Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру- әлемдік мәселе

  • Рухани жаңғыру- әлемдік мәселе

    Рухани жаңғыру- әлемдік мәселе

Адам санасын дамытатын құралдың бірі - өнер. Шығыс Қазақстан Облысы Шығыс Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясындағы экспедицияның аудандарда өткен кездесулердегі сұрақ-пікірлерге қорытынды сөз.




Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан қоғамын рухани жаңғыртуы туралы мәселе қойғаны бүгінгі күні барша халыққа мәлім. Осы бағытта Шығыс Қазақстан Облыс әкімінің нұсқауымен «Рухани жаңғыру» жобасына «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы» мекемесі де қатысып, Шығыс Қазақстан халқының қазақ фольклорын зерттеу бағытына ие болған еді.

Облыстық ішкі саясат бөлімінің арнайы жасаған кестесі бойынша «Шығыс Қазақстан халқының мәдени мұрасы» атты зерттеу экспедициясы: Үржар, Аягөз, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Көкпекті аудандарын аралап, халық арасынан қазақтың ауыз әдебитетінің осы уақытқа дейін ел естімеген, ұмытылған, әндері мен жырларының, мақал –мәтелдерінің, аңыз - әңгімелерінің нұсқаларын жинақтаған еді. Оның негізгі мақсатына - мектеп мұғалімдеріне қосымша әдістемелік көмек беру; Шығыс Қазақстан халқының өнері мен мәдениетінің тарихы тереңде жатқандығын, жиналған туындылар арқылы барша халықтың, жас ұрпақтың санасына жеткізу; халықтың еліне, жеріне деген сүйіспеншілік құндылықтарын арттыру жоспары болған. Дәл маркетинг жүйесі сияқты, айлар бойы, алдын ала баратын ауданның тарихын білетін адамдарды іздеп, танысып, хабарласып, маршрутымызға сәйкес келмесе де, басқа жаққа көшіп кеткен жеріне іздеп барып, ауыздан - ауызға таралған аңыздарды да жинаған жайымыз бар. Ал, экспедиция әр ауданға келген соң, жергілікті жердің әкімшілігімен бірге, мектеп, музей, кітапхана мекемелерінен, осы жайлы біледі деген жеке адамдармен кездесіп: өз жерінің тарихын зерттеп, ауданынан шыққан батырларын, шежіреші ақындарын, бақсы – балгерлері мен өнер адамдарының өмірі мен шығармашылығын жинап жүрген жергілікті жазушылар бар екеніне көз жеткіздік. Жергілікті жердің, аудандық газеттерінің редакторларынан, «Аягөз әлемі» және «Көкпекті» журналдарынан, Зайсан ауданының музейінен құнды деген материалдар алғанымыз қуантты. Аудан әкімшіліктерінің жергілікті халықтың арасындағы белсенді мүшелерімен жұмыс жасайтынын, олардың да өз жерінің тарихына, елінің өркендеуіне, әлеуметінің тағдырына жауапкершілікпен қарайтынынын көтерген мәселерінен ұғуға болды.

Тіршілікте болып жатқан тарихи кезеңдер мен адамның рухани шығармашылығы адамның жан-тәніне де әсер етіп, қоғамның өркениетіне өз үлесін қосатыны хақ. Шығыс Қазақстан халқының музыкалық өнеріне жататын сыбызғы аспабының Отаны осы Алтай өңірі екенін ғалымдар дәлелдеген. Оның түп тамыры алыс ғасырлардан басталып, Қазақстанның басқа облыстарына қарағанда Шығыс өңірінде 20 ғасырдың 70 жылдарына дейін сақталған. Осы өңірде кең тарағандығынан, Алтай сыбызғышылық дәстүрі, Алтай Тарбағатай тауын бойлап, Қытай, Монғолия аймақтарын қамтыған. Алтайдан Баян-Өлгейге дейін тараған сыбызғышылық өнер, үлкен үш мемлекеттің ортақ мәдени мұрасы болып отыр. Өкінішке орай, облысымызда сыбызғышы өнерін жалғастырушы жалғыз ғана сыбызғышы Серік Бақтыбаевты атаған жөн. Демек, сыбызғы өнерін облысымызда жаңғыртса нұр үстіне нұр жауар еді.

Бұғанға дейін де халық арасынан ән-күй мұрамызды жинақтаушылар болғаны мәлім. Ең алғаш қазақ халқының ән мен күй мұрасын жинақтаған композитор-этнограф Александр Викторович Затаевич, 1927 жылы «Қазақ халқының 1000 әні», және 1933 жылы «500 қазақ әні мен күйі» деген музыкалық шығармаларды халыққа ұсынған. А.В. Затаевичтің орасан зор еңбегі - қазақ музыка фольклорын көне заманнан 1930 жылға дейін жинап, тек әуенін нотаға түсіріп, оны талдап, бір жүйеге келтірген. Өкінішке орай, әндердің мәтіні жоқ, нотасымен бірге оның сөзі жазылмаған. Жалпы, кез келген аңыз – жырлардың бірнеше нұсқалары кездесетінін, осыған дейінгі жарияланған әндердің, жырлардың да бірнеше нұсқаларын экспедиция барысында кездестірдік. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Еңлік Кебек», «Қыз Жібек», «Ер Жәнібек» жырларының бірнеше нұсқасын көрдік. Сараптай келе, еліміздің білім қорында жоқ «Қарға батыр», «Бұқа батыр», «Қыпшақ сұлу», «Шакім – Шәкірт» т.б. жырлары, «Батыр қыз Жәнделі тарихы», «Ертіс қызы», т.б. аңыз - әңгімелері, орта және жоғарғы оқу орындарының оқулықтарын байытпаса, зиян келтірмейді деп ойлаймын.

Ата бабаларымыздың санасы жоғары деңгейде болғандығын: ұлтын, елін, жерін сүйгендігі болса керек, халқының өнерін ұрпағына жеткізу үшін, ғасырлар бойы жалғастырғандығы дәлелдейді. Уақыт өткен сайын, орындаушылар ән-жырдың ұмытылған жеріне өзінің жанынан шығарып қосып, түрлендіріп, ұмыттырмай жалғастырып отырғандығынан бірнеше нұсқа пайда болғандығы айғақ. Оны, бабаларымыздың талғамсыздығынан емес, олардың көрегендігінен, суырып салма ақын, сазгерлігінен, таланттылығынан деп түсіну керек. Десек те, архив жинау бір бөлек те, оны халықтың рухани дамуына жарату – осы жобаның ең негізгі мақсаты екенін назарда ұстаған жөн болар еді.

Әндердің мәтіні бейбіт заманды, табиғатты, тіршіліктің көңілді сәттерін, махаббат пен туған жердің сұлулығын жырласа, адам ғұмырының қысқа екенін есте ұстап, өмірді мәнді сүру керектігіне тәрбиелік кеңес береді. Ал, бұл әндердің қазіргі халық әндерінен тынысы, әуендік иірімдері, диапозонының кеңдігі, әуездік ерекшелігі тайға таңба басқандай ерекшеленеді. Жиналған халық әндерінің ішінен, 20 әннің мәтінін араб графикасынан кирилицаға аудартып, облыс әншілері 15 әнді ғана (А.В. Затаевичтің жинағына енбеген), халыққа жеткіздік. Ағайынды Абдуллиндер атындағы музыка колледжінің музыка мамандары З.Т. Есенбаева мен К. Х. Кунафинаның талдауы бойынша, аталған әндердің диапазон ауқымы кең, оларды тек кәсіби деңгейі жоғары әншілер шығарып орындай алады дейді. Жалпы, қазақ халқының көне заманнан бергі тарихы мен өнерін толық қамту мүмкін емес, жерден кен таппқандай әсер қалдырады. Айта кетсем, Алтай өңірінің ауыз әдебиеті, ән жырының желісі Турция, Қытай, Монғолия, Ресей жерінде де көрініс беріп жүргені құпия емес. Оны сол халықтардың шығармашылығынан байқау қиын емес. Осыған орай, Алтайдың халық әндерінің әуез ерекшеліктері (ұлттық колориті) зерттелмегендігінен десем, Шығыстың халықтық ән дәстүрі көне заманда –ақ адамның жоғары санасын дамытуға әсер еткенін көрсетеді. Шығыс Қазақстан облысының өзіндік ерекше «ән дәстүрі» болғанын, оның тамыры көне ғасырлардан тарайтыны анық.

Алайда, адам, табиғаттың ең жоғарғы жаратылысы болғаннан соң, оның ең бірінші мақсаты, адамдар арасында адами өмір сүруі. Сол үшін, ол адам мәнді іс-әрекеттер жасауы, өз елі мен жерінің мүддесіне, халқымен бірге өмір сүріп, оның өркендеуіне өз үлесін қосуы қажет. Бұл әрекеттерге, мінез құлқы қалыптаспаған адам жете алмайды. Оған жету үшін, ізденімпаздық пен қоса, ерік-жігер, күш-қуат, талантқа қосымша, оны жетелейтін қоса қайратың болуы керек. Өзі бақытты болу үшін, басқалардың да өміріне жақсылық жасау, қастандық жасамау, демек, әркім адамгершілік қасиетін дамыту қажет. Әр адамның санасының даму деңгейі арқылы жеке әлеуметтік және қоғамдық сана қалыптасады. Осыған байланысты, әр адамның әлеуметтік санасын дамыту қажеттігі туындайды. Өйткені - бұл әлемдік мәселе. Себебі: әлемнің әлеуметі - қоғамдардың әлеуметінен құралады, ал қоғамның әлеуметі жеке адамдардың әлеуметтік санасынан жиналады. Ал, әлеуметтік сананы қалыптастырудың үшін, ең алдымен адамдардың рухани талғамын дамыту қажет. Рухани талғам әр адамның ақыл-ойы, іскерлік қабылеті, жеке басының ар-ұятының үйлесімі арқылы келеді. Бұл қасиеттерге жету үшін: өзінің болмысың зерттеу және реттеу, ғаламды түсініп білу, рухани заңдарды ұғыну, мемлекеттің заңдарын орындау керек. Отбасы мен ұжымды, елін, жерін қадірлеу, ара-қатынас мәдениетін игеру, білім мен ғылымға ұмтылыс жасау, басқа халықтардың мәдениетін құрметтеу, олардың мәдениетін білу арқылы адамның мінез-құлқы, жоғары санасы қалыптасады. Қоғамды үлкен ұжым, Отанды ұямыз деп түсінсек, осы ұжымның, оның әр мүшесінің ой-санасынан, талпынысы мен ізденімпаздығынан, көңіл күйі мен таланттылығынан елдің бірлігі тұрақталады. Бірлік бар жерде бейбітшілік бар, бірлік бар жерде өркениеттік даму бар. Адамның бұл құндылықтары жылдар бойы рет ретімен үйлеседі, саты-сатысымен дамиды, мәдениеттендіру арқылы әр деңгейге көтеріліп, мәңгі ел азаматы қалыптасады. Өткен уақыт мен бүгінгі уақытты салыстыра келе, қазіргі Шығыс Қазақстан халқына да осы әлеуметтік сананы қалыптастыру үшін, осы жоба аясында халықпен терең және жүйелі жұмыс жасау қажеттігі анық көрінді. Сол үшін, әр адам өзінің жанын рухани жаңғыртқаны жөн болар еді, «Рухани жаңғыру» мәселесіне жете қарағаны, терең түсінуі жақсы іс болар еді.

Қазақ халқының тереңде жатқан бай мұрасын халықтың дамуына пайдалану, жас ұрпақтың білім қорын байыту, келешек ұрпаққа жеткізу ата-бабамыздың: Артымызда, ісімізді жалғастыратын ұрпақ қалсын деп тілеген тілеуі, берген батасының қуаты болса керек!

Бағдат Оразбайқызы Есдаулетова

Композитор. ҚР мәдениет саласының үздігі.

ҚР «Бірлік» алтын медалінің иегері.

ҚР мәдениет саласының үздігі.

ҚР «Бірлік» алтын медалінің иегері.

Қазақстан театр қайраткерлерінің мүшесі.

Бүкіләлемдік психологтар, дәрігерлер мен

халық емшілер ассоцияциясының мүшесі.


 


 


 




Көрілген: 823    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.11.2018, 13:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31