Ұлы дала талай ұлыларды дүниеге әкелгенін біз жақсы білеміз

Ұлы дала талай ұлыларды дүниеге әкелгенін біз жақсы білеміз

 «Ұлы» сөзі мен «қазақ» сөзі санамызда жаңғырып сақталып қалған. Ұлы адам, ұлы халық, ұлы дала... «Ұлы» деп аталуымыз кімнің арқасы? Әрине, ол ұлы бабаларымыз бен даналарымыздың арқасы, сол азаматтардың даламызды ұлы еткендігінің арқасы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында да ұлтымыздың ұлыларын ұлықтауға ерекше мән берген.

Қазақ даласы – тарихта қалған ұлылардың алтын бесігі болған қасиетті мекен. Қазақ халқының маңдайына біткен ұлы тұлғалар көп болған. Ұлы дала талай ұлыларды дүниеге әкелгенін біз жақсы білеміз. Солардың ішінде атап айтатыны: қазақ хандығының негізін салушы Керей мен Жәнібек, үш жүздің басын қосқан Абылай хан, қазақтың соңғы ханы Кенесары, қазаққа хат танытқан Ыбырай, алты алаштың қамы үшін күрескен Әлихан, қан кешіп өз елін қорғаған Бауыржан, әділ басшы болуды үлгі етіп көрсете білген Қонаев сияқты кемеңгерлерді тізіп айтар болсақ, таң шұғыласын жанарымызбен көреміз, бұл қуантарлық дүние. Міне, біз осындай қазақтың маңдайына біткен бақ құстарын «ұлы адам» деп басымызды тік көтеріп толықтай айтуға құқылымыз.

«Ұлы» деп отырғанымыз кімдер? «Ұлы» деген дәрежеге жеткізген қай еңбектері болды екен? Керей мен Жәнібек сұлтандар 1465-1466 жылдары көшпелі халықтың басын қосып, Батыс Жетісу жерінде хандықтың негізін қалаған. Қазақ халқының шекарасын қалыптастырып, оны кеңейтуге тер төккен. «Ұлыдан ұлы туса игі» демекші, тақ Жәнібек ханның тұңғышы Қасым ханға бұйырды. Қасым хан өз кезегінде хандыққа қуаттылық ұғымын саналарына құйдыртты. Аталарының жолын жалғастырып шекараны кеңейте түсті. «Бөлінбе жүзге, қазағым! Өзгенің алып мазағын!» деп үндеп кеткен Абылай хан, сөзін ісімен дәлелдей білген, бас басына би болған үш жүздің басын қосқан нағыз «ұлы» азамат. Абылай хан қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін екі жақты саясат жүргізді.

Осы ұстанымдарды біріктіре біліп, Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтап қалу үшін, қара қазан сары бала қамы үшін ғаріп басынан айрылған соңғы ханымыз Қасымның Кенесарысы болатын. Кенесары бастаған 10 жылға созылған патшалық Ресейге қарсы ұлтазаттық көтерілістің кезеңінде есімі аталмай кеткен ұлыларымыз қаншама. Ол 1847 жылы 32 сұлтанмен бірге Кекілік Сеңгірде қырғыз манаптарының қолынан қаза табады. 1835 жылдың күз маусымының қарашасында «Ұлы» ғалым Шоқан Уалиханов дүние есігін ашады. Шоқанның «ұлы» ғалым атану жолында жасаған еңбегі орасан зор. 1857 жылы Алатау қырғыздарына сапар жасап, Гиннесс рекордтар кітабына көлемі жағынан енген әлемге әйгілі «Манас» жырын қағазға түсіреді. 1858-1859 жылдары Шоқан өзін әлемге әйгілі еткен Қашқар саяхатын жасады.

Қазақ баласын партаға отырғызып, қолына қалам ұстатқан «ұлы» ұстаз Ыбырай Алтынсарин болатын. Қазақ баласы үшін аянбай еңбек етіп, ұлт болашағы үшін «Қырғыз хрестоматиясы», «Қырғыздарды орыс тілінде үйретуге негізгі басшылық» атты оқу құралдарын жазып шықты.

Ыбыраймен замандас болған ұлылардың ұлысы Абай Құнанбайұлын атап өтпесімізге хақымыз бар ма біздің? 45 қара сөзімен төрткіл дүниежүзіне ұлы болған Абай – дана Абай, дара Абай. ХХ ғасырдың басында шоқ жұлдыздай жанып қасына сенімді серіктестерін жинап көш басына Әлихан Бөкейханұлы шықты.

Әлихан Бөкейханұлы Алаш партиясын құрып қазақтың жеке дербес мемелекет болуын көздеді. Сонымен қатар патшалық Ресейдің ішкі және сыртқы саясатына араласты. Және де осы уақытта өмір сүрген қазақтың біртуар «ұлы» тұлғасы Мұстафа Шоқай жайлы айтпай кету айып болмақ. Мұстафа Шоқай Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамау негізінде бой көтерген Түркістан автономиясын құрады. Алаш Орда өкіметімен бірігіп, ұлтымыздың жағдайын түзеуді жанына міндет етіп қараған бірден-бірегей «ұлы» тұлғамыз Мұстафа Шоқай еді. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығына қарсы атқа мініп, жастарды тыл азабынан қорғап қалған батыр бабаларымызды «Ұлы тұлға» деп айтпасқа болмас.

Олар 61 жаста атқа мінген Ұзақ Саурықов, 78 жастағы Жәмеңке Мәмбетов сынды бабаларым Жетісу жастарына араша болса, Торғай жастарын Амангелді Иманов, Кейкі батырлар қорғап қалды.

Біраз жыл өте келе 1941-1945 жылдары Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Сағадат Нұрмағамбетовтер соғыс алаңында қазақ жерін ғана емес, одақтас 15 республика жерін жаудан арашалап қалды.

1986 жылы қақаған қыста Орталық Комитеттің шешіміне қарсы, желтоқсанның 16-18 жұлдызында жалынды жастар қазыл алаңға шығып, елді есеңгіреткен «Желтоқсан» оқиғасын бастан кешірді.
Ел есінде өшпес қызмет атқарып кеткен азамат-азаматшаларымыз баршылық: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асановалар, Т.Тәшенов, К. Күзембаев, Е.Сыпатаев және т.б. 86-ншы жылдың желтоқсанының ызғарына ұшыраған бұл жандар қасқалдақтың қаны, бозторғайдың жаны қалғанша демдерін үзбеген «ұлылар». Міне, бұл атап айтқан тұлғалардың бәріне «Ұлы даланың ұлы есімдері» деген атақты қосып айту әр қазақ үшін үлкен мақтаныш, міндет. Бұл ұлы жандардың халқымыз үшін істеген істері орасан зор. Халық жадында сан ғасырға сақталар еңбектері ауыздан ауызға аңыз болып жете бермек. Жоғарыдағы бабаларымыздың жолын ұлы даламыздың жастары дұрыс ұстана білсе, нұр үстіне нұр болар еді.

А.Мұқарам

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста