Рухани жаңғыру

Римде қазақстандық фильмдердің көрсетілімі өтті

  • Римде қазақстандық фильмдердің көрсетілімі өтті

    Римде қазақстандық фильмдердің көрсетілімі өтті

Қазақстанның елордасы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өту шеңберінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қолдауымен Қазақстанның Италиядағы елшілігі Рим қаласында «Жұлдыздар тоғысқанда», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және «16 қыз» фильмдерінің көрсетілімін ұйымдастырды, - деп хабарлайды Алаш айнасы киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Көрсетілім алдында көрермен алдында сөз сөйлеген Елшілік өкілдері, сондай-ақ Италияның мәдениет және өнер қайраткерлері Қазақстан мен Астана қаласы дамуының деңгейіне және отандық кинематография саласына жоғары баға берді.

Италия тілінде субтитрлері бар фильмді тамашалаған көрермендер халқымыздың тарихына үлкен қызығушылықтарын білдірді. Айта кетсек, Римнің тарихи аудандарының бірінде орналасқан Casa del Cinema кинотеатрында бұл күні бос орын болмады. Жиналған өнер сүйер қауым отандық кинотуындаларды жақсы қабылдап, қазақ мәдениеті және өнерімен етене танысу туралы өз ойларын білдірді.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсірілген «Қазақ хандығы» киносериалының кинонұсқасы – «Алмас қылыш» фильмі Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ең алғаш Астана қаласында көрсетілген болатын. Бұл ауқымды жобаның идея авторы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Фильмнің сценарийі Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының негізінде жазылған.

«Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасы – режиссер Сергей Снежкин түсірген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі Кеңес Одағының құлауы, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, оның ішінде Қазақстан Республикасы туралы баяндайды. Ағылшын жазушысы Джереми Вильсон Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянын жазу үшін онымен кездесуге қол жеткізеді. Алайда журналист пен Елбасының белгіленген сұхбаты бүкіл елді аралаумен, тарихқа көз жүгірткен ұзақ уақытқа созылған қызыққа толы саяхатқа ұштасады.

«Он алты қыз» фильмі ата-анасы үйлендіруді армандайтын Бауыржан есімді жас жігіттің оқиғасын баяндайды. Әкесі Бауыржанды досының қызы Айжанмен «бел құда» салты бойынша атастырады. Дегенмен қыздың кейін басқа жігіті бар болып шығады. Досының көңілін қалдырғысы келмеген Айжан Бауыржанға қалыңдық іздей бастайды. Кейіннен олардың қарым-қатынасы махаббатқа ұласады.

Көрсетілімнен кейін қонақтар Қазақстан мен Астана қаласы туралы дайындалған отандық имидждық бейнематериалдарды көріп тамашалады.




Көрілген: 4985    Пікірлер: 0

сенбі, 16.06.2018, 11:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30