Рухани жаңғыру

Музейде музыкалық кеш өтті

  • Музейде музыкалық кеш өтті

    Музейде музыкалық кеш өтті

Мәдени шараларды жиі өткізіп насихаттау қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартудың бірден-бір жолы екені белгілі. Бұл жөнінде еліміздегі мәдени саланы дамыту тұжырымдамасында баса айтылған. Осындай игі бастаманы қолдаған шаралардың бірі ретінде Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде өткен «Музыкалық палитра» атты кешті де айтуға.


Мәдени шарада Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры, профессор Гүлмира Шалабаева мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның ректоры, профессор Жания Әубәкірова ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.


Музей мен консерваторияның бірлескен жобасын жасау идеясы классикалық және халық музыкасын насихаттау, жас ұрпақтың көркемдік мәдениетінің деңгейін көтеру, жаңа тыңдармандар аудиториясын тарту және студенттердің оқу-концерттік тәжірибесін ұйымдастыруға қосымша қызықтыратын жағдайлар жасауға бағытталған.


Концертте Жәния Әубәкірова Моцарттың «фортепианоға арналған до мажор Сонатасын», Бетховеннің «Патетикалық Сонатасын», Бах-Бузонидің «ре минор Чакондасын», Шопеннің «Ре бемоль мажор Ноктюрнін», «фа минор Балладасын» және т.б. әлемге әйгілі тамаша шығармаларды орындады. Сонымен қатар концертке халықаралық байқаулардың лауреаты, Джульярд мектебінің түлегі Дамир Бүркітбаев қатысты.


Концертке дейін, қонақтар музейдің тұрақты экспозициясымен, сондай-ақ жаңадан ашылған «Верный көшелерінен Алматы даңғылдарына», «Латвия, Литва және Эстония өнері», «Көктем әуені» және Ғалым Оспановтың жеке көрмесін тамашалады.


Музыкалық кешті жүргізіп отырған Жәния Жақияқызы келген қонақтарға өзінің концерттік шығармашылығы жөнінде және атақты композиторлардың өмірі мен шығармалары туралы әңгімелеп берді.


Концертке АҚШ пен Германиядан келген қонақтар да қатысты. Жиналған қауымға қазақ классикалық музыкасының жұлдызы, атақты пианистпен кездесіп сөйлесу керемет әсер етті.


Таңат Жайлау




Көрілген: 3499    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.05.2018, 02:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31