Рухани жаңғыру

Ұлытауда материалдық емес мәдени мұраны қорғау мәселелері жөніндегі семинар өтті

  • Ұлытауда материалдық емес мәдени мұраны қорғау мәселелері жөніндегі семинар өтті

    Ұлытауда материалдық емес мәдени мұраны қорғау мәселелері жөніндегі семинар өтті

Қарағанды облысы Ұлытау ауылындағы «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында дәстүрлі «Терісаққан көктемі» фестивалі аясында «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау: халықаралық тәжірибе және келешек» атты семинар өтті, - деп хабарлайды Алаш айнасы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Семинарды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР ИСЕСКО және ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитетінің эгидасында, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы ұйымдастырды.


Шара барысында Қазақстандағы материалдық емес мәдени мұраны түгендеу және сақтау саласында қорық-мұражайлар жұмысының маңыздылығын арттыруға қатысты бірнеше мәселелері талқыланды. Жалпы семинар ғылыми білім беру және танымдық сипатта болды. Сондықтан онда ғылыми және методикалық сауалдар, материалдық емес мәдениетті насихаттау және дамыту, сақтау саласындағы практикалық жетістіктер мен осы процестегі қорық-мұражайлардың атқарған жұмыстары да сөз болды.


Сонымен қатар, мұражай жұмысы аясында материалдық емес мұраны тіркеуді дамыту жолдары анықталды. Оған Қазақстан және Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінің мәдениет саласының қызметкерлері, материалдық емес мәдени мұра бойынша ЮНЕСКО-ның сертификаттары бар сарапшы-фасилитаторлары қатысты.


Семинар нәтижесінде және жұмыс тәжірибесін талқылау барысында қорытынды жасалынды, сондай-ақ семинарға қатысушылардын болашақтағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық әрекеттері жайлы және алынған аналитикалық материалдарды практикалық қолдану, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.


Ұлытау жөнінде айтар болсақ — еліміздің тарихи және географиялық орталығы жіне Еуразия құрлығындағы мәдениет тарихында ерекше орын алатын аймақ болып саналады. Қазақ хандарының ата-бабасы Жошы ханның және аты аңызға айналған қазақ жүздерінің негізін қалаушы Алашаханның мазарлары осы өңірде.  


Алаш айнасы 




Көрілген: 5282    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.05.2018, 16:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31