Рухани жаңғыру

Тәуелсіздік сарайының ұйымдастыруымен Ақтөбеде «Ақ тілекпен, Астана» көрмесі өтіп жатыр

  • Тәуелсіздік сарайының ұйымдастыруымен Ақтөбеде  «Ақ тілекпен, Астана» көрмесі өтіп жатыр

    Тәуелсіздік сарайының ұйымдастыруымен Ақтөбеде «Ақ тілекпен, Астана» көрмесі өтіп жатыр

Ақтөбеде Астананың 20 жылдығына орайластырылған Қазақстанның өңірлеріндегі Елорданың мәдени күндері аясындағы алғашқы концерттер өтіп жатыр. Үш күн бойы жергілікті өнер орталығында Тәуелсіздік сарайы ұйымдастырып отырған «Ақ тілекпен, Астана» көрмесі ашылды, - деп хабарлайды Алаш айнасы Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.


Экспозицияға ең жарқын, түрлі жанрларда еңбек ететін және көрнекті қазақстандық 50 суретшінің 100-ден аса бірегей туындысы енген. Оның ішінде С.Смағұлов, М.Бекеев, Р.Құлбатыров, С.Аллабергенов, Н.Қаржасов және басқалары бар. Мұнымен қоса, көрмеде Жанна Спунердің жеке коллекциясынан алынған еңбектерді, астаналық шеберлердің мүсіндері мен картиналарын көруге болады. Елордалық көрмені тамашалауға келген қонақтар отандық қылқалам шеберлерінің шығармашылық әлеуетіне, олардың даралығы мен кенепте көрініс тапқан қоршаған ортаны бейнелеу өнерлеріне өз бағасын береді.


Сонымен қатар, көрмеде авторы Өмірбек Тілеулиев болып табылатын «Елім-ай» сериясы көпшілік назарына ұсынылып отыр. Оның еңбектерінен қазақ халқының өткенімен танысуға болады.


Айта кетейік, экспозиция Қазақстан бойынша барлық облыс орталықтарында өткізіледі.




Көрілген: 5451    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.05.2018, 02:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30