Рухани жаңғыру

Оңтүстікте Абай мен Шәкәрімге арналған көрме ашылды

  • Оңтүстікте Абай мен Шәкәрімге арналған көрме ашылды

    Оңтүстікте Абай мен Шәкәрімге арналған көрме ашылды

Хәкім Абай мен данышпан Шәкәрімге арналған көрме Шымкент қаласында ашылды. Семейдегі Абайдың «Жидебай Бөрілі» қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Хәкім Абай» музейі филиалында Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай жолы Алашты паш еткен әлемге» және Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған «Әрқашан ұмытылмасқа» атты жылжымалы көрмелерінің салтанатты ашылу рәсімі болды, - деп хабарлайды Алаш айнасы қорық-музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент қаласының орталығындағы Абай саябағының «Хәкім Абай» музейіндегі көрмеге елімізге танымал абайтанушы ғалымдар мен ақын-жазушылар, белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясының және Ұлықбек атындағы № 3 жалпы орта мектебінің ұстаздарымен оқушылары қатысты.


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ҚМУ-дың «Абайтану» ғылыми-оқу орталығының доценті, абайтанушы ғалым Тұрдыбай Қалдыбаев, ақын, журналист Нармахан Бегалыұлы, жазушы АнарбекБайдарбеков, тарихшы Сәрсенбек Сахабат, ОҚО тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Құндызай Ақжігітова сынды меймандар көрменің ашылуына келген көрермендерге алғысын білдіріп, Алаш баласының басын біріктіретін ұлы күш Абай рухы екенін тілге тиек етті.


Қасиетті Қаратау мен киелі Қазығұрт жеріндегі жылжымалы көрме қызығушылық танытқан қонақтар үшін 2018 жылдың 8 маусымына дейін өз жұмысын жалғастыратын болады. Көрме қонақтары Абай мен Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректермен танысып, танымын кеңейте алады.




Көрілген: 5038    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.05.2018, 00:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30