Ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және қоршаған орта

Қоршаған ортаны ластаған өндірістер анықталып, келеңсіздікке тоқтау салынды

  • Қоршаған ортаны ластаған өндірістер анықталып, келеңсіздікке тоқтау салынды

    Қоршаған ортаны ластаған өндірістер анықталып, келеңсіздікке тоқтау салынды

Қоршаған ортаны қорғау адамзат баласы үшін ең маңызды мәселенің бірі. Біздің елімізде де қоршаған ортаның ластанбауы, бүлінбеуі заң жүзінде қорғалады. Міне сондықтан еліміздің әрбір азаматы, әрбір мекеме, өндіріс ошақтары табиғатқа зиян келтірмеуге, оны қорғауға міндетті.

Жалпы тоқталып өтсек, қоршаған ортаны қорғау деп нені айтуға болады. Әрине ол туралы кеңінен баяндап өтуге де болады. Бірақта біз негізгілеріне, оның бір бөлігіне ғана тоқталып өтуді жөн санадық. Оған қоршаған ортаға көңіл бөліп табиғи жағдайын одан ары да жақсарта түсу, басты байлығымыз болып саналатын табиғи ресурстарымызды орнымен пайдалану, табиғи байлықтарымызды сақтап, олардың өсуіне мүмкіндік жасау. Қазақстанда осы бағытта көптеген іргелі бағдарламалар арқылы табиғаттың үйлесімді түрде дамуына көп көңіл бөлінген. Бұл орайда мемлекеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі де жеткілікті.

Мемлекетіміз адамның өміріне қауіп төніп, денсаулығына зиян келмеуін, халықтың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды қарастырған. Ауаның, судың, жалпы айналамыздың таза болуы адам өмірінің де сапасын жақсарта түседі. Ал бұл тәртіп сақталмаса, табиғатқа зиян тигізген кез келген тұлға жауапқа тартылады. Заң бойынша еліміздің әрбір азаматы табиғатты сақтау және оған зиян келтірмей, айналасына ұқыптылықпен қарауға міндетті.

Өкінішке қарай, қазіргі таңда өндіріс ошақтарының қоршаған ортаға зияның тигізу оқиғалары көптеп кездесіп жатады. Ондай олқылықтар бола қалған жағдайда сол өңірдегі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетіне қарасты экология департаменттері бірден тексеріп, лайықты шара қолданады.


Үстіміздегі жылдың 10 ақпанында Өскемендегі «Казцинк» ЖШС-ның қорғасын зауытының балқыту пешінен қап-қара бу шығып ауаға таралып жатқаны туралы видео әлеуметтік желілерде таралған болатын. Бейнематериалдан көргеніміздей түтінге ұқсас будың мөлешері біршама көп.

 

Осы мәселеге байланысты Шығыс Қазақстан облыстық экология департаментінің өтініші бойынша 10 ақпанда «Қазгидромет» РМК филиалының мамандары солтүстік өндірістік блоктың санитарлық қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауадағы қорғасынның құрамына сынама жүргізді. Үлгілерді талдау нәтижелері бойынша қорғасын үшін шекті рұқсат етілген концентрациялардың (ШРК) шекті концентрациясының шамадан асуы тіркелді.


Осы көрсеткіштердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, 11 ақпанда «Казцинк» ЖШС-ге экологиялық заңнаманың сақталуына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы хабарлама жіберілді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан экология департаменті ауада зиянды күкірт диоксиді, азот диоксиді, күкіртсутек, формальдегиді газ тәрізді заттардың құрамына тексеру жүргізді. Бірақ олардың мөлшері рұқсат етілген шектеулерден аспағаны анықталды.

Осындай олқылық Қарағанды облысында да болғаны анықталды. Бұл оқиға Балқаш - 1 станциясының солтүстік-батыс жағында құрылысы аяқталмаған шошқа кешені ауданында болған. Балқаш қаласынан шамамен 17 шақырым жердегі шаруашылықта фекальды коллекторда апат болғаны туралы түсірілген видео 10 ақпанында әлеуметтік желілерде тараған. Осы оқиға бойынша облыстық экология департаменті тексеріс жүргізген.
Оқиғаны тексер келе ағынды сулардың жерге рұқсатсыз төгілгені анықталды. Экология департаментінің мамандары апат орнына дереу барып, зертханалық-талдамалы бақылау бөлімі су сынамаларын алды. Тексеріс нәтижесі бойынша қазір апат орны оқшауланды, сарқынды суларды ағызу тоқтатылды. Осыған байланысты облыстық экология департаменті «Балқаш Су» КМК-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізуде. Осы тексерістің нәтижелеріне байланысты нақты шаралар қабылданбақ.

Қарағанды облысы бойыша осыған ұқсас тағы бір оқиға тіркелген. Облыстық экология департаментіне «Bassel Group LLS» ЖШС күл үйіндісінен шыққан лас суларды Нұра өзеніне ағызатындығы туралы бейне хабарлама арыз түскен. Арыз бойынша Қарағанды облысының экология департаменті 11 ақпанда «Bassel Group LLS» ЖШС күл үйіндісінің бөгетін тексеру кезінде келеңсіздіктің бар екені анықталған. Зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің мамандары су сынамаларын жүргізген.Оқиға орнын «Нұра-Сарысу» бассейндік су пайдалануды және қорғауды реттеу инспекциясы басшысының орынбасары А.Мырзағалиева мен Қарағанды облысының экология департаменті басшысының орынбасары А. Бекмұхаметов зерттеді. 

Тексерістің нәтижесінде қатты аяздан болған қар мен мұз массаларынан қысым түсіп, сытқа қарай шығатын ұңғыманың артқы қабырғасының дәнекерлеу тігістері деформацияға ұшырағаны анықталған. Осыдан пайда болған жырық арқылы қалдық су Нұра өзенінің бассейніне ағып кеткен.
Клеңсіздік анықталғаннан кейін компания дереу саңылау пайда болған жерлерді жөндеп, ластануды бірден тоқтатты. Сонымен қатар, компания сүңгуір қызметімен айналысатын мамандандырылған ұйым «StoneNausGroup» ЖШС басшылығымен қабырғаны қалпына келтіру және ұңғыманы толық консервациялау бойынша келіссөздер жүргізді.

Қоршаған ортаға зиянын тигізетін осындай олқылықтар анықталған жағдайда бірден тоқтаталыпы, зағ жүзінде нақты шаралар қабылданып отырады. Бұл бағытта Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің атқарып отырған жұмысы айтарлықтай.
Табиғат анаға зиян тигізу болашағымызға балта шабумен бірдей. Сондықтан қоршаған ортаға залал келтіретін оқиғалардың болмауын қадағалау еліміздің әрбір азаматының парызы.

 Нұрлы Еділов

 




Көрілген: 947    Пікірлер: 0

жұма, 14.02.2020, 12:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30