Рухани жаңғыру

Түрікменстандағы достастық форумында Маңғыстау облыстық музейі көрме ұйымдастырды

  • Түрікменстандағы достастық форумында Маңғыстау облыстық музейі көрме ұйымдастырды

    Түрікменстандағы достастық форумында Маңғыстау облыстық музейі көрме ұйымдастырды

Маңғыстау облысына келген қонақтарды қызықтыратын тарихи орындар мен қатар әдемілігімен көз тартар жерлер де өте мол екенін айтқан жөн. Өңірдегі осындай ерекшелікті келген қонақтарға таныстырып отыру үшін Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жақсы жұмыс істеп келеді. Одан басқа да атқарып жатқан игі істері баршылық. Соның бірі ретінде айтар болсақ жақында Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Түрікменстан Республикасының Түрікменбашы қаласында өткен көршілес қос мемлекеттің достастық форумы аясында Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі көшпелі көрмесін жасақтап, көпшілік назарына ұсынған болатын.

Көрменің негізі тақырыбы «Маңғыстаудың дәстүрлі қолөнері» деп аталды. Көрмеге музей қорынан таңдаулы 86 жәдігер қойылды. Олар дәстүрлі қолөнердің жауһар жәдігерлері – ұлттық киіз үйдің жүннен жасалған тұскиіз, сырмақ, басқұр, шашақтар сияқты жабдықтары, ұлттық киім үлгілері, ағаш пен теріден жасалған тұрмыстық бұйымдар, күмістен соғылған зергерлік әшекейлер болатын. Көрмені Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов пен Балқан уәлаятының хакімі С.Сатлыков бірге тамашалап, жоғары бағаларын берді.

Бұл шара екі ел арасындағы туысқандық байланысты нығайтып, мәдениет пен өнер саласындағы байланысты тереңдете түсуге ықпал еткені даусыз. Маңғыстау шеберлерінің күмістен соғылған зергерлік әшекейлері мен дәстүрлі ұлттық бұйымдарын тамашалау арқылы көрмеден екі ел дәстүрлеріндегі ұқсастық пен үндестікті, көршілес елдер қолөнерінің домбыра мен дутардың қос ішегіндей бірдей өрілгенін көруге болады. Бұл көрші мемлекеттердің дамуы мен өркендеуіне ерекше серпін беретін, бірлік пен ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түсетін маңызды мәдени шара деуге болады.

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы туралы негізгі мәліметтерген тоқаталып өтейік. Бұл мекеме республикамыздағы іргелі мәдени орталықтардың бірі. Мұражай негізі 1975 жылы қаланған. Маңғыстау өлкесінің ежелгі тарихы, ерекше этнографиасы, осы өлкеге ғана тән қайталанбас айшықты архитектурасы, табиғаты, түбекке белгілі тарихи тұлғалар туралы кең мағлұмат беретін 52 мыңнан астам жәдігерлер осында сақталған. Олардың ең таңдаулылары мұражайдың көрме залдарына қойған. Бүгінгі таңда мұражайдың екі филиал бар: Жаңаөзен қалалық мұражайы, Маңғыстау аудандық өлкетану мұражайы. Қазіргі таңда мұражай жанынан «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Маңғыстау мұралары» атты орталығының құрылысы салынуда. Бұл орталық мұражай қорындағы қазақ этнографиясының бай коллекциясын пайдалана отырып, өлкенің тарихы мен этнографиясын, Маңғыстау өлкесінің тұрғындарының тұрмыс салтындағы ерекшеліктерін жан-жақты ашуды алдына мақсат етеді. Орталықтың экспозициялық залдарында Маңғыстау тұрғындарының шаруашылығы мен қолөнері, зергерлік өнерінің тарихы мен дамуы көрініс табады. Орталыққа келуші туристер осы өңірді мекендейтін қазақ халқының бай ақындық, жыршылық, рухани, тарихи, мәдени, әдеби мұрасымен жіті танысуға мүмкіндік алады. Бұл орталық тек қана мұражай экспозициясы емес, сонымен бірге қолөнер шеберлерінің өз туындыларын көрсететін, күйші-жыршылардың табиғи әуендерін еститін және т.б. Маңғыстау мұрасына қатысы бар дүниелердің орталығы деуге болады.

Сонымен қатар мұражайда Каспий теңізінің флорасы мен фаунасына арналған зал жұмыс істейтінін де айтпасқа болмас. Бұл зал да мәліметтерінің молдығымен және жәдігерлерінің ерекшелігімен өзіне жұртшылық назарын бірден аудартады.

Өлке байлығын зерттеу нәтижесінде табылған пайдалы қазбалар, Маңғыстау жартыаралын зерттеуші ғалымдар туралы мәліметтер, өлкеміздің өте ерте ғасырлардан қалған геологиялық суреттемелер, ерекше фауна және флора коллекциялары мұражай қорында сақталып, экспозициясында көрмеленген.

Келушіліердің қызығушылығын арттыратын тағы бір нәрсе Каспий теңізінің балықтардан басқа тұрақты мекендеушісі - итбалық. Олар қаңтар, ақпан айларында күшіктейді екен. Олар ақ күшіктер деп аталады. Ересек ақбалықтың дене тұрқы 120-140 см,салмағы 65-70 кг. Оның 50 пайызы май. Итбалық біздің жерімізде терісі үшін ауланады. Терісінен бағалы тондар тігіледі,майынан әр-түрлі кремдер өңделініп алынады. Итбалық-шаян, молюскілермен қоректенеді.

Каспий теңізінде қысты күндері көптеген құстар қыстап шығады. Мына диарамадан сыбырлақ аққу,қылаң шағаланы және айдарлы сүңгуірлерді көруге болады. Аққу қанат қағып ұшқанда,сыбырлаған дыбыс шығаратын болғандықтан «Сыбырлақ аққу» деп аталады. Ал, қылаң шағала туралы профессор Долгушин «Шағала жындының рөлін ойнап тұрған актердей күледі» - деп жазады.

Еліміздің мәдениет саясаты тұжырымдамасында музей инфрақұрылымын жаңғырту, олардың қорларын кеңейту бойынша қажетті шаралар көзделегені белгілі. Осы бағдарлама аясында бұл сала жақсы дамып келеді деуге анық негіз бар екенін мұражайларда атқарылып жатқан жұмыстарға осындай қарап айтуға болады.


Таңат Жайлау




Көрілген: 3750    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.05.2018, 12:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31