Рухани жаңғыру

Медиацияның маңызы артып келеді

  • Медиацияның маңызы артып келеді

    Медиацияның маңызы артып келеді

Елімізде «Медиация туралы» Заң 2011-жылы 28- қаңтарда қабылданып, бүгінгі күні күн санап қоғамымызға етене ену үстінде. Аталмыш Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды жүргізу қағидаттары мен рәсімін реттейді. Осы Заң аясында медиация жүйесі қанатын кең жайып келеді. 


Медиация - тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі, яғни медиация - үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі, оны тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсіну абзал. Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады. Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даудың 30-40 пайызы медиация рәсімімен өткізіліп, олардың 85 пайы­зында тараптардың ризашы­лығымен оң нәтижелерге қол жеткізілген екен. Осы орайда біздің елімізде де жыл өткен сайын медиация арқылы шешімін табатын істердің көбейіп келе жатқанын айта кету керек. 


Медиацияның мақсаты - дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады. Қазақ халқы үшін бітімгершілік - билік айтудың ең озық өнегесі. Бітімгершілік арқылы екі жақтың мәмілеге келуі – қазақтың әлімсақтан келе жатқан билер сотындағы ең тура жолдың бірі. Елдер арасындағы жер, жесір, мал дау-дамайлары қазақ билері арқылы шешілген, осының арқасында елдің бірлігі мен жердің тұтастығы сақталған. Яғни, жер дауы мен жесір дауы, құн өндіру секілді бітіспестің бітімін кесіп айтатын, толғақты дүниені тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып тарқататын бабамыздың билік жасау өнері, дау шешудің озық жүйесі «Медиация» деген ұғыммен енуде. Жүйенің қоғамда оңай орнын табуы да осы ата-баба салтында бұрыннан бар үрдіс болғанынан болса керек. Негізі елімізде медиация институтының енгізілгеніне біраз жылдың жүзі болды. Аталмыш жүйенің қоғамға оңай сіңіп, көптеген мәселелердің алдын алуға септігі тиіп отырғанын байқаған мамандар бүгінде медиация басқа да салаларға енгізуді қолға алу керектігін айтуда. Осылайша саладағы дау-дамайларды бейбіт жолмен шешуді көздеуде. 


Саликов Турсынхан Токтарбаевич, Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының судьясы


 




Көрілген: 1393    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.12.2018, 15:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30