Қоршаған ортаны қорғауда ауқымды жұмыстар атқарылған

Қоршаған ортаны қорғауда ауқымды жұмыстар атқарылған

Қоршаған ортаны қорғау мәселесі қазіргі уақытта өте маңызды болып тұрғаны белгілі. Әрине экология қай кезде де өзекті. Өйткені кез келген елдің экономикасының өзегі өндіріс десек, сол өндіріс ошақтары қарқынды түрде дамыған сайын, елдің экологиялық жай-күйі де соншалықты күрделене түсері сөзсіз. Өндіріс ошақтарына бұл бағытта қойлар талаптар да қатаң. Ең бастысы өндірісті дамытумен қатар экологиялық жағдайға одан екі есе көңіл бөлуге тура келеді. Қоршаған ортаның тазалығы ең басты қажеттіліктін бірі.
Бұл орайда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ауқымды жұмыстар атқарып жатыр. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде осы бағытта атқарылатын жұмыстар жоспарланып, өткен жылда атқарылған жұмыстардың нәтижелері қортындыланып отырады.
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде жақында болған жұмыс қорытындысында былтырғы жылы болған көптеген оқиғалар айтылды. Атап айтсақ Алакөлдегі заңсыз төгінділер, Маңғыстау облысындағы газ-мұнай көріністерін фонтандау, Атырау қаласындағы күкіртті сутегі, Өскемен және Теміртау қалаларындағы атмосфералық ауаның мәселелері ең басты оқиғалардың бірі болған екен. Сондықтан осы экологиялық түйткілдерді жою мақсатында біршама жұмыстар атқарылған.
Атап айтар болсақ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті бес мыңнан астам экологиялық заң бұзушылықтарды анықтап және олардың жолын кесті. Басты бастыларына тоқталып өтсек, NCOC, «Теңізшевройл» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ компанияларының алауларда газды жағумен байланысты заң бұзушылықтары болған. Сонымен қатар,
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ, "Ембімұнайгаз" АҚ, "Қазақстан алюминийі" АҚ және тағы да басқа ірі компаниялардың өндіріс қалдықтарын шығару бойынша белгіленген көрсеткіштерден асып кетуі байқалып, тыйым салынған.
Сондай-ақ, ағынды суларды заңсыз айдау; коммуналдық кәсіпорындарда ластаушы заттардың шоғырлану нормативтерінің артуы; қалдықтарды заңсыз жинау және оларды өңдеу; табиғат қорғау іс-шараларын және қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингін орындамау сияқты көптеген деректер анықталып және бұндай келеңсіздіктер жойылып, дұрыс жолға қойылған.
Жалпы осы анықталған заң бұзушылықтар үшін 7,7 млрд.теңгеден астам айыппұл салынып және 5 млрд. теңгеден астам сомаға залал келтіріліпті. Бұл орайда барлық бұзушылықтар жойылып, қоршаған ортаға келтірілген залалды қалпына келтіру туралы ұйғарым берілген. Мысалы, тексеру нәтижелері бойынша Атырау қаласындағы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС күкірт сутегімен ластануды болдырмау мәселесі шешілуде. Кәсіпорында 2020-2022 жылдар бойы тазарту құрылыстары толығымен жаңғыртылатын болады, сарқынды суларды ағызу коллекторы оқшауланады, ал "Тухлая балка" сарқынды суларды жинағыш компания мен әкімдіктің күшімен толығымен кәдеге жаратылады.
Ал, Теміртау қаласында атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі «АрселорМиттал Теміртау" ЖШС компаниясы. Бұл компанияда кейбір іс-шаралардың орындалмауы және басқа да бұзушылықтар анықталған. Осы анықталған кемшілктер үшін ұйғарым берілген. Бұдан басқа, компаниямен меморандум жасалып, оның аясында кәсіпорынмен табиғатты қорғау іс-шаралары мен жобалары әзірленген, технологиялық желілердің бір бөлігін газға ауыстыру және жабдықтарды жаңғырту жүргізілмек. Жоспар бойынша осы іс-шараларды іске асыру есебінен қоршаған ортаға эмиссиялар 30% - ға төмендетілетін болады.
Өскемен қаласында "Қазмырыш" ЖШС жаңғырту және қолжетімді технологияларға көшу есебінен шығарындылар көлемін 20%-ға қысқартады.
Экологиялық сараптама жасалып, сараптама сатысында суды қайталап пайдалану есебінен төгінділердің көлемі республика бойынша 99,5 мың тоннаға қысқаратыны, сондай-ақ, сараптама сатысында ірі компаниялардың қалдықтарды орналастыру көлемі 5,2 млн.тоннаға қысқаратыны көрсетілген.
Сонымен қатар комитет жол құрылысына қалдықтарды тартуға бастама жасады. Мысалы, Қарағанды қаласының энергия орталығы мен Топар МАЭС 500 мың тонна күл шлактары Қарағанды–Балқаш және Қарағанды –Жезқазған трассаларын салу кезінде пайдаланылмақ.
Төраға басқа аймақтарда да осындай жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Жалпы, комитеттің жұмысы қайта құрылмақ. Айыппұл мен залалдар саны жұмыстың негізгі индикаторы болмайды, индикатор өңірлердегі қоршаған ортаның сапасын жақсарту болады.
Сондай-ақ жиында, әрбір экология департаментінің алдына мониторингті талдау және қоршаған ортаға әсерін азайту бойынша шаралар қабылдау міндеті қойылды: қалдықтарды қайта өңдеу және бөгде ұйымдарға беру есебінен азайту, пайдаланылған карьерлер мен кен орындарын қалпына келтіру, су ресурстарын айналымдық сумен жабдықтау есебінен тұтыну мен төгінділердің көлемін қысқарту ұтымды пайдалану жолға қойылмақ.
Басқосуда индикаторлардың бірі табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру екені де айтылды. Осылайша, республика бойынша ірі кәсіпорындармен табиғатты қорғау іс-шараларына 2019 жылы 145 млрд.теңге жұмсалған.
Қоршаған ортаға эмиссияларды азайтуға бағытталған табиғат қорғау іс-шараларының тиімділігі негізгі шарт. Мысалы, "Ақтөбемұнайгаз" СНПС Жаңажол газ өңдеу зауытында шығарындылар 9,5 мың тоннаға төмендетілді, ал, "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-да қалдықтарды орналастыру көлемі 1,5 млн. тоннаға төмендетілді, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-да қалдықтарды орналастыру көлемі жылына 2,6 млн. тоннаға төмендетілген.
Жиында қоғаммен байланыс мәселесі де қозғалды. Бұл бағытта жеке блок-ашықтық және қоғаммен байланыс, халықпен кездесулер өткізу жөнінде айтылды. Мысалы былтыр Комитет төрағасы З. С. Жолдасов өңірлерге 4 рет шығып, өңірлік экологиялық мәселелер бойынша халықпен кездесулер өткізген. Сонымен қатар, 2019 жылғы 6 желтоқсанда Комитет төрағасы Өскемен қаласына барып, азаматтарды қабылдады. Осындай кездесулер Атырау және Ақмола облыстарында да өткен. З. Жолдасов экология департаменттерінің басшыларына өз қызметі және аймақтардың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы есеп беру бойынша жұртшылықпен тұрақты кездесулер өткізуді, азаматтардың өтініштеріне дереу ден қоюды қамтамасыз ету тапсырды.
Сондай-ақ, Комитеттегі маңызды жаңалықтарының бірі жобалаушыларды шақыру болды. Кездесу барысында жобаларды қарау сапасы, аймақтардағы түрлі құқық қолдану тәжірибесі, НҚА-ға сілтеме жасамай және нақтылаусыз ескертулер сияқты проблемалық мәселелер анықталды. Кездесу қорытындысы бойынша тоқсан сайын осындай кездесулер өткізу, сондай-ақ Комитеттің, экология департаменттерінің, жергілікті атқарушы органдардың және жобалау ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен WhatsApp-та чат құру туралы шешім қабылданды. Осының барлығы пікір алмасудың жақсы алаңына қызмет етеді және Министрдің блогына түсетін сұрақтардың жүктемесін азайтады.
Қоғам өкілдерімен байланыс орнату мақсатында алқаға қатысу үшін Нұр-сұлтан қаласына Құспанова Әсел, Бердіқұлова Анар, Қасымова Мариям сияқты экоактивистер шақырылды. Әңгіме барысында қоқыстарды бөлек жинау, тұтыну, қалдықтардың пайда болуын азайту және республиканың барлық аймақтарында халықпен бірлесіп, экологиялық жобаларды ілгерілету жөніндегі жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды. Аумақтық экология департаменттерінің алдына қоғамдық ұйымдармен және барлық өңірлердің экоактивистерімен белсенді жұмысты қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылды. Міне жоспарланып отырған осындай жұмыстарға байланысты мемлекеттік органдардың саяси тұтқалары, қоғамдық ұйымдар мен экоактивистердің жаңашыл идеялары экологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік беретініне сенеміз, Қазақстан экологиясы үшін жаңа идеялар өте маңызды болуы мүмкін.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста