Рухани жаңғыру

Нұрсұлтан Назарбаев халық әртісі Юрий Померанцевті марапаттады

  • Нұрсұлтан Назарбаев халық әртісі Юрий Померанцевті марапаттады

    Нұрсұлтан Назарбаев халық әртісі Юрий Померанцевті марапаттады

Елбасы Алматыдағы резиденциясында Қазақстан Республикасының халық әртісі, актер, режиссер Юрий Померанцевті қабылдады, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Кездесу барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Юрий Померанцевтің Қазақстанның әлеуметтік-гуманитарлық дамуына зор үлес қосқанын атап өтіп, оны 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар Елбасы Ю.Померанцевті «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары дәрежелі ерекшелік белгісімен марапаттады. 


– Сіздің өмір жолыңыздың өзі – үлкен ерлік. Сіз үш жүзден аса драмалық рөлдерді сомдап, он екі фильмге түскеніңіз өз алдына, Ұлы Отан соғысына қатысқан адамсыз. Отандық драматургия мен киноның барша жұрт мойындаған шебері әрі өнер майталманы ретінде, Сіз тамаша әртістер шоғырын тәрбиелеп шығардыңыз, педагогикалық қызметіңізді әлі де жалғастырып келесіз. Сіздің ұзақ өмір сүруіңіздің сыры тынымсыз еңбек етуіңізге байланысты болып отыр, – деді Қазақстан Президенті.


Нұрсұлтан Әбішұлы кездесуде Юрий Померанцевтің Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың және «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, ІІ дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», «Отан» ордендерінің кавалері және басқа да көптеген медальдардың иегері екенін атап өтті.


– Сіздің өнегелі өміріңіз бен белсенді қоғамдық қызметіңізді, Қазақстанның мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесіңізді көрермендеріңіз бен өнеріңізге бас иетін бірнеше ұрпақ жақсы біледі. Соны ескеріп, Сізге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру жөніндегі жарлыққа қол қойдым, – деді Мемлекет басшысы.


Ю.Померанцев Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, мұндай жетістіктерге көп жылғы әрі қажырлы еңбектің арқасында жеткенін атап өтті.


– Ең жоғары марапатты иеленген соң, оны қалай ақтаймын деп ойлап отырмын. Еңбек – менің бүкіл ғұмырым, тіршілігімнің мәні. Туған Қазақстаныма қызмет ете беремін, – деді халық әртісі.


Осы ретте өнер майталманының өмір жолын қысқаша баяндап өтсек артық болмас. Юрий Борисович Померанцев 1923 жылы 11 ақпанда Киев қаласында туған. Отызыншы жылдары оның әкесі «Карағандашахтстроеде» жауапты қызмет істеді. 1938 жылы әкесі ату жазасына кесілгеннен кейін оның отбасы Мәскеуге көшіп кетеді. Ол Мәскеуде жүріп соғысқа аттанады. Мобилизациядан кейін әскер қатарында жауынгерлік қысқа курстан өтіп, ефрейтор лауазымын алған. Майданда жүріп 1943 жылы  жарақат алып, ұзақ емделіп жазылғаннан кейін Померанцев Алматыға келеді. Өйткені оның анасы соғыс жылдары көшірілгендермен бірге Алматыға келіп қоныстанған еді. 


Алматыда ол өнер жолына бет бұрады. Бастапқыда опера таетрының хорына кіріп, кейін кино мен тетрда әр түрлі рөлдерді сомдай бастады. Алғаш рет Сергей Эйзенштейннің  "Қаһарлы Иван" киносына түседі. 24 жасында Шекспирдің «Он екінші түнінде» Померанцев сайқымазақтың рөлін сомдайды. 


Ол 1957 жылы «Біздің сүйікті дәрігер» фильміне түскен кезде жасы небәрі отыз үшке енді толған еді. Соған қарамастан актер басты рөлде алпыс жастағы қарт дәрігерді сомдады. Оны қазақ көрермендеріне әйгілі еткен де осы туынды деуге болар.


1968 жылы Мұхтар Әуезовтың «Абай» спектаклінде ойнады. Сыншылар славяндық келбеттегі адамның қазақ мәдениеті албының рөлін керемет сомдағанына таңғалған еді. Абайдың рөліне гримді Мәскеуде таңдаған болатын. Онымен жоғарғы класстағы гримерлер жұмыс істеді.


Юрий Борисович режиссер ретінде де өзін көрсете білген тұлға. Оның қорында Тылдың «Стракоництен шыққан волынкашы», Малюгиннің «Ескі достары», Мореттоның «Тірі портреті», Лопе де Вегастың «Пішендегі төбеті» спектакльдерінің қойылымдары бар.


Ол сонымен қатар "Красная Шапочка", "Король Лир», "Дама-невидимка", "Василиса Мелентьева, "На всякого мудреца довольно простоты", "Расточитель", "Шестое июля" (Қазақ ССР мемлекеттің сыйлығы, 1967 г.), "Взрыв", "Дон Кихот ведет бой", "Свидание в предместье", "Собачье сердце", "Энергичные люди", "Свадьба Кречинского", "Цена", "Таланты и поклонники", "Дядюшкин сон", "Забавный случай, "Танго" сияқты көптеген қойылымдарда да ойнады.


 


Алаш айнасы




Көрілген: 3476    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.05.2018, 00:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31