Ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және қоршаған орта

Төтенше жағдай кезінде еліміздегі егін егу науқаны тоқтамайды

  • Төтенше жағдай кезінде еліміздегі егін егу науқаны тоқтамайды

    Төтенше жағдай кезінде еліміздегі егін егу науқаны тоқтамайды

Қытайдан шыққан аты жаман вирус әлем экономикасына қатты соққы жасағанын мамандар жарыса жазуда. Пандемияның экономикаға ықпалынан көптеген мемлекеттер шығынға ұшырады, дүние жүзінде сауда айналымы тоқтады. Қазақстанды айналып өтер деп қанша үміттенсек те, короновирустан біз де құтыла алмадық. Бұл індеттің елімізде таралуы малдың аузы көкке, халықтың аузы аққа тиетін, жердің тоңы жібіп, егістік науқаны басталатын уақытқа тап келіп отыр. Міне, еліміз бойынша төтенше жағдай жарияланғалы да бір айдай уақыт болды. Десек те, еліміздегі карантинге қарамастан көктемгі егіс жұмыстары басталып та кетті.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс жұмыстары еш кедергісіз жүргізілетінін ескертті. Үкімет басшысы көктемгі егіс науқанына қатысты бірқатар тапсырма жүктеген болатын. Ал Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жергілікті атқарушы органдар өкілдеріне облыстағы егін науқанына қатысты жағдайды ашық айтуға және министрлікке нақты ақпарат беруге шақырды. ҚР АШМ жергілікті атқарушы органдарға фермерлерге қажетті рұқсатнамаларды жылдам беруді, диқандарға қажетті көліктер мен техникалардың блокпосттардан кедергісіз өтуін қамамасыз етуді талап етті. Қазіргі уақытта егіс науқаны еліміздің оңтүстік өңірлерінде - Жамбыл, Түркістан, Алматы және Қызылорда облыстарында басталып кетті. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарында тұқым толық көлемде себілмеген, шамамен бірнеге күнде осы өңірлерде де жұмыс қыза түспек.
Солтүстік және орталық өңірлерде жаздық дәнді дақылдарды егу 15-30 мамыр аралығында, батыс және оңтүстік өңірлерде сәуірдің үшінші онкүндігінде және мамырдың бірінші онкүндігінде, шығыс өңірде: таулы аймақта 30 сәуірден 25 мамырға дейінгі аралықта, құрғақ дала аймағында 15-25 мамыр аралығында жүргізіледі. Солтүстік өңірде майлы дақылдарды егу 20-25 мамырда, орталық, батыс және шығыс өңірлерде 5-15 мамыр аралығында, Павлодар облысында 1-15 мамыр аралығында жүзеге асырылады. Көп жылдық шөптерді егу қар ерігеннен кейін ерте көктемде барлық жерде жүргізіледі.
Мемлекет басшысы атап өткендей, көктемдегі егіс жұмыстары қысқа агромерзімде қаншалықты сапалы өткізілсе, соншалықты өнім де мол болады. Егіннің бітік шығуы елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіні белгілі.

Ұлан Қасымбек, экономист, сарапшы маман: Қазіргі таңда еліміздегі ауыл шаруашылығы саласы жаңа технолигямен жұмыс істеуі қажет. Соның аясында мемлекет ортаға компания салмай, тікелей жергілікті әкімдіктердің құзырына жауапкершілік артып, жауапты орган ретінде бөлінген қаражатқа байланысты өнім талап етуі маңызды. Диқандардың карантин уақытында жұмыстарын жалғастыруы үшін оларға уақытылы медициналық жәрдем көрсетіліп, дизинфекця жұмыстарын жүргізіп, барынша қолдау көрсету қажет.

Сарапшының айтуынша, ауыл шаруашылығы лайықты қолдау көрсметілмесе, азық-түлік, көкөніс тапшылығы болады, баға қымбаттайды. Себебі көкөністің 40 пайызы, кептірілген жеміс-жидек, өрік-мейіздің 80 пайызы елімізге сырттан келеді.


2020 жылы ауылшаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 22.5 млн гектарды, дәнді дақылдар алаңы 15.2 млн гектарды құрап отыр. Оның ішінде бидай алаңы 11.4 млн гектар. Еліміздегі егіс алқаптарын әртараптандыру және жоғары рентабельді дақылдар өсіруге көшу бойынша жұмыстар да жалғасуда. Осыған орай, 3 млн гектар майлы дақылдар егіледі. Ал көкөніс пен картоп алаңдары 19 мың гектарға, азық дақылдары алаңы 309 мың гектарға ұлғайды.
Егіс жұмыстарын жүргізуге Энергетика министрлігінің келісімі бойынша 387 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ауа райының күрделі жағдайларын ескере отырып, ауыл шаруашылығы министрлігі қосымша 10 мың тонна бөлуді ұсынды, бұл барлық өңірлердің дизель отынына деген сұранысын толық жабуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін республикалық бюджеттен 70 млрд. теңге бюджеттік несие бөлді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 10 млрд. теңгеге жоғары. Түпкілікті қарыз алушылар үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5%-дан аспайды.
Шаруаларға несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ екінші деңгейлі банктердің, кредиттік серіктестіктердің, өңірлік инвестициялық орталықтар мен микроқаржы ұйымдарының кепілдігі арқылы тікелей берілетін болады.
Аграрлық несие корпорациясының қаржыландыруы арқылы 3 млн. га алаңда егіс салатын, жалпы саны 2 400 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне несие беру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта 56 млрд. теңге сомасына 1 516 өтінім қабылданды, 22,9 млрд. теңге сомасына 1,4 млн. га алаңды қамтитын 258 өтінім қаржыландырылды.

Жалпы, кез келген мемлекет, ауыр дағдарыстан кейін әлем ауылшаруашылық саласына жаңа көзқараспен қарай бастайды. Бұл тарихтан белгілі.
Бүгінгі қиын-қыстау жағдайда қай мемлекеттің басшылығы болмасын экономика және халық денсаулығы деген екі мәселеге қатты алаңдаулы. Қазақстанның Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та 31 наурыз күні жасаған мәлімдемесінде мемлекеттен қолдау жасалатын салаларды атап өтті. Оның ішінде Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілетіні айтылды. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ауыл шаруашылығын қолдауға блюджеттен қосымша 70 миллиард теңге бөлінетін болды. Яғни, жұмыссыз қалған азаматтардың егін егіп, жермен айналысуға тәуекел етуіне әбден болады деген сөз. ⠀


Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бойынша жер салығын жылдың соңына дейін төлемейді. Сондай-ақ, биологиялық активтерінің импорты жылдың соңына дейін қосылған құн салығынан босатылды.

 Айнұр Нүрсабет




Көрілген: 256    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.04.2020, 00:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31