Рухани жаңғыру

Оңтүстікте «Men Qazaqpyn» жобасының іріктеу кезеңі басталды

  • Оңтүстікте «Men Qazaqpyn» жобасының іріктеу кезеңі басталды

    Оңтүстікте «Men Qazaqpyn» жобасының іріктеу кезеңі басталды

Елімізде «Men Qazaqpyn» ұлттық телевизиялық мегажобасы өтуде. Оңтүстік Қазақстан облысында да дәстүрлі ән, терме-жырдың мәртебесін көтеруге арналған байқаудың іріктеу кезеңі  басталды, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Теріскейдегі Созаққа қазақтың саф ән өнері бастауынан рухани нәр алып, қанып ішкен таланттыларымыз жиналуда. Ел іші – өнер кеніші. Дәстүрімізді дәріптеп, ұлттығымызды ұлықтайтын жобаның алғашқы сынына кәсіби өнер иесі болмаса да, ынта танытқан таланттардың қатары қалың. Күмбірлеген күй, əуелеген əнімен дара шыққан дарабоз республикалық байқауда өңіріміздің өзгеге ұқсамайтын өнердегі өрнеген паш ететін болады! - деп жазды облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Елбасы рухани жаңғыру жөніндегі жалпыұлттық идеяны жариялағанда жаңа үдеріс елдің рухани тамырынан нәр алуы тиіс деді. Рухани тамыр – ата-бабадан мирас болып қалған салтымыз, тіл мен діл. Оның ішінде өнер, қала берді дәстүрлі әншілік, күйшілік және термешіліктің орны ерек. Міне, осы ретте республикалық дәрежеде қолға алынған «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының «Мен Қазақпын!» телевизиялық мега жобасы өңірлерде іріктеу шараларын қолға алды.


Байқаудың басты мақсаты — қазақ xалқының төл өнері, соның ішінде жыр-термелер мен күйлерді бүгінгі заман талабына сай жаңартып, өскелең ұрпаққа жеткізу. Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі -18 бен 40 жас аралығы. Оқ бойы озық шыққандар телевизиялық байқауға жолдама алады. Сондай-ақ саxнаға шығатын өнерпаздардың киімі қазақы үлгіде әрі бүгінгі заман талабына сай болуы тиіс.


Ұлттық өнерді ұрпаққа насихаттайтын «Мен Қазақпын!» телевизиялық мегажобасының өңірлерде іріктеу жарыстары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі жансейіт Түймебаевтың қолдауымен 14 ауданда да өткізілмек. Білікті мамандардан құралған арнайы топ әрбір ауданды аралап, жобаға қатысушыларды анықтайды. Алғашқы іріктеу сайысы, мамыр айының 17-сі күні Созақ пен Бәйдібек аудандарында бастау алды.


Осыдан кейін көрермен қауым байқаудың күнделігі мен негізгі конкурсын теледидардан көре алады. Жобаның республикалық айналымында жеңіске жеткен жеңімпаздар "Жылдың ең үздік дәстүрлі әншісі", "Жылдың ең үздік термешісі" және "Жылдың ең үздік күйшісі" аталымдары бойынша марапатталады.




Көрілген: 3504    Пікірлер: 0

жұма, 18.05.2018, 14:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31