Ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және қоршаған орта

«Заманауи жүргізуші» акциясы Түркістан қаласында өтті

  • «Заманауи жүргізуші» акциясы Түркістан қаласында өтті

    «Заманауи жүргізуші» акциясы Түркістан қаласында өтті

«Азамматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалның Түркістан қалалық мамандандырылған бөлім қызметкерлері «Заманауи жүргізуші» атты акциясын Түркістан облысы, Түркістан қаласының «Сауран» автокөлік сату базарында өткізді.
Облыс орталығынан бастау алған Акция барысында корпорация қызметкерлері автокөлік сату және сатып алуға келушілерге электронды үкімет порталын пайдалану және портал көмегімен автокөліктеріне «Азамматтарға арналған үкімет» бөлімдеріне бармастан көлік құралдарын есепке алу және есептен шығару, жүргізуші куәліктеріне онлайн тапсырыстар беруді, сондай-ақ Телеграмм жүйесінде EgovKzBot, Mgov бағыты бойынша қызметтер алу жолдарын үйретіп, ақпараттық брошюралар таратты.
Акцияға қызыға қатысушылар саны бұрынғыдан да арта түсті. Сонымен қатар жүргізушілер онлайн-қызметтер алудың жолдарын үйрене отырып, өздеріне қажетті анықтамаларын, электронды үкімет порталы туралы көптеген сұрақтарына ұтымды жауаптар алды.
«Қазіргі таңда Республикамызда 723 мемлекеттік қызмет түрі бар болса, соның 580 электронды үкімет порталы арқылы өтеді. Осы себепті халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында корпорация тарапынан осындай акция, оқыту семинарларын көптеп өткізудеміз. Соның арқасында өңірімізде электронды түрде қызмет алушылар саны артты. Алдағы уақытта бұл іс-шара облысымыздың басқа да аудандарын қамтитын болады»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының Түркістан қалалық мамандандырылған бөлім басшысы Бағдат Надиркулов.

Айта кетейік, жыл басынан бері мобильді азаматтар базасында 422772-нан астам түркістандық тіркелген. Ал Түркістан облысы мамандандырылған ХҚО жыл басынан осы күнге дейін 69808 автокөлік тіркеу және 9391 жүргізуші куәлігіне өтініш қабылдаған.

 


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметі.

 




Көрілген: 504    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.12.2019, 08:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30