елдігіміздің нышанын айдай әлемге паш еткені туралы мәліметтер алып, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы тарихи-мәдени білімдерін көтеріп, ой-танымын қалыптастырып, ұмытылмас әсерде болары сөзсіз.

 

  • Түркістан облысы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Төлебеков:
    Өңіріміздегі бірқатар қасиетті жерлерді жаңғырту, қайта қалпына келтіру шаралары қолға алынды. Қазақстанның киелі жерлерінің картасы жобасы аясында өңірімізде 104 киелі орынның тізімі жасақталып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, өңірдің киелі, тарихи орындары, тұлғалары туралы бірнеше анимациялық фильмдер мен телехикая таспаланды.
    Ұлтымыздың ұмыт бола бастаған салт дәстүрлерін жаңғыру және туризм саласын дамыту мақсатында аудан, қалаларда халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде түрлі іс-шаралар жоспары бекітілді.
    Облысқа келуші туристердің саны жылдан жылға артып келеді.
    Өткен жылы Түркістан қаласының өзіне 1 млн аса турист қонақ болған. 2025 жылға қарай туристер санын 5 млн-ға жеткізу көзделуде.

 

А.Мукарам